13-апта бойынша орындалатын тапсырмалар



бет1/3
Дата02.05.2023
өлшемі27,7 Kb.
#88939
  1   2   3

13-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 17.04. – 22.04. 2023ж.

  1. Мінез ұғымы, анықтамасы.

  2. Мінезді диагностикалауға арналған әдістемелер.

  3. Мінездің типологиясы, олардың сипаттамасы.

  4. Мінез акцентуациясы, оны зерттеуге арналған әдістемелер.



1.Мінез ұғымы, анықтамасы.
Мінез - адамның басқа адамдармен жұмысына қатынасын білдіретін жеке адамның тұрақты ерекшеліктернің жиынтығы. Мінез іс-әрекет пен қарым-қатынаста айқындалып, адам мінез-құлқына тән көрініс береді. Мінез адамның өзі таңдаған іс-әрекетінен байқалады. Кейбір адамдар іс-әрекеттің аса күрделі қиын түрлерімен айналысуды қалайды, ол үшін кедергілерді жеңу жолдарын іздеу, амалдарын табу қызықты болады. Ал кейбіреулер іс-әрекеттің ешбір кедергісіз оңай түрін қалайды. Кейбіреулер үшін жұмыс нәтижесіне қандай жол арқылы жеткенінен басқа адамдарды басып озу басты мәселе болса, басқаларға әйтеуір жұмысты бітірдік деген ой өте маңызды. Адамдармен қарым-қатынастағы мінез-құлықтың манерасы адамдар әрекеттеріне жауап қайтаруларынан көрінеді. Қарым-қатынас мәнері сыпайыанайы, биязы-дөрекі, әдепті-әдепсіз, т.б. бола алады. Мінездің темпераменттен бір айырмашылығы, олар тек жүйке жүесі қасиеттеріне ғана емес, адам мәдениеті мен тәрбиесіне де байланысты. Адам мінезі - әр түрлі стимулдар мен түрлі оқиғаларға кездейсоқ жауап беру ерекшеліктерімен айқындалмайды, ол оның негізгі әрекеттерін айқындаушы. Мінезді адамның әрекеті әрдайым саналы, жауапты және ойланған түрде өтеді. Мінезді адам сыртқы жағдайға қарамай дербес, өзінің ерік-жігерімен белсенділігін көрсетеді, өзін-өзі ұстайды. Ал мінезсіз адам іс-әрекет пен қарым-қатынаста сыртқы жағдайларға бағынып, тәуелділікте жүреді. Адамдардың мінезінің пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы бойынша темпераментпен байланысты, бірақ інез тұрақты және өзгермелі болып келеді.


2.Мінезді диагностикалауға арналған әдістемелер.
Психологиялық-педагогикалық диагностика арқылы құқықтық тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында төмендегі бағытта қажетті мәліметтерді жинақтау негізге алынады, мәселен:


  • жеткіншектердің өзінің құқығы және міндеттері туралы білімі, өзінің және басқа адамның мінез-құлқын, тәртібін кұкық нормалары тұрғысынан бағалауы, өзінің мінез-құлқында құқықтық білімін пайдалануы және әр түрлі іс-әрекеттерде құқықтық тәртіпті жүзеге асыруы;


  • құқық нормалары тұрғысынан білімнің жеткіліктілігі және өзінің, басқаның қылықтарын бағалауы, өзінің құқықтық тәртібін жүзеге асыруда білімін пайдалана білуі, іс-әрекет нәтижесін өзіндік бақылауы, өзіндік бағалауы сапасының қалыптасуы;


  • тыйымдарды сақтау және міндеттерін орындау іскерлігі, біліктілігі, құқықтық тәрбиелілігінің деңгейлерінің қалыптасуы;


  • өзін-өзі дамытуын ұйымдастыруға мүмкіндік беру, олардың танымдық қажеттігін алдын-ала байқау, болжау арқылы сынып ұжымындағы қарым- қатынастарына болжамдар жасау, балалардың мінездерін, ерекшеліктерін зерделеу арқылы психологиялық-педагогикалық диагностикалар жүргізу;


  • педагогикалық ұжымдағы өзара қарым-қатынасты, ұжымды басқару ахуалдарын жақсарту;


  • сыныптағы жеткіншектердің даму деңгейін диагностикалау негізінде қажетті түзетулер енгізу, қажетті жұмыстарды ұйымдастыру жэне т.б.


  • Мектепте білім алушы мен тәрбиеленуші жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруге бағытталған үдерісте үлгілердің тиімді жүзеге асырылуы үшін рефлексияның маңызды екендігін деңгейлерге диагностика жасау арқылы анықтауға болады.


  • Сонымен рефлексия нәтижесін мынадай бағыттарда бағалауға болады:


  • сынып оқушыларының бір-бірімен және мұғаліммен өзара қарым- қатынастары;


  • оқушының қиындықтарды жеңіп шығуы, құқық нормалары тұрғысынан құқықты сақтауға талпынысы;


  • өзінің мінез-құлқы мен басқалардың мінез-құлқына қатысты түсіністігі, ұғынуы және бағалауы.


  • Сонымен қатар оқушыларда белгілі бір дағдылар қалыптасып, шынайы құқықтық қоғамда әлеуметтік бейімделуіне қажет болып табылады. Осындай дағдыларға келесілерді жатқызамыз:


  • топта шығармашылық бірлестік, әртүрлі әлеуметтік рөлді орындау, тұлға аралық коммуникацияны қалыптастыру;


  • әлеуметтік - маңызды жоба жасау, дәлелденген қорытындыларды жасай алу қабілеттілігі, дәлелдер жүйесін құра алу, нәтижелерді ұйымдастыру;


  • мектептік және мектептен тыс топта жобаны тәжірибелік іске асыру;


  • жобаны іске асыру қорытындысы бойынша қарапайым әлеуметтік талдау жасау, оның дәстүрлі-құқықтық маңыздылығын көрсету;


  • мектептік және мектептен тыс ақпараттық кеңістікте қорытынды нәтижелерді қолдану.


  • Оқушыларға құқықтық тәрбие беру әдісінде іскер және рөлдік ойындарды, жұмыстың топтық формасын, соның ішінде, жобалы ойынды қолдануда, біздің ойымызша, олардың эффективтілігі міндетті жағдайының болуын керек етеді;


  • мектептегі ойындық комплекс бірлігі, ол бәріне түсінікті ойын ережесіне негізделген жүйелі үлгімен басқарылады, мысалы, құқықтық мемлекет үлгісі, ойын ережесі - конституция және басқа да құқықтық құжаттарды талдай білуі;


  • нақты қызмет пен мақсат белгіленген рөлдердің берілуі, мысалы, президент, мектеп парламентінің басшысы, бала құқығының инспекторы және т.б.


  • ойынға қатысушыларға түсінікті және қолжетерлік рөлдердің қатынас кестесі, ол ұжымдық нормативті құжаттармен жасалып көрсетіледі;


  • ойын ұжымның барлық қатысушыларына нақты дәстүрлі-құқықтық идеологиясымен көрсетілу негізінде жалпы мақсаттарды бөліп көрсетеді;


  • oйынға қатысушылардың іс-әрекет нәтижесін топтық және жекелей бағалауды қолдау;


  • ойынға қатысушылардың теңдігі - оқытушылар мен оқушылар, қабылданған шешімнің баламаларының көптік мүмкіндігі;


  • мектепшілік ақпарат кеңістігінің қатысушыларға ашықтығы мен қолжетерлігі.


  • Біздің ойымызша, тұлғалық және топтық қызығушылықтардың үйлесуі, қоғам іскерлігі үшін әлеуметтік-маңызды дамуды қамтамасыз етеді:


  • өзінің азаматтық құқықтарын қолдана алу іскерлігі және өзінің іс- әрекетінде әлеуметтік әріптестерге қатынасына байланысты адам құқығы ұжымын есепке алуы;


  • заңардың мемлекеттік және қоғамдық институттардың құрылымдық маңызды механизмдерін (тетігін) қолдана алу қабілеті;


  • әлеуметтік - маңызды нәтижелер алу үшін ұжымдық қарым-қатынас құра алу қабілеті;





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет