10-сынып «Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Бөлім



бет1/2
Дата15.12.2022
өлшемі25,84 Kb.
#57456
  1   2


10-сынып «Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Бөлім: Сөз қалай түрленеді? (А. Байтұрсынұлы, А.Ысқақов, С.Исаев, Ы.Маманов т.б. ғалымдардың еңбектерінен алынған мәтіндер) Зат есім. Есімдік.
Заттың сыны мен саны (сын есім мен сан есімді зерттеген ғалымдардың мәтіндерінен үзінділер). Сын есім. Сан есім.
Түрленімге бай сөз табы (етістікті зерттеген ғалымдардың еңбектерінен үзінділер). Етістік
Мәтінтану
Тапсырма



  1. Мәтінді мұқият оқыңыз.

Қазіргі қазақ тілінде етістіктің осы шақ категориясын оқытуда бірізділік жоқтың қасы. Әсіресе, нақ осы шақтың екі түрін де қалып етістіктеріне теліп алып, жалпы шаққа тән ережелер мен етістіктің өзіне арналған қағидаларға қайшы келетін тұстарға мән беруді оқыту үдерісі барысында назардан жиі тыс қалдыратын болдық.


Академик Н.Сауранбаев: «Нақтылы осы шақ көсемшенің -ып, -іп, -п жұрнақты түріне жүр, жатыр, тұр, отыр етістіктері жалғасуы арқылы жасалады», - дейді (2). Нақ осы шақтың жай түрі туралы (қалып етістіктерінің тікелей жіктелуі туралы) бұл еңбекте сөз де болмайды. Ал профессор Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде» нақ осы шақтың орнына дәл осы шақ терминін қолданады да, оны төрт түрге бөледі: жалпы осы шақ (Бейімбет пьеса жазып жатыр), кәдімгі осы шақ (Бейімбет кітап жазып жүр), қазіргі осы шақ (Бейімбет кітап жазып отыр), әзіргі осы шақ (Күн құйып тұр). Бұл еңбекте де көсемше тұлғалы етістік пен төрт қалып етістігі жалғасып келіп, осы шақты білдіреді. Нақ осы шақтың жай түрі туралы пікір айтылмайды (5).
Профессор М.Оразов етістіктердің лексика-семантикалық топтарын анықтай келіп, оның біріне қалып-сапа етістіктерін жатқызады: сапаның өзгеруі – ұзаю, азаю, сөну; қалып-күйді білдіруі - азу, толу, қисаю; таза қалыптық мәнді білдіруі – отыр, тұр, жүр,жатыр (6). Әрине, бұл тұста таза қалыпты білдіретін етістіктің жатыр түрін жат күйінде берген орынды болар еді. Сонда қалып етістіктері нағыз етістік қалпына түсіп, екінші жақтағы бұйрық қызметін (түбір тұлғада) иеленеді. Жеке тұлғада да, көмекші мәнде де етістіктің негізгі формаларын қабылдап, шақтың барлық түрлерінің қызметін атқарар еді (нақ осы шақтың жай түрінен басқасын). Бүгінгі біз оқытып жүрген оқулықтардың бәрі төрт қалып етістігін түбір күйінде тікелей жіктелуімен ерекшелейді (мен тұрмын, ол отыр). Бірақ олардың көмекші қызмет атқарғанда да тікелей жіктелетініне назар аудармайды (мен тыңдап тұрмын, мен сөйлеп отырмын).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет