1.Қазақстан жоғары оқу орны алдында қандай ауқымды міндеттер тұр?



Дата23.10.2023
өлшемі15,59 Kb.
#120745
түріДиплом
Байланысты:
459391827Serikova Ayaulym tk2


Тапсырма 1
1.Қазақстан жоғары оқу орны алдында қандай ауқымды міндеттер тұр?
Қазақстан жоғары оқу орындарының мiндетi - әлемдiк стандарттар деңгейiнде бiлiм беру. Ал жетекшi оқу орындарының дипломдары күллi әлемде танылуға тиiс.
2. Жоғары оқу орны саясатының кредосы нені айқындайды?
Жоғары оқу орынының Жарғысы белгiлi тәртiп бойынша ЖОО бағынышты басқару органдарында тiркеледi.
Жаңадан құрылған мемлекеттiк жоғары оқу орындарында Жарғыны 1 жылға дейiнгi мерзiмге ғылыми кеңес қалыптасқанша құрылтайшы бекiтедi.
Халықаралық ЖОО Жарғысы құрылтайшы мемлекеттердiң үкiметтерiмен бекiтiледi.
Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғыл. және педагог мамандар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары.
3. Жоғары оқу орнының басшыларының атқаратын қызметтерінің міндеттерін атаңыз.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау, ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша жетекші жоғары оқу орындарымен, жақын және алыс шетел ғалымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шаралар қабылдайды, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. . Жоғары оқу орнының қаржылық ресурстарын басқарады, олардың тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді және жарналарды заңнамаға сәйкес уақытылы аударады. Білім беру ұйымының басқару құрылымын, штат кестесін, білім беру ұйымы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату мәселелерін шешеді, ынталандыру шараларын қолданады және қызметкерлерге жаза қолданады.
4. Жоғары оқу орны басшылары қандай нормативті құжаттарды білуі керек?
Педагогикалық әдеп нормалары; еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау, санитарлық ережелер мен нормалар; әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері

5. Жоғары оқу орнының басшысының біліктілігіне қойылатын талаптарды атаңыз.


Жоғары білім, оқу орнының бейініне сәйкес ұйымда басшы лауазымда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс

6. Жоғары оқу орнының басыңқы ұстанымын атаңыз. Стратегия



Тапсырма 3
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіндегі кез – келген мәселені (проблеманы, шиеліністер) мысалға алып, оның шеші жолдарын анықтаңыз
Білім деңгейінің жоғарылығымен танылған мемлекеттер ғаламдану үдерісіне сәйкес реформалар жүргізуде. Білім беру жүйесіндегі реформаға негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері:
— қоғам дамуының жылдамдығы;
— ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқындылығы;
— ғаламдық проблемалардың шығуы және анықталған тақырыптарды бірлесіп шешу мәселелері;
қоғамның ашық демократиялығы;
— экономиканың өсуі мен бәсекелестіктің қарқынды жүруі;
Қазіргі уақытта Ирландияда білім беру ісін басқару және жауапкершілік Білім және ғылым департаментіне (DES) жүктелген. Департамент білім беру аспектілерін қарастырып, оқу жоспарлары мен ұлттық сынақ байқауларын өткізеді.
Орта білім беру сатысындағы мектептер орта мектеп, кәсіптік мектеп,қоғамдық және бірыңғай мектеп бөлінеді. Мектептің типі қаржыландыру көзіне байланысты анықталады.
Ирландияда 12 жылдық білім беру жүйесі қалыптасқан. Міндетті білім алушылар 6-19 жас аралығындағы балалар қамтиды. Бұл елдегі барлық бастауыш мектеп 1999 жылдан жалпы мектеп бағдарламасы — The Primary School Curriculum-мен жұмыс жасайды. Бастауыш сыныпта оқушылар негізгі пәндер және ана тілі, ағылшын тілі, дінтану, дүниетану пәндері бойынша тәлім алады. Бастауыш сынып оқушыларының сабақтары ойын түрінде және топтық жұмыстар негізінде жүргізіледі. Балалар жастайынан өзара әрекеттестікте, бір-бірімен қарым-қатынас жасау дағдысы қалыптасып, жастайынан қоғам өміріне бейімделе алатындықтарын зерттеу нәтижелерінен көрсетті.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне өте көп өзгерістер енгізілді. Солардың ішінде 12 жылдық білім беру, 3 тілде оқыту, топқа бөліп оқыту, бағалау жүйесі. Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби — тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет