1979 ж Кеңес әскерінің шектеулі контингенті Ауғанстанда 86 адамынан айырылды,оның 7-еуі қазақстандық еді



бет1/9
Дата05.06.2023
өлшемі31,02 Kb.
#98857
  1   2   3   4   5   6   7   8   9



1979 ж

Кеңес әскерінің шектеулі контингенті Ауғанстанда 86 адамынан айырылды,оның 7-еуі қазақстандық еді.

12 желтоқсан. КОКП ОК Саяси бюросы Ауғанстанға 40-армияны енгізу туралы шешім қабылдады.
13 желтоқсан. Армия генералы С.Ф.Ахромеевтің басшылығымен КСРО Қорғаныс мин-нің Жедел тобы Ташкент, Термез қалаларына жіберілді (кейін бұл топты КСРО маршалы С.Л.Соколов басқарды).40-армияның қолбасшысына генерал-лейтенант Ю.В.Тухаринов тағайындалды.
24 желтоқсан. КСРО Қорғаныс мин-нің жетекшілік құрамына Ауғанстанға әскер енгізу шешімі қабылданғаны хабарланды.
25 желтоқсан. Мәскеу уақытымен сағат 15⁰⁰-де үш бағытта (Кушка, Термез,Хорог ) АДР-ға 40 армияның енуі басталды. 103-әуе десанты дивизиясы әскери-транспорт авияциясы ұшақтарымен Кабул, Баграм, жартылай Кандагар әуежайларына түсірілді.
27 желтоқсан. Арнайы мақсаттағы «Зенит » бөлімшесі Тәжі-Бек сарайын шабуылдады.АДР басшысы Х.Амин өлтірілді. Мемлекеттің жаңа басшысы Б.Қармаль болды.

1980ж

Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1484 адамнан айырылды, оның ішінде 181 қазақстандық болды.

3 қаңтар. АХДП ОК бас хатшысы әрі мемлекет басшысы Б.Кармаль алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді.
6 қаңтар. Нахрин елді мекенінде орналасқан АДР Қарулы Күштерінің 4-артиллерия полкінде көтеріліс болды.Оны қарусыздандыру арқылы Кеңес әскеріеің шектеулі контингенті өзінің алғашқы жауынгерлік тапсырмасын орындады.
Қаңтар. Ауғанстандағы кеңестік әскерді қалай атау туралы мәселеде КСРО маршалы Д.Ф.Устиновтың «Кеңес әскерінің шектеулі контингенті» ұсынысы қабылданды.
Қаңтар.Тухариногв басқарған 40-армияның құрамалары мен бөлімдері ауғандық армиямен бірлесе отырып, Хайратон , пули-Хумру, Кабул, Желелабад, Кушка, Герат, Кандагар, Құндыз, Файзабад уәлаяттарындағы маңызды нысандарды қорғауға алды.Әсіресе ауған-кеңес бірлескен нысандары – Жарқұдық және Шибарған газ кәсіпшілігі , Сурибу аумағындағы электрстанса, кабул мен Мазари-Шарифтегі бірқатар өндірістер , Бағлан уәлаятындағы жер асты жолы бар Саланг асуы ерекше бақылауға алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет