12 –Тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Дәрістің мақсаты



бет1/16
Дата26.04.2022
өлшемі40,16 Kb.
#32399
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

12 –Тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу.

Дәрістің мақсаты: Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу қызметінің ерекшеліктерін, қаржы нарығының негізгі сегменттерінің сипаттамасын талдау.

Қаржылық реттеу теориялары экономикалық теориялық тұжырымдамалардың, ғылыми мектептердің ағымдарының құрамында дамыды. Тұтас алғанда теориялық түсініктерді не олардың хронологиясы бойынша, не экономикалық және қаржылық қызметте мемлекеттің қатысу дәрежесі бойынша, яғни тиісті үдерістерге оның араласуында қарастыруға болады.

Реттеу тәсімдері (сызбалары) – тоталитарлық жүйелердегі әкімшіл-әміршілден демократиялық құрамалардағы либерал-


дыққа дейін – қоғамның, мемлекеттің, экономиканың жай-күйі мен міндеттеріне қарай әдістерді, нысандарды ұсына отырып, биліктердің, саясатшылардың іс-әрекеттерін түсіндірді, ақтады, негіздеді, бағыттады.

Экономика үздіксіз өзгеріп отыратын және дамушы материя болып табылатындықтан, барлық елдер мен құрылымдар үшін қаржылық-экономикалық реттеудің бірыңғай, мәңгі- бақи берілген, қолайлы моделі болуы мүмкін емес. Реттеу теорияларының, олардың түрлендірілуінің сан алуандығы, нақтылы пайдалану үшін жекелеген постулаттарды нақтылау қажеттігі осымен айқындалады.



Қаржылық ғылым, салыстырмалы өздігінше бағыт ретінде ХV-жүз жылдықта пайда болды; ең белгілі мектеп меркан-
тилизм
болды, ол саудалық капитализмнің алғашқы табыстарының бейнеленімі болды. Меркантилистердің арасында ең белгілісі Д. Карафи болды. Ол шығыстарды үш топқа бөлді: елдің қорғанысы бойынша шығыстар, патшаны ұстау бойынша шығыстар, төтенше қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша шығыстар. Сауда табының өкілі ретінде ол әкетілімге салық салудың күшін жоюды ұсынды. Карафи бюджеттің негізгі домендер* болуы тиіс, патша халықты үлкен алымы салықпен жүдетпеуі тиіс. Салықтар тек төтенше көз болуы тиіс, бейбіт уақытта болашақ соғыс үшін ақшалай қосалқы қор жинау керек деп санады. ХVI ғасырға қарай домендерден түскен табыстардың жеткіліксіздігі мемлекетке бұл ретте регалияларды**, баждарды, салықтарды пайдалануға көшуге мәжбүр етті. Бұл мемлектттік ғылымдармен айналысқан сол уақыттың ғалымдарын қаржылық шаруашылықмәселелерін де зерттеуге түрткі болды сөйтіп, енді ХVI ғасырда қаржытеориясымен практикасы арасындағы байланыс нығайды, басқаша айтқанда ғылым қаржылық практикаға неғұрлым елеулі әсер ету ие бола бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет