Жыраулар поэзиясының Көне Түркі дәуіріндегі әдебиетпен байланысы



бет1/2
Дата15.12.2023
өлшемі22,01 Kb.
#138176
түріСабақ
  1   2


Жыраулар поэзиясының Көне Түркі дәуіріндегі әдебиетпен байланысы

Көне Түркі әдебиеті мен қазақ жыраулық поэзиясы арасында біршама сан ғасырлық арақашықтық болса да, олардың арасындағы мазмұндық және көркемдік байланыс бір-біріне тығыз байланысты. Қазақ әдебиетін зерттеушілердің арасында Н. Келімбетовтың «Қазақ әдебиеті бастаулары» еңбегі толықтай Көне Түркі әдебиеті мен жыраулық поэзия арасындағы көркемдік дәстүрдің сабақтастығы туралы сыр шертер туынды деп санаймын. Н.Келімбетов оқулықтың кіріспесінде көркемдік дәстүр жалғасын екі замандағы шығармаларды салыстыра отырып, дәлелдеуді мақсат еткен еді.


«Күлтегін», «Атилла», «Оғызнаме», Қорқыттың «Бамсы-Бәйрек туралы жыр», «Салар Қазанның ерлігі» туралы жырлары қазақтың батырлық эпостарының негізгі бастауы болды. Жыраулық поэзияда жалғасын тапқан жорықшы жыраулардың толғауларын осы тұста салыстыра отырып, байланысын көрсетуге болады.
Ш. Уәлиханов кезінде жырдың белгілі бір әуенмен, қобыз сүйемелдеуі арқылы орындалып, батырлардың ерлік істерін дәріптеуге құрылатынын айтады. Көне Түркі заманында өмір сүрген, Қорқыттың әрбір күйінің тарихы бүгінге жетті, яғни жыраудың тұлғасы Қорқыттан бастау алды деуге болады. В.В. Радлов «жырды» шумаққа бөлінбейтін импровизация, қайғылы жыр, жоқтау деп жіктеп, ал жырауды жыршы, көнені жырлаушы, алдын болжаушы деп түсіндіреді. Сондай-ақ ол қазақ жырының Көнелік сипатын әңгімелегенде: «Қайсыбір жырларда Көне Түрік ұйқастарының заңдылық іздері сайрап жатыр, бұны әсіресе сондағы аллитирация, акростик және ішкі ұйқастармен, көне мәтелдерден айқын аңғаруға болады»- дейді.



«Алып Ер Тоңға»

Бұқар жырау

Махамбет Өтемісұлы

Алып Ер Тоңға келеді
Жүз мың әскер ереді
Жүз мың жебе кереді
Жер қайысқан қол еді.
Тәңір сүйіп Жаратқан
Әлемді өзіне қаратқан
Қаһарын жауға таратқан
Көк Тәңірінің ұлы еді.

... Жетінші тілек тілеңіз:
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.


«Тілек»

...Бесеуіміз жүргенде,
Алашқа болман деуші едік.
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік.


«Бай Сұлтанға айтқаны»




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет