«Қош келдің, Жаңа жыл!» Жүргізуші



бет1/11
Дата26.11.2022
өлшемі38,87 Kb.
#52836
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де,Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге. Құрметті ата-аналар, қонақтар, «Құлыншақ» бөбекжайының ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.Балалар әндетіп, қол ұстасып кіреді. Шеңберге тұрады.
Зал әсем жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген. Әуен ойналып, ортада қоян шыршаны безендіріп жүреді. Сол сәтте «Ну погоди» әуенімен қасқыр кіреді
Жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- Қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка ойналады.)
Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Аю: Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Eкeyi қол ұстасып, билейді.
Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.
Түлкі Қоянжанға бір сәлем! Аю паңға мың сәлем!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет