Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына,тәртібіне,балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратады
Бірінші кезең – оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Бұл кезеңдегі мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс- әрекеттерге қатыстыру, ұжымды балаға ықпал жасайтын құралға айналдыру.

Екінші кезеңде – ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауға барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту. Ұжымның осы даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципті қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезеңде –қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда ұжымдық пікір пайдаланылады. Бұл ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Ұжымдық талқылау, бағалау, әрекеттілік – қоғамдық пікірдің негізгі ерекшеліктері.