11-ДӘріс ақпараттық үрдістер – ақпараттық жүйелердің негіздері



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата19.05.2023
өлшемі211,72 Kb.
#95134
  1   2   3   4   5


11-ДӘРІС 
 
Ақпараттық үрдістер – ақпараттық жүйелердің негіздері
 
Адамзат қоғамының өміріндегі кез келген үрдіс: өндірістік, 
шаруашылық, ғылыми-зерттеу, саяси-әлеуметтік және көптеген басқалары 
ақпаратпен жұмыс істеуді қажет етеді. Қазіргі кезде материалдық, еңбек, 
қаржы және т.б. ресурстармен қатар ақпаратқа деген көзқарас өзгеріп, оның 
қоғамға қажеттілігі, келтіретін пайдасы мен маңызына үлкен мән беріле 
бастады. Ақпаратпен қамтамасыз етілу және оның ресурс көлемі қоғамның 
даму деңгейінің негізгі көрсеткішінің бірі болып есептеледі.
Ақпараттық ресурс дегеніміз жеке құжаттар мен олардың жиыны; 
мысалы, кітапханалар, мұрағаттар (архивтер), қорлар, деректер базалары мен 
банктері және т.б. Осы аталынған ақпаратпен жұмыс істеуге байланысты 
ақпараттық ресурстар мен оған қажетті техникалық және программалық 
құралдар, әртүрлі құжаттар қоғамның ақпараттық кеңістігін құрайды [6-8].
Қазіргі кезде ақпараттық қоғам деген түсінік қоғамның даму деңгейін 
анықтайды.
Ақпарат туралы сөз болғанда, адам қызметінің ақпаратпен қамтамасыз 
етілуі, ақпарат көзі мен оны пайдаланушы жөнінде, ақпаратты өңдеу 
құралдары мен әдістері, ақпаратты тарату құралдары сияқты мәселелер 
қарастырылады. Ақпарат көзінен оны пайдаланушыға жеткізгенге дейін ол 
әртүрлі өңдеуден өтеді; ол үшін белгілі амалдардың жиыны мен арнайы 
құралдар қолданылады.
Ақпараттық үрдіс дегеніміз ақпаратқа қолданылатын амалдардың кез 
келгенінің ең болмағанда біреуі болатын үрдіс [6]. Ақпаратқа қолданылатын 
амалдардың негізгілері мыналар: тарату, қабылдау, сақтау, өңдеу, 
пайдаланушыға жеткізу. Ақпараттық жүйе дегеніміз ақпараттық үрдісті 
жүзеге асыратын және қолдайтын кез келген жүйе.
Оқу құралының осы бөлімінде ақпараттық үрдістердің негізгі 
түсініктерімен қатар, оларды зерттеуге қолданылатын әдістер мен құралдар 
түрлері туралы мәліметтер келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет