12 жылдық білім берудегі бастауыш сынып оқушыларының жалпы дене дамуы Мақсаты



Дата06.12.2022
өлшемі16,27 Kb.
#55201

12 жылдық білім берудегі бастауыш сынып оқушыларының жалпы дене дамуы


Мақсаты:12 жылдық білім беру бастауыш мектептің білім берудегі негізгі
мақсаты – баланың дене бітімінің дұрыс қалыптасуы, физиоло-
гиялық дамуы қалыпты денсаулығы дұрыс болуы.
Міндеті: Баланың жалпы дене бітімін дұрыс қалыптасуына және физиоло-
гиялық дамуына дененің сау болуына жағдай жасау.
Жоспары: 1. Жалпы дене және басқада дайындығы туралы .
2. Баланың мектепке психологиялық дайындығы және әр түрлі
сатылары.
Негізгі ұғымдар:физиологиялық, баланың сөздік қоры, танымдық процес-
тері, ерік, көңіл-күй даярлығы, мотивтік даярлық, пропор-
ция, штрих, есту-моторлы координациясы.
Пәнаралық байланыс: психология, биология, физиология.
Жалпы дене дамуына 6 - 7 жастағы баланың физиологиялық дамуы қалыпты мөлшері сәйкес келуі, жалпы денсаулығы жатады.
Танымдық даярлығы – баланың сөздік қоры танымдық процестерінің даму деңгейі.
Еріктік даярлық – бала өз іс-әрекетін мақсатты түрде қалыптастырып, қызы-
ғушылығын қанағаттандыруға еріктік қасиеті.
Көңіл-күй даярлығы – оқушының ішкі дүниесі, басқа балалармен, үлкендер-
мен қарам-қатынасы.
Мотивтік даярлықбаланың оқуға деген ынтасы, мектепке психологиялық даярлық деңгейі.
Бастауыш сынып оқушылары оқуда, ойындағы іс-әрекеттердің өз жүріс-тұрыстарын басқаруға қабілетті, үлкендердің талабын орындайды. Олар өте үлкен қызығушылықпен ойындарға қатысып, таныс емес ортаға тез үйреніп кетеді.
6-7 жастағы балалар қоршаған әлем пәндерін жеткілікті игереді, жаңа білімге үлкен қызығушылығын білдіреді, жаңа ақпараттары жақсы түсінеді. Бұл жастағы балалрды көбіне көрнекі – образды және әрекет-образды ойлау сипатталады. Балалардың көру-кеңістікті қабылдаудың дамуы жеткілікті түрде жоғары дәрежеде болады.
6 жастағы балада көру – моторлы координациялық дамуы өз іс-әрекетін бағдарлай алады, әріптерді, сандарды, пропорцияны қадағалай отырып, штрихтарының сәйкестігін, мөлшерін ұқсата алады.
Есту - моторлы координацияның дамуы қиын емес ритмикалық суреттерді шығаруға және айыруға, музыка арқылы ритмикалық қимылдарды орындауға мүмкіндік береді.
Бұл жастағы балалар шығармашылық зейіні қабілетті, өте жоғары осының бәрі психологиялық ерекшеліктер балада саналы мақсатқа бағытталған педагогикалық әсерден пайда болады.Бала мектепке дейін нені үйренсе,нені оқыса қабілеті мне дағдысы, баланың оқу әрекетіне психологиялық дайындығының негізін құрайды.
Баланың мектепке психологиянық дайындығы 3сатыдан өтеді.
1 – сатыда баланың жүйелі оқытудағы психологиялық даярлығы – бұл танымдық процестерінің дәрежесі, яғни мектеп режимінің шарттарын орындау. Бұнда жалпы сөйлеуінің, есте сақтауының, ойлаудың даму дәрежесін айтады. 6 жастағы бала толық таным процестерін игереді, қоршаған ортаны қабылдай алады. Сонымен қатар, бейнелік-образды, көркемдік шығармаларды, эстетикалық шығармаларды толық қабылдап алады.
2 – сатыда мектептік оқуға психологиялық дайындығы – бұл өзін басқа алуы.
6 жастағы бала, есте сақтауы, қабылдауы, зейіні жақсы дамығанымен, өзін басқару бола бермейді. Ол еріктік қасиеттері толық қалыптасып болмағандықтан, іс-әрекетте, жүріс тұрыста саналы түрде атқара алмайды.
3 – сатыда баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығы – бұл өте жоғары дәрежедегі дамуы. Баланың негізгі түрткілерінің қоғамда жоғары дәрежеде дамуы және оның өнімділігі маңызды болып табылады.
Баланың психологиялық дайындығы.

1-саты
Баланың жүйелі оқытудағы психологиялық даярлығы.


Таным процесрерінің дамуы-қабылдауы, зейіні, есте сақтауы, сөйлеуі, бейнелік-образды, көркемдік шығармаларды, эстетеикалық шығармаларды толық қабылдауы.
2-саты
Баланың мектептік оқуға психологиялық даярлығы.



Өзін-өзі басқара алуы, таным процестерінің басқарудағы өнімділігі, іс-әрекетін, жүріс – тұрысын саналы түрде атқаруда, еріктік қасиеттерінің қалыптасуы.




3- саты
Мектептегі оқуға психолгиялық даярлығы.

Бағыну мотивтері, белгілі бір дәрежедегі билікке бағынуы, оның мотиві қоғамдық мазмұнда айқынырақ болуы, мотивтерінің дамуына байланысты оның оқуға деген қоғамда түрлі қызметінің өнімді болуына әсер етеді.

12 жылдық мектеп оқушысы психологиялық ерік жігерімен ерекшеленеді. Бұл мектепке дейінгі жастың өзінде пайда болатын қиындықтарды жеңу өз әрекеттерін қойылған мақсатқа бағындырудың қажеттілігн түсінеді. Бұл оның өзін – өзі саналы түрде бақылауына, ішкі және сыртқы әрекеттерін тәрбиелеуге бағытталған.


Пысықтау сұрақтары: 1. Баланың мектепке психологиялық даярлығы қан-
ша сатыда болады.
2. Баланың психологиялық дайындығы сатыларына
тоқталу керек.
3. Мотивті даярлық деген не?

Әдебиеттер: 1. 12 – летка в вопросах и ответах
(диалог с Министром образования и науки РК).
2. Номов Р.Е. Психология – М., 1995.
3. Леонтьев А.Н. теория развития психики ребенка М., «Мысль»
1965.
4. Концепция образования.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет