Халық денсаулығына анықтамасын беріңіз Ситуациялық есеп



бет1/50
Дата20.02.2023
өлшемі151,67 Kb.
#69471
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Õàëû? äåíñàóëû?ûíà àíû?òàìàñûí áåð³?³ç Ñèòóàöèÿëû? åñåï


Билет 1


  1. Халық денсаулығына анықтамасын беріңіз

  2. Ситуациялық есеп

Вагонды жөндеу зауытында 2018ж. орташажылдық жұмысшылар саны – 4080 адамды құраған. Уақытша еңбекке жарамсыздық аурушылдығымен тіркелгендер саны – 4236 оқиғаны, уақытша еңбекке жарамсыздық күндер саны – 36 200 күнді құрады. Соның ішінде тұмау және жоғарғы тыныс жолдарының жедел катарасымен – 7360, жедел асқазан-ішек жолдары ауруларымен – 2125, тері және теріасты шел қабатының ауруларымен – 652, өндірістік жарақаттармен – 241, есту мүшелерінің ауруларымен – 1250 оқиға тіркелген.
Тапсырма:

  • Берілген мәліметтерден қандай көрсеткіштерді есептеуге болады?

  • Көрсеткішті есептеу әдістемесін анықтау және математикалық есептеу

  • Алынған мәліметтерді талдап, қорытынды жасау.

1.Халық денсаулығына анықтамасын беріңіз


Халықтың денсаулығы-бұл қоғам мүшелерінің өмір сүру көріністерінің толықтығын білдіретін аурушаңдыққа қарсы тұру жағдайы.
Жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты.

Қоғамдық денсаулық – Қазақстан Республикасы азаматтарының дұрыс тамақтануды қоса алғанда, саламатты өмір салтын ұстануы бойынша, аурулар мен жарақаттардың профилактикасы бойынша, сондай-ақ мекендеу ортасының қолайсыз факторларының әсерін болғызбау бойынша қоғамның күш-жігерін көрсететін, халықтың психикалық, тәндік және әлеуметтік саламаттылығының кешенді сипаттамасы;
( ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар)

Publik Health-белгілі бір халықтың денсаулығы және сол халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет