12 –Тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Дәрістің мақсаты



бет14/16
Дата26.04.2022
өлшемі40.16 Kb.
#32399
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Институционализм – қоғам мен экономика дамуын әлеуметтік-психологиялық тұрғылардан түсіндіретін экономи-
калық ғылымдағы жетекші бағыттардың бірі.

Институционализмнің пайда болуы, ең алдымен, Т.Вебленнің жұмыстарымен байланысы, ол жұмыстарында «институттар» ұғымын ұсынды, олардың шығуын зерттеді, институттардың даму жолдары мен нысандарын талдады. Институционализм экономиканы оның барлық негізгі құрылымдары тұрақты барлық әлеуметтік өзгерістерге ұшыраған тепе-теңсіз жүйе ретінде қарайды. Бұл теория бойынша экономикалық дамудың сипаты мен бағытын рынок өздігінен айқындамайды, қайта үстемдік құрып отырған экономикалық институттардың бүкіл жүйесі айқындайды.

Әлеуметтік бағдарламалар, индикативтік жоспарлау және мемлекеттік араласудың басқа нысандары қоғамдық дамудың қажетті элементтері ретінде қаралады. Институционализмнің көптеген идеялары бірқатар жетекші капиталистік елдердің экономикалық саясатына негіз ретінде алынды.

Институционалдық зерттелімдер Дж. Гэлбрейттің. Г.Мюр-


далдың және басқа ғалымдардың жұмыстарында 1960-1970жж. жалғастырылды. Олар экономикалық жүйелердің жұмыс істеуіне және қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблемаларға терең талдау жүргізді. Талдаудың бастапқы нүктесі ретінде экономикалық жүйенің кейпін анықтайтын ұйымдық және әлеуметтік-мәдени нысандар таңдалынды.

Қарастырылып отырған бағыттың жақтаушылары оны әдеттегідей емес және өте қысқа мерзімді жай-күй ретінде қарастыра отырып, неоклассикалық теорияның аса маңызды постулатын – экономиканың тепе-теңдігіне ұмтылуын теріске шығарады. Жүйені тепе-теңдікке жақындауға мүмкіндік туғызатын факторлардың әсері жүйеде өзгерістер дамудың шексіз үдерісінің жай-күйін тудыратын анағұрлым қуатты сыртқы және ішкі күштермен жабылып бітеді. Сондай басты эндогендік механизм – жиынтықты себептілік.

Институционалдық-эволюциялық талдаудың ерекшеліктері экономикалық өзгерістердің оңтайлы нәтижелерді қамтамасыз етуінің ішкі үрдістерінің болмайтынын көрсетеді, сондықтан мемлекеттік араласу оң әсер етуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет