Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
“Педагогика және психология” мамандығы
Қақтығыс кез келген әлеуметтік-психологиялық құбылыс құрылымы ретінде
Орындаған:Нуржигитова Альмира
Тексерген:Орынбаева.Л.К
Жоспар:
1.Қақтығыс дегеніміз не және оның блгілері қандай?
2.Қақтығыстың себептері қандай?
3.Әлеуметтік қақтығыс
4.Психологиялық қақтығыс
5.Қақтығыстың құрылымы
6.Қорытынды
1.Қақтығыс. Ұлғайып келетін қақтығыс жағдайының белгілері. Қақтығыстың өту кезеңдері. Қақтығыс тұлғасының мінез-құлық белгілері.
Психологияда қақтығыс теріс эмоционалды күйзелістермен байланысты жеке тұлғалардың немесе адамдар тобының қарама-қарсы бағытталған, бір-бірімен үйлеспейтін тенденциялардың соқтығысуы, санадағы жеке эпизодтың, тұлғааралық өзара әрекеттесудің немесе тұлғааралық қарым-қатынасының қақтығысы ретінде анықталады. Осыдан қақтығыс жағдайларының негізі - қарама-қарсы бағытталған мүдделер, пікірлер, мақсаттар, оларға жету жолдары туралы әртүрлі идеялар арасындағы қақтығыс болып табылады.
Әлеуметтік психологияда қақтығыстардың көп нұсқалы типологиясы бар, олар негіз ретінде алынған критерийлерге байланысты.
Қақтығыс болуы мүмкін:
ішкі тұлғалық (туыстық жанашырлық пен басшының қызметтік парызы арасындағы қақтығыс);
тұлғааралық (лауазым, қызметкерлер арасындағы сыйақы тұрғысында басшы мен орынбасар арасындағы қақтығыс);
жеке тұлға мен ол кіретін ұйым арасында;
бір немесе әртүрлі мәртебедегі ұйымдар немесе топтар арасында.
Қақтығыстарды көлденең жіктеуге де болады (бір-біріне бағынбайтын қарапайым қызметкерлер арасында); тігінен (бір-біріне бағынатын адамдар арасында); аралас. Ең жиі кездесетін қақтығыстар тік және аралас қақтығыстар, олар барлық қақтығыстардың 70-80% құрайды.
2.Қақтығыстың себептері
Қақтығысты, оны тудырған себептердің сипаты бойынша жіктеуге де болады. Қақтығыс туындауы мүмкін:
адами қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері: ұнату мен ұнатпау, мәдени, этникалық айырмашылықтар, басшының іс-әрекеттері, психологиялық коммуникацияның нашарлығы және т. б.;
топ мүшелерінің жеке ерекшеліктерімен, мысалы, олардың эмоционалды жағдайын бақылай алмауымен, агрессивтілігімен, әдепсіздігімен, қарым-қатынассыздығымен және т. б.
3. Әлеуметтік қақтығыстар - әлеуметтік іс-әрекет барысында қарсы жақтардың мүдделерінің, мақсаттарының, жеке тұлғалар мен топтардың қажеттіліктерінің қайшылыққа ұшырауы, күресі. Әлеуметтануда және саяси теорияда бұл ұғымды түсіндірудің әртүрлі әдістемелік қырлары бар. Солардың бірі - мінез-құлықтық (бихевиористік) - қақтығысты жеке адам немесе тұлға өз мақсатына, мүдделеріне жетуді көздеп, оған ұқсас немесе бірдей мақсат пен мүддені көздеген қарсы жақты ығыстыру не бағындыруға талпынатын әлеуметтік процесс ретінде бейнелейді. Қақтығыс, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы, бірақ, оны жүзеге асыруда бірдей құралдар қолданатын топтардың арасында да болуы мүмкін. Қақтығыста қашан да қарсыластың бар екендігін түйсіну бар, екі жақтың да діттегендері мен мақсаттары анық белгіленген. Қақтығыстар өзге құндылықтар жүйе- сін қабылдамау, қарсыласқа жағымсыз қатынастардың ымырасыз қайшылығы негізінде туады. Бұл ұғымның ең танымал түсіндірмесі американ әлеуметтанушысы Л.Козерге тиесілі. Оның пікірінше, қақтығыс - қарсыласушы жақтардың арасында жетіспейтін ресурстар үшін күрес туғызып, бәсекелесті қарусыздандырып, залалын тигізіп, тіпті шеттетуге дейін баратын мінез-құлық. Күрес ретіндегі қақтығыс анықтамасында ашық қарсылыққа көшетін субъектердің өзара қатынасының ширығуы ерекше көңіл аударуды талап етеді.
Әлеуметтік қақтығыстардың себептері - қоғамның жіктерінің арасында шиеленісті туғызатын объективті және субъективті факторлар. Олар алуан түрлі. Марксистік сараптамалық дәстүрге сай төңкерістің объективті негізі ретінде қоғамның өндіруші күштері мен қалыптасқан өндірістік қатынастардың арасындағы қайшылықтар қарастырылады. Сонымен қатар, өндірістің жаңа тәсілдері мен саяси қатынастардың бұрынғы жүйесінің арасындағы қайшылықтар да аталады. Бұл қайшылықтар әлеуметтік ширығушылықтың шиеленісуіне апаратын қоғамдық қатынастар жағдайының төмендеуінен көрініс табады. Ал, кейбір жағдайларда ол тіпті, үстемдік етуші және бағынушы әлеуметтік топтардың арасындағы ашық қарсылыққа ұласады.
Достарыңызбен бөлісу: |