10 тақырып. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этиксы



Дата04.04.2022
өлшемі62,79 Kb.
#29764

Дәріс тақырыбы: Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы

Кәсіпкерік мәдениеттің мәні мен мағынасы

Кәсіпкерлік мәдениеті кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Мәдениет – адамдардың өндірістік, қоғамдық және рухани қажеттіліктерінің жиынтығы. Кәсіпкерлік мәдениет – субъектілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Ол елдегі ( қоғамдағы) қолданыстағы құқықтық нормаларға, бизнесті жүзеге асыру кезіндегі іс-әрекет нормаларына, іскерлік дағдыларға, этикалық және адамгершлік ережелеріне негізделеді

« Кәсіпкерлік мәдениет» түсінігінің мазмұнын мынадай 3 құрамдас бөлік ( компонент) арқылы анықтауға болады:

  • 1. Кәсіпкердің бизнестің құндылықтары туралы түсінігі
  • 2.Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлық ( іс- әрекет) нормалары мен ережелері.
  • 3. Кәсіпкердің нақты іс- әрекеті, соның нәтижесінде кәсіпкер әзірленген ережелер мен мәдени мінез- құлық нормаларын іс- жүзінде жүзеге асырады

Кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі элементтеріне мыналар жатқызылады:

  • Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы;
  • Міндеттер мен міндеттемелерді мінсіз орындау;
  • Кәсіпкерлік субъектілерінің өз бизнесін адал жүргізуі, адамдармен, тұтынушылармен, әріптестермен, мемлекетпен адал қарым-қатынаста болу;
  • Кәсіпкердің жалпы этикалық нормаларды сақтауы
  • Кәсіпкерлік қызметтің қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталуы;
  • Кәсіпкерлік іс- әрекетті болжау мүмкіншілігі.

Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті мынадай ішкі факторлар арқылы анықталады:

  • Кәсіпкерлік қызметтің және оны ұйымдастыру жағдайы;
  • Меншік иелері мен қызметкерлердің мотивациясы;
  • кәсіпорын басшылары мен жалдамалы жұмыскерлердің өзара қарым-қатынас механизмі, басқарушылық мәдениет деңгейі;
  • нарықта жетекші орынға ие болуға мүмкіндік беретін ерекше басқару стилінің болуы;

Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы мынадай екі жолмен жүзеге асырылады:

  • Біріншіден, алға қойылған мақсаттарға айтарлықтай нәтижелі жетуге мүмкіндік беретін мәдени дәстүрлерді қолдау арқылы өткен және қазіргі тәжірибені зерттеу негізінде табиғи жолмен жүзеге асырылады;
  • Екіншіден, мінез-құлық пен іс- әрекеттің белгілі-бір кешендерін күштен еңгізу арқылы мақсатты түрде қалыптастырылады.
  •  

Іскерлік қарым-қатынас және оның нысандары

Іскерлік қарым-қатынас – белгілі бір нәтижеге жетуді, нақты проблеманы шешуді немесе анықталған мақсаттарды іске асыруды көздейтін, сондай-ақ қызмет, ақпарат, тәжірибе алмасу орын алатын, өзара байланысу және өзара әрекеттесу үндісі. Ол тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей іскерлік қарым-қатынас жанамаға қарағанда үлкен нәтижелілікті, күшті, эмоционалдық әсер мен сезімді иеленсе, жанама іскерлік қарым- қатынасқа әлеуметтік- психологиялық механизмдер тікелей әсер етеді.

Іскерлік қарым- қатынастың әдеттегі қарым-қатынастан айырмашылығы, өз шешімін табуы тиіс мақсаттары мен міндеттері болады.

Сондықтан іскерлік қарым-қатынас кезінде әріптеспен өзара байланысты себепсіз кез-келген уақытта тоқтата алмаймыз, ал жай достық қарым-қатынаста белгілі бір мақсаттар мен нақты белгіленген міндеттер болмайды.

Осыған байланысты оны кез келген сәтте тоқтатуға ( қатысушылардың қалауы бойынша) болады.

Кәсіпкерлік этикасы. Іскерлік этикет.

  • Кәсіпекерлік этика – кәсіпкердің мінез-құлық нормалары және оның жұмыс стилі мен заманауи мәдени қоғамның талаптарына сәйкестігі.
  • Кәсіпкерліктегі этикалық нормалары мемлекеттің және қоғамның, нақты тұтынушылардың, нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, экономиканың әртүрлі сфераларында кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыратын,азаматтардың мінез-құлқы мен іс- әрекетінің белгілерінің жиынтығын білдіреді.

Кәсіпкерлік этиканың міндеттері келесілер болып табылады:

  • Іскерлік қатынастар облысындағы тәжірибелерді үйрену;
  • Субъектілердің экономикалық іс-әрекетің мәдени құндылықтардың ықпалын талдау;
  • Корпоративті және әмбебап этиканың өзара әсерін қарастыру
  • Кәсіпкерліктің халықаралық мәдениетімен, оның моральдық-психологиялық стандарттарымен интеграциясы;

Кәсіпкерлік этиканы реттеу жүйесінің төрт деңгейін бөліп көрсетуге болады:

  • Этикалық қағидалар;
  • Кәсіпорын кызметкерлерінің іс- әрекетін реттейтін нормативтік актілер;
  • Кәсіпорынның еңбек ұжымы;
  • Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке мотивтері.

Іскерлік этикет мінез-құлық іс-әрекет нормаларының кешені ретінде:

  • Іскерлік қарым-қатынасқа қатысушыларды конструктивті нәтижеге бағыттайды;
  • Адамдардың араласуы кезінде өзара түсінісуіне мүмкіндік беретін іс- әрекет ережелерін қалыптастырады;
  • Даулы жағдайлар мен қарама- қайшылықты сәттерде дұрыс шешімін табуға ұмтылыды;
  • Фирманың және кәсіпкердің имиджін қалыптастырады.

Үйге тапсырма:

  • Іскерлік этикетті пен ісерлік қарым -қатынасты қалыпты жағдайда ұстай бизнес саласында кандай нәтиже береді


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет