106-топ Үздіксіз кәсіби (психолого-педагогикалық) практика(тәжірибе) Тексеруші



бет1/2
Дата27.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#87418
түріБағдарламасы
  1   2

Қ
азақ тілі мен әдебиеті

106-топ
Үздіксіз кәсіби (психолого-педагогикалық) практика(тәжірибе)
Тексеруші: Юсуп Пархат Корабайұлы
Орындаған: Салим Аяужан
Тақырыбы: Мектептегі бастауыш сынып оқушыларының проблемасы бар балаларға кеңес беру жолдары.
Жауабы:
Оқыту процесіндегі қиындықтар ерте бастауыш сыныптарда байқалса, олар баланың міндетті түрде мектеп бағдарламасын меңгеруіне кедергі болады. Нақ осы бастауыш мектеп кезеңінде толықтырылатын білімдер жүйесінің негізі қаланады. әрі осы кезенде оқыту мен практикалық әрекет дамуының қайнар көздері ақыл-ой және практикалық операциялар, дағды, іскерліктер де қалыптасады. Осы негіздің болмауы және бастапқы білімдер, шеберлікті меңгере алмау ортаңғы сынып бағдарламасын игеруде белгілі бір қиындықтар туғызады, нәтижесінде мүндай балалар оқытудан кешеуілдеп қалады.
Нақты балаға көмек беру сол туындайтын қиындықтарды түсінбейінше мүмкін емес. Сол үшін де мұғалім балаларға аса назар аударуы тиіс. Әр баланы жеке зерттеу керек десек те болады. Ең бірінші сабақтан-ақ баланың қандай екенін байқауға болады. Байқағаннан кейін , сол проблема бойынша жұмыс істей беру керек. Бастауыш сынып оқушы өте сезімтал, жылы сөзді талап ететін жас аралық болып саналады. Мұғалімдер осыны ескере отырып жұмыс істеуі шарт.
Бастауыш сынып оқушысының негізгі проблемасы

Қасындағы достарыммен араласу жағынан қиындық туу

Қоғамда қысылу, өз ойын анық жеткізе алмауы

Ортада жылу сезіне алмай жалғыз қалуы

Комплекстердің пайда болуы

Міне , атап өтілген проблемаға көз жіберсек бұл шешілетін проблема екенін байқай аламыз. Бұл кезде мұғалімнің дұрыс жұмыс жасауына байланысты болады. Оқушы бірнәрсені білмей қалса , оған бар сыныптың көзінше дөрекі сөйлеп, ұрсудың қажеті жоқ. Керісінше, қолдау беріп: “ Білмесең ештеңе етпейді, түсінбесең сұрап отыр, түсіндіріп беремін жарайды ма?”-деген секілді сөздермен, қателесу жаман нәрсе емес екенін ұғындыру болып табылады. Оқу барысында мұғалім оқушыларға оқу үрдісіне бейімделе алуға мүмкіндік беруі керек.


Бастауыш мектеп оқушысының оку әрекетіндегі қиындықтарын С.Н.Костромина төмендегідей түсіндіреді:

  • жазба жұмыстарда әріптерді қалдырып қою:

  • ережелерді жақсы біле түра, орфографиялық қателер жіберу;

  • зейін қоймау және шаршаңқылық;

  • математикалық есептерді шығарудағы қиындықтар;

  • мәтінді айтып берудегі қиындықтар;

  • шыдамсыздық;

  • жаңа білімді игерудегі қиындықтар;

  • дәптердегі үнемі салақтық;

  • қосу (көбейту) кестелерін білмеу;

Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте сақталатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.
Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі бірден жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестету үрдісін талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады.
Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Логикалық ойлауының даму ерекшелігіне ой қорытындысын жасай алу, себеп-салдарды анықтау, түсінік беру деген сияқты түрлері анық көріне бастайды.Оқушыларда жоғары дәрежеде, жүйелі түрде нәтижелі ақыл-ой әрекеті дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл дамуы – ана тілін терең әрі ұлттық ерекшелікте меңгерілгендігі байқалады. Оқушы енді өз ойын, өз қалауын, өз сезімін ана тіліндегі сөз байлығын қолдана отырып, грамматикалық түрде өте дәйекті тұрғыда түсіндіре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет