15 жастағы Қ. есімді науқас жалпы жағдайының нашарлауына, дене қызуының 39゚С көтерілуіне, тамағында ауырсынудың болуына шағымданып келді.
Айтуы бойынша симптомдар 2 күн бұрын пайда болған, дене температурасын түсіру үшін парацетамол қабылдаған. Тамағы ауырсынып, жұтынуы нашарлаған. Бір реттік құсу болды. Таңдайында бөртпелерді байқаған соң ауруханаға келген
Өсуі және дамуы жасына сай, кішкентай кезінде ЖРВИ, қызылшамен ауырған, барлық вакцинаны уақытында алған
Өсуі және дамуы жасына сай, кішкентай кезінде ЖРВИ, қызылшамен ауырған, барлық вакцинаны уақытында алған
Жағдайы орташа ауыр. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ЖСЖ 75 Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған Физикальді тексеру кезінде дәрігер жұмсақ таңдайдың шырышты қабатының гиперемиясын, ұсақ топтасқан сұр-ақ папулаларды байқаған, кей жерлерінде папулалар жарылып беткей жараға (язва) айналған.