1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


 Сталинизм орнығуы. Жазалау шаралары



Pdf көрінісі
бет44/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55
30. Сталинизм орнығуы. Жазалау шаралары. 
1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер 
фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. 
Өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жыл 5 
желтоқсанда Кеңес Одағының жаңа Сталиндік Конституциясы қабылдады. 
Ол бойынша КСРО – да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. 
Республикалар іс жүзінде толық егемендік алған жоқ.Оларға заң шығару 
құқығы берілмеді.Одақтың өктемдігі астында өмір сүретін болды. Социализм 
тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. 
Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы 
аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына 
жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін «геноцид саясаты» осылай 
басталды. 
Қазақ зиялы қауымын жаппай қудалау 3 кезеңнен тұрды: 
1. 1928жылдың соңында 44 адам- бұрынғы «Алашорданың» қайраткерлері 
«буржуазиялық» ұлтшылдар деген кінәмен тұтқындалды. 2. 1930 жылы 
қыркүйек-қазан айларында 40 адамнан тұратын 2-ші топ ұсталды.Олардың 
15-сі Ресейдің орталық қара топырақ аудандарына жіберілді.1937-1938 жылы 
лаңкестік жаппай сипат алды.Көптеген зиялылар 1937-1938 жылы атылды 
Ол кездегі қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларына тоқталамыз. 
1946-1953 жылдар Қ.Сәтбаев,М.Әуезов,Е.Бекмаханов қуғынға ұшырады. 
«Халық жауларын» жазалау.Біріккен мемлекеттің саяси басқарманың 
(БМСБ) үштігі «Алашорда» қайраткерлеріне мынандай жалған кінәлар 
жапты: 
– Кеңес билігінің саясатына қарсы шықты; 
– Жауапты кадрларға қатысты лаңкестік актілер ұйымдастыру үшін жастар 
арасынан әскери топтар ұйымдастырған; 
– Жастар арасынан әскери кадрлар дайындаған; 
– Байлар мен арадағы байланысты орнату үшін «Алқа» үйірмесін құрған; 
– Кеңеске қарсы үгіт жүргізген; 
– Қазақстанды КСРО-дан бөліп әкетіп,Жапонияның протектораттығына 
бермек болған; 
– Өздері Жапония мен Германияның тыңшысы, «ұлтшыл фашистер» деген 
т.б болжаммен айыпталды; 
Саяси қуғын-сүргіннің себебі, сипаты, салдары: 
Қазақстанда саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан 
бері 31 мамырда атап өтіледі. 1993 жылы республикада саяси қуғын-сүргін 
құрбандарын ақтау туралы заң қабылдады. 
Мақсаты: 


– отаршылдық салдарын жою 
– саяси зұлматтан зардап шеккен жандардың құқығын қалпына келтіру 
– тоталитарлық режімнің акциялары мен актілерге саяси құқықтық баға беру 
Статистикалық мәлімет бойынша 
Ресми деректер бойынша КСРО –да 3,77 млн адам Сталиндік репрессия 
құрбаны болған. Олардың 500 мыңы атылса , қалғандары 
– 25 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған. Бүгінгі таңда 1921-1954 
жылдар аралығында 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 
мыңнан астамы атылған. Елімізде бүгінгі таңда 345 мың заңсыз қуғындалған 
адам ақталды. Олардың ішінде Қазақстанға жер аударылғандар бар. 
Саяси қуғын-сүргін сипаттары: 
– 1921 – 23 жылдарда малды тартып алу 
– малдан айырылудың кесірінен болған аштық 
– шаруалар көтерілісі мен “бандыларды жою” деп аталған қырғын науқан 
– бай –кулактарды жою, олардың мүліктерін 
тәркілеу және жер аудару 
– 1923-33 жылдар аралығындағы дін өкілдерін жазалау 
– халық жауларымен , шетел тыңшыларымен жүргізілген күрес 
Айып түрлері : 
– халық жауы 
– Отанына опасыздық жасағандар 
– шпиондар 
– сатқын 
– буржуазияшыл –ұлтшыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет