14-дәріс. Қазақ орфографиясының мәселелері Қазақ орфографиясының ұстанымдары туралы түсінік Қазақ орфографиясының негізгі ережелері


Қазақ орфографиясының негізгі ережелері



бет2/4
Дата08.12.2023
өлшемі26,97 Kb.
#135178
1   2   3   4
2. Қазақ орфографиясының негізгі ережелері
Қазақ жазуы күнi бүгiнге дейiн 1957 жылғы 5 маусымда қабылданған емле – ережелердi пайдаланып келдi. Бұл ережелер 1940 жылы жаңа графикаға көшумен байланысты жасалған емле заңдарының негiзiнде өңделiп, толықтырылып жаңадан түзетiлген болатын.
Кейiннен Қазақ ССР Ғылым АкадемиясыныңТiл Бiлiмi институты мен Қазақ ССР Оқу министрлiгi 1957 жылғы орфографиялық ережелер кодексiне толықтырулар мен түзетулер енгiзiп, оның жаңа редакциясын ұсынды. Ол ресми түрде қабылданып, Қазақ ССР Жоғарғы Советi Президиумының 1983 жылғы 25 тамыздағы указымен бекiтiлдi. 1988 жылы қазақ орфографиялық сөздiгiнiң 3- шi басылымы жарық көрдi. қазақ тiлi орфографиясының негiзгi ережелерi 9 бөлiмнен тұрады.
Әрiптердiң емлесi. Мұнда а,ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, i, э әрiптерi жалаң дауыстылардың,е, и,ю,я,у әрiптерi қосынды дауыстылардың да, кейде жалаң дауыстылардың да (мысалы, елка – слет, іи- кино, аю – бюро т.б) таңбасы ретiнде қолданылады. ө,о,ү,ұ, әрiптерi жалаң сөздердiң бiрiншi буынында жазылады. (кейбiр сөздерден басқа : сiрә, мағлұм). и әрпi и дыбысының да, ый, iй қосарлы дыбыстарының да орнына жазылады (тый, сый дегенде ғана ый, iй түрiнде). яя әрiптерiнiң алдында ы,i орнына и әрпi жазылады. (мысалы, тақыя – тақия, дарыя- дария).
йы, йi дыбыстар тiркесi мен ы , i дыбыстарына бiтетiн етiстiктерге көсемшенiң –й жұрнағы жалғанғанда, соңғы – ый,- iй әрiптерiнiң орнына бiр ғана и жазылады: байы + й+ ды (байыйды, баиды емес)- байиды, оқы+йды-оқиды(оқыйды емес) й дыбысына бiтетiн етiстiкке тұйық райдың – у жұрнағы – ю түрiнде, көсемшенiң – ки +у -кию, қи+ады+- қияды.
а жұрнағы – я түрiнде жазылып жалғанады: қи+а – қияды, си+а- сияды
У әрпiнiң қолданылуына байланысты 3 түрлi ереже көрсетiледi: а) дауысты – у және дауыссыз, үндi – у дыбыстарын таңбалайды; ә) ы,i дыбыстарына бiтетiн етiстiктерге тұйық райдың – у жұрнағы жалғанғанда ы,i дыбыстары түседi; (мысалы , оқы- у ) ыу, iу дыбыс әрiптерiнiң орнына бiр ғана У әрпi жазылады; б) у дыбысына бiтетiн етiстiкке тұйық райдың – у жұрнағы жалғанғанда, оның түбiрi өзгертiлмейдi; екi у әрпi қатар жазылады (мысалы,қу+у- қуу).
ю: -й мен у дыбыстарының қосындысын таңбалайды., бiрақ кей сөздерде йу дыбыс тiркесi таңбаланады: хайуанат, айуан, кейуана, миуа.
Дауыссыз дыбыстардың жазылуына байланысты ережеде әсiресе щ әрпiнiң жазылу емлесiне байланысты ала құлалықты ерекше атауға болады: қазақтың байырғы ащы, тұщы сөздерiнде қос ш-ны щ түрiнде таңбалаймыз, бiрақ қосымшаның арасында қос ш келгенде щ жазылмайды: қаш-шы, қос-шы /айтылуы қошшы/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет