13 дәріс Тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің негіздері



Дата20.12.2023
өлшемі15,37 Kb.
#141353

13 дәріс
Тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің негіздері.
Мазмұны:
1. Отбасы тәрбиесіне сипаттама.
2. Жаңұя тәрбиесінің міндеттері мен ерекшеліктері.
Отбасы бұл адамдардың әлеуметтік-педагогикалық тәрбие тобы, әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Отбасы белгілі дәстүрлерден, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.
Отбасылық тәрбие дегеніміз – ата-аналар мен туыстардың күшімен нақты отбасындағы қалыптасатын тәрбие мен білім берудің жүйесі.
Отбасының негізгі міндеттері:

  • баланың өсіп, дамуына толық жағдайлар жасау;

  • балаға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;

  • өз халқының этно-мәдениетінің тәжрибесін ауыстыру;

  • баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау.

Отбасылық тәрбиенің негізгі принциптері:

  • өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейрімділік көрсету;

  • балаларды отбасы өміріне еңгізу, ақылшы ретінде қарау;

  • балалармен ашық және сенімділік қарым-қатынас жүргізу;

  • талап қоюда жүйелік жасау;

  • өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу.

Отбасы – адамзат қоғамның ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатан әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.
Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі – отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінетін болады.
Отбасында баланы еңбекке баулуда ата-аналар мына төмендегі жайларды ескеруі тиіс:

  • еңбек әрекетінің негізгі мазмұнын айқындап алу;

  • еңбектің қай түрімен айналасатынын алдын ала жоспарлау;

  • еңбек етуге құрал-жабдықтарды дайындап, жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу;

  • шұғылданатын еңбек түріне сәйкес бағыт-бағдар беру, көмектесу, басшылық жасау;

  • еңбек түрлеріне байланысты әдістемелік әдебиеттермен танысу;

  • еңбек әрекетінің әдіс-тәсілдерін меңгеру, балаларға үйретудің тиімді жолдарын қарастыру;

  • еңбек етуге баланың ынта-ықыласын, қызығушылығын үнемі арттырып отыру;

  • баланың еңбек нәтижесіне назар аударып, мадақтап оны сыйға тартуға немесе пайдаға жаратуға бағыт беру;

  • еңбектің бала жасына лайықты болуын, шектен тыс күш түсірмеуін қадағалау;

  • күнделікті тұрмыспен, салт-дәстүрмен сабақтастыра отырып баланы еңбекке тәрбиелеу.

Қазіргі тәрбие негізінде халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл-мұрасы, үмітпен қанаттандыратын сарқылмас қазынасы – ұлттық тәрбие жарық жұлдыздай жарқырайды. Ұлттық тәрбиеде халық өзінің болашағына арнаған, асыл жүректе сақтаған тәрбиенің даналық шұмақтары, әрбір халықтың өзіне тән эталондық адамгершілік қасиеттері жатыр. Халықтық тәрбие - әрбір баланың жүрегінің кілтін тауып тәрбиелеу, жылы сөзбен түсіндіру, үлгі көрсету, жамандықтан тиым салу, иландыру, кейде қорқыту.
Қорыта келгенде тәрбие отбасынан бастау алады. Халық тіршілігінде өзінің өміршеңдігін танытқан тәлім тәрбие қағидалары нәрестеге ана сүтінен дариды. Халықтық ұлттық педагогиканың негізгі мақсаты – болашақ ұрпақты адамгершілігі мол, инабатты, мейрімді, ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген, өз ұлтын, халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.
Әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

  2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А., 2000.

  3. Құрманалина Ш.Х., т.б. Педагогика. А., 2004.

  4. Мұханбетжанова Ә., Мұқанбетова Ш. Педагогиканың жалпы негіздері. Орал, 2005.

  5. Педагогика. Абай ат. ҰПУ. ұжымы.А., 2003.

  6. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М.,2000.

  7. Тәрбие теориясы. Мұханбетжанова Ә.М., Молдагалиев Б.А., Ерниязов О.Н. Орал, 2005.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет