2 БӨЖ (18с.) Пәні: Педагогика Орындаған



бет1/3
Дата16.10.2023
өлшемі25,36 Kb.
#115890
түріҚұрамы
  1   2   3

2 БӨЖ (18с.)
Пәні: Педагогика
Орындаған: Карибай Сымбат
Тобы: БПҚ 121
1.Педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып корсететін кесте құру. Дайындалған кесте бойынша өз ойыңызды дәйектеңіз.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика-кең ауқымды ғылым. Оның пәндік құрамының күрделілігі соншама: тәрбие мәні мен оның барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес.Педагогиканың ірге тасы-философия,дəлірек айтсақ,тәрбие мәселелерімен арнайы шұғылданатын оның тәрбие философиясы атамасын алған тармағы. Тәрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тәрбиелік тәжірибеде әртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия-педагогикаға танымның жалпы бағытбағдарын, педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеудің әдістәсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас және жүйелік, құрылымдық талдау әдістерімен бірге педагогиканың әдіснамалық негізі деп атау қабылданған.

Жүйелік

Жүйелілік-педагогика курсының оқытуын және қалыптастыруын педагогикалық жүйе ретінде қарастырылады,жоспарлайтын нәтижелілігі, толық оның жүйелілігіне және құрылымына тәуелді болады. Жүйеліліктің негізгі түсініктері:жүйе,құрылым,жүйенің компонетті,жүйенің элементті,байланыстар, жүйеқұрушылық элементті.

Іскерлік

Педагогикалық iскерлiк - бұл теориялық білімге негізделген және үйлесiмдi дамыған жеке тұлғаны дамытуға бағытталған, автоматтандырылған бiрiздi жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы (В.А Сластенин).
Педагогикалық іскерлік - мұғалімнің әр түрлі әрекеттерінің жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалык әрекет функцияларына сәйкес, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялык ерекшеліктерін аныктайды (В.А. Мижериков)

Контекстік

Контекстік іздестіру - қүжаттардың (түсініктемелердің) мәтіні бойынша іздестіру; іздестірудің "мәтін бойынша іздестіру" шартын таңдаған кезде орындалады.

Модульдік




Модульдік оқыту технологиясы- білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, Оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.



Аксиологиялық

Педагогикалық аксиология - 1. тәрбие, білім, оқу, педагогикалық қызметі адам өмірінің құндылықтары ретінде қарастырылатын педагогикалық білім тарауы; 2. педагогикалық қауымдастықтың жаңалықты, инновацияларды қабылдауы, бағалауы және игеруі жөнінде ғылыми білім (әлеуметтік-педагогикалық қауымдастықтың жаңаны кабылдау туралы ілім).

2. Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау.
Педагогика ғылымында тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, тұлғаның құзыреттілігі т.б. негізгі категориялары мен ұғымдары болып табылатыны белгілі.Тәрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» бір - бірімен тығыз байланыста дамиды. Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге келеді де, ол даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (өмірге, адамдарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыптасады.
Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік - тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным - сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез - құлық бірте - бірте белсенді - жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық - әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық - физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық мен шығармашылық іс - әрекетінің жетілуіндегі,дүниетанымдық,имандылық,қоғамдық-саяси қөзқарастары мен нанымдарындағы бір - біріне кіріс байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісін білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет