Тақырып-3. Презентация. Жоғарғы және төменгі жақ үлкен
азу тістердің
анатомиясы. –молярлар.
5. Үлкен азу тістер
Жоғарғы бірінші үлкен азу тіс - пішіні ромбыға ұқсас,төрт шайнау төмпешігі бар,бір-бірімен «н»
әрпіне ұқсас сайларымен бөлінген.Кейде алдыңғы таңдай төмпешігімен
қатарласа қосымша
Карабелли төмпешігі орналасуы мүмкін.Түбірі -үшеу.
6.
Жоғарғы екінші үлкен азу тіс - көлемі біріншіден кішірек.
Сауытының пішіні әртүрлікке ие
және
4 варианты бар:
1) бірінші үлкен азу тіске ұқсас;
2) таңдай-ұрт бағытында созылған ромбыға ұқсас;
3) шайнау бетінде үш төмпешігі бар,үшбұрыш жасап орналасқан (бір таңдай, екі ұрт);
4) шайнау бетінде үш төмпешік бір сызықтың бойында
орналасқан, тіс сауыты таңдайұрт
бағытында созылған. Түбірі -үшеу.
7.
Үшінші жоғарғы үлкен азу тіс -Пішіндері мен көлемдері әртүрлі болады,шайнау бетінде
3,4 кейде 5-6 төмпешіктер болуы мүмкін,тіпті бір-ақ төмпешікті,пішіні штифтке ұқсас
болуы мүмкін.Түбірлер саны да тұрақсыз
біреу кейде бірнешеу болады
де кездеседі. Түбірлері жақсы дамыған.
Тістердің гистологиялық құрылысы
Тіс кіреукесі - өте жоғары минералданған қатты тін.Оның 95% минералды негізден,апатит
кристалдарынан тұрады. Апатиттер формуласы-Ca10(PO4)10Х2,"Х"әртүрлі
иондарды көрсетеді (ОН;СО3;F).
Апатиттердің 75% гидроксиапатит,6 %карбонатапатит,4-фторапатит құрайды.
Кіреукенің құрылымдық бірлігін
призмалар құрады. Олар тіс бетіне тік (перпендикулярлы)
орналасқан және бағыттары түзу емес
, «S» әрпіне ұқсас иілімдер құрады және
шоғыр құра орналасады.Жұқа кесілген кіреуке шлифінде призмалардың көлденең және тік
кесілуіне сәйкес жарық және қараңғы жолақтар қатарласа орналасады(Шрегер
жолақтары-полосы Шрегера).
Кіреукеде тонгенциальды бағытта орналасқан Ретциус жолақтарын анықтауға болады.Тістің
көлденең кесіндісінде олар сары немесе қоңыр түсті шеңберге ұқсап орналасады
және кіреукенің минералдану реттілігін көрсетеді.Кіреуке призмалары
арасында органикалық
заттар кіреуке шоғыры (эмалевые пучки),кіреуке пластинасы (эмалевые пластинки)
және кіреуке ұршықтары (эмалевые веретена) түрінде кездеседі.
Тіс дентині.
Дентиннің құрамына сүйек сияқты 7072% кальций тұздары кіреді.Дентиннің
негізгі затын коллаген құрайды да, кальций тұздары олардың бойын қуалай шөгеді
және ұсақ шар пішіндес құрылымдар түрінде орналасады.Шарлар арасында
органикалық заттардан тұратын минералданбаған кеңістік шарлараралық
кеңістік (интерглобулерное пространство) деп аталады.
Дентиннің құрылымдық бірлігі болып дентин өзекшелері саналады.Олар
жіңішке трубкаларға
ұқсас,тіс ұлпасынан кіреуке мен цементке радиальды бағытта «S» әрпіне ұқсас иілімдер
құра және тармақтана орналасады.Дентин өзекшелерінде одонтобласттардың ұзын
өсінділері орналасқан.Кейде дентин өзекшелері ондағы өсінділерімен бірге кіреуке қабатына өте
аяқталады және ұштары қалыңдап ұршыққа ұқсас құрылым жасай бітеді және олар кіреуке
ұршықтары (эмалевые веретена) деп аталады.
Дентиннің ұлпаға қараған ішкі бетінде жұқа минералданбаған белдеу бар
және ол предентин деп
аталады. Дентинде коллаген талшықтары екі бағытта орналасқан.Сыртқы қабатында радиальды
бағытта Корф талшықтары (жабынды дентин),ұлпаға жақын қабатында
тангенциальды бағытта Эбнер талшықтары (ұлпа маңындағы дентин).
Тіс цементі-тіс түбірін жауып тұрады,сүйекке ұқсас тін.Цементтің қалың қабаты түбірлер
айырығында және ұштарында анықталады.Негізгі заты коллаген талшықтары өтетін органикалық
зат.Талшықтар әртүрлі бағытта,көбінесе радиальды бағытта орналасқан.Радиальды
бағытты
талшықтар периодонтқа өтіп,альвеола сүйегінде аяқталады және Шарпив талшықтары деп
аталады.Цементтің екі түрін ажыратады: клеткасыз және клеткалы.Клеткалы
цементте цементоциттер кездеседі,ол түбір ұшында түбір айырықтарында орналасады.
Әдебиеттер:
Боровский Е.В. және б., Терапевтическая
стоматология. М.Медгиз 2002,2007
Боровский Е.В.,Макеева И.М.,Вагнер
В.Д. Терапевтическая стоматология
М.,2002.
Магид Е.А.,Мухин Н.А. Атлас по
фантомному курсу М.Медицина ,1996.