2. Үйлену фольклоры: Той бастары, жар-жар, сыңсу, аушадияр, беташар, неке қияр



Дата09.02.2023
өлшемі24,2 Kb.
#66563

Әдебиет–тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін оны халық қалап, қастерлеп, жаттап, жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп, қадірлеп қалыптастырып, асылым деп ақылсанасына сіңірген ауыз әдебиетінің үлгілері – мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол – ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды жалындататын, қиялды қияндататын, ақыл-сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра. Отбасылық ғұрып фольклоры – адамның туу – ер жету - өлу цикліне жататын ғұрыптарға байланысты туып қалыптасқан, адамның пәни мен бақиға деген дәстүрлі дүниетанымы мен ішкі сезім сырын жырлайтын, өзіндік қалыптасқан поэтикалық жүйесі бар шығармалар шоғыры. Елдің тұрмыс – салтымен біте қайнасқан, адам ғұмырының кезеңдеріне байланысты ғұрыптармен бірге өріліп, оның ішкі ділін сөз өрнегіне сіңірген шығармаларда халықтың адамзат ғұмырына қатысты дүниетанымы, қуанышы мен мұң-шері, арман аңсары, мұрат-мүддесі жырланады. Ол – елдің әдет-ғұрып, салт – дәстүріне қатысты тұрмыстық мазмұн мен көңіл терберлік лирикалық сезім күйлері қатар тартылып отыратын поэтикалық құрылымы күрделі жанр. Отбасылық ғұрып фольклорын ішкі жанрлық түрлерге саралауға болады:
1.Әлпештеу фольклоры: Бесік жыры, сәбилік салт жырлары, мәпелеу жырлары, уату-алдарту жырлары;
2. Үйлену фольклоры: Той бастары, жар-жар, сыңсу, аушадияр, беташар, неке қияр.
3.Азалау фольклоры: Арыздасу, естірту, көңіл айту, жоқтау.
Қазақ фольклорын жанрлық түрлерге жіктеу тәжірибесіне сүйене отырып, бүгінгі фольклортану тұрғысынан қарастырғанда отбасылық ғұрып фольклорының ішкі жанрлық сарасы осы жүйеге келіп сарқады. Бұл - фольклорлық шығармаларды отбасылық ғұрыптық кешеніне айналған тараутарау ішкі жанрлық түрлерден құралған тұтас көркемдік жүйесі бар, қазақ фольклорының жеке арнасы ретінде қарастырудың бір қадамы. Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл – халық педагогикасының үлкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал, халықтың мақалмәтелдері педагогикамен қатар, философиялық дәрістердің түсініктемелеріне арқау бола алады. «Халық мұрасы танымдық, тәрбиелік мәні шексіз, шектеусіз терең дүние. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, сәбидің жан-дүниесінің Репозиторий КарГУ қалыптасуына, рухани марқаюына негізгі ұйытқы болатын шығармалар өзінше арна түзеді. Мұны фольклор ішінде «балалар фольклоры» деп атау қалыптасқан. Сәбилер дүниетанымы ес біле бастағаннан-ақ екі түрлі негізге сүйенеді. Оның алғашқысы – машықтық дағды, яғни көрген-білгенін тез қағып алып үйрене қайталау. Екіншіден, бала жан дүниесі сезімге ерекше бай, әсерленгіш келеді. Бұл, әсіресе, жеткіншектік жаста ерекше көрінеді. Баланың айналасын танып білудегі бұл ерекшелігін жетінші қарасөзінде ұлы Абай да тап басып көрсетеді»,-дейді Ш.Ахметов. Сонымен, балалар фольклоры–балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасы. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, тілінің нәрлілігімен, ақ пен қараның жігін айқын ажыратқан тәрбиелік маңыздылығымен бағалы.
Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан өз қанатымен қалықтап ұшқан балапандай бала да, ең алғашқы тіршілігін бастайды. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған дамал сойып, жұрт жияды.Баланың анасы ала-құла шуда жіптен екі-үш қарыс дайындап, оны ауылдағы ең бір желаяқ пысық әйелге: «Ал, тұсауды сен кес. Өзіңдей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсамысша байлап сонан соң ортасынан кеседі. Бала андайдағы апасына қарай тәлтіректей жөнеледі. Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимайлайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болу үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы. Осы арада «баланың аяғында не себепті ала жіп байланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген сұрақ тууы мүмкін. Бұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін кезінен – осы тұсауы кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдірге алма дегенді әу бастан ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне, ең құрығанда бұзауға моншақ болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам ой кезіксе кесіп-құртұға тырыс дегені. Бұл – екінші себебі. Бірінші бастағы айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу, ақжол тілеу. Жоғарыдағы біз сөз еткен бессалтты қазақ ұлға да, қызға да ортақ істеді де, алдағы ашамай тойы, тоқым қағуға барғанда ұл әкенің, қыз шешенің баулуына бөлініп, тәрбиенің түрі өзгереді.Бесік жыры баланы тербетіп отырып аналық мпхаббатпен айтылытын тәрбиелік тағылымдық мағыныға ие өлең жыр.онда жас бала дені сау,еңбексүйгіш өнерлі елін қорғаушы азамат болып өссе екен деген тілек байқалады.Бесік жыры үлгілерін алғаш Ә.Диваев 1905 жылы жариялаған Әй-әй бөпем, әй бөпем.
Ән айтайын,бал бөпем.
Ән тыңдағын келсе егер,
Және айтайын, жан көкем…
Бөпем менің ай ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен?
Ойнақтап бір бәйгіден
Озып келер тай ме екен?
Тас бұлақтар тауда екен,
Жас құрақтар сайда екен.
Көлбең-көлбең ұшатын
Көбелектер қайда екен?
«Ел болу үшін, бесігіңді түзе» – деген нақыл айтып кеткен Мұхтар Әуезов атамыздың бұл бір сөзіне ой жүгіртсең, елдің санасы сонау бесік тәрбиесімен байланысы зор екенін айтады. Қазақ даналығының алтын қазынасы тіл мен тәрбиеде жатқаны анық. Ғасырлар бойы көшпелі қазақ жұртының өмірден алған тәжірибесі, бүгінгі күнде Қазақстан Республикамыздың тағдырына үлкен үлесін қосуда.
Ал енді, бесік атауының шығуына байланысты тілші-ғалым Ә.Нұрмағамбетов былай дейді:
«Нәресте жататын төсекті ана тілімізде ,,бесік,, деп атайтынын білесіңдер.Қазақ сөзінде без, безек, безілдеу, безу, безеу, безгілдек, безбен т.б. толып жатқан төл сөздер бар.Осы аталған сөздердің барлығының түбірі – без.Бұл сөздердің барлығы қозғалу, ырғалу, шайғалу, тербелу деген ұғымға сыйып тұрғандықтан «бесік» әу бастан «безек» немесе «безік» болып, беретін «з» дыбысы қатаң «с» дыбысына ауысып, «бесік» болып қалыптасса керек. Бұл біздің бірінші жорамалымыз.Екінші ойымыз:бесіктің жасалу жолына қарай, оны құрайтын негізгі бес ағашқа байланысты «бес уық» сөзінің туындауы мүмкін дегшен тұжырым жасауға болады. Олай дейтініміз, қазақ халқы негізінде екі түрін тұтынған. Оның ертерек пайда болған түрі «аспалы бесік» деп аталады. Аспалы бесіктің жасалу жолдары өте қарапайым. Оны әзірлеу үшін бес тал, жуандығы біркелкі, жұмыр талдар болса болғаны. Ондай бесікті көшіп – қону кезінде уықтап жасай салу әбден мүмкін жай. Кейін келе бес уық – бесық – бесік болып қалыптасып кеткен тәрізді. Жалпы «бесік» атауының әлі де болса терең зерттеуді қажет ететіні даусыз. Қазақ халқы көшпелі өмір сүргенімен де әр мүлікті қастерлеп, оларға өзіндік ырым- тыйымдар жасайтын болған.Біреулерден ауысып келген немесе жаңадан жасатқан бесікке ең алғаш бөленген бала қайтыс болса, оны ешуақытта пайдаланбағандығының өзінен бесікке деген наным-сенімдер ерекше. Бесік әкелудің өзі керемет бір сән- салтанат десе де болады. Келіннің төркіні «іздеушісі, сұраушысы бар екен» дегізіп бір топ болып келетін болған және де жай келмей баланың бесік жабдығымен түгелімен, түбек-шүмегіне дейін жасап әкелген. Бесік жабдықтарын барынша әдемілеп жасаған.Түбегі мен шүмегінен басқа, қолтық жастық, тізе жастық дегені болады және олар ешқашан сүреңсіз сұр түсті маталардан тігілмеген. Кішкентай көрпешелері де мүмкіндігінше ашық түсті маталардан тігілген. Бесіктің басына үкі тағады. Өйткені бала әсемдікке, әдемілікке бесікте жатқан кезінен бастап үйренуі керек. Бала бесікте көп жатады. Бесік – баланың жылы ұясы. Баланың нағашы жұрты бесікпен бірге, немерелі болып жатқан құда-құдағиға да сый-сияпатын ала келеді. Әрине, мұның бәрін әркім қалдерінше жасалады. Сәбилі болып жатқан қызының нәрестесіне бесік әкелу – қыз төркінінің, әсіресе, анасының парызы.
Бесіктің пайдасы жөнінде біршама әңгіме айтқан көрші апам да мені ойға қалдырды.Расында да қолда барда жақсының қадірін біле бермейтініміз рас. Әйтпесе, баланың қалыпты өсуі үшін бесіктен артық не бар? Жастардың соңғы кезде памперске үйреніп алғаны рас. Олар алдымен памперсті баланың құрғақ жүруіне септігін тигізеді деп ойлайды.Содан соң оған кірді жиі жуудан құтқаратын бірден бір дүние деп қарап, жиі пайдалануға ұмтылады. Памперстің осындай тиімді жақтары бар екені рас, бірақ оны балаға үнемі кигізіп қоюға болмайды. Себебі көпшіліктің айтуы бойынша, памперсті үнемі киіп жүретін бала оған сеніп алып, дәретін астына жібере салуға үйреніп кетеді. Ал бұл әдеттің бала тазалығына нұқсан келтіретіні өз алдына, сәбиді ауру қылатыны тағы бар. Дәрігерлердің айтуынша, памперс жас баланы «Ночной энурез» деген науқасқа шалдықтырады екен.Яғни баланың памперске үйреніп кететіні сондай, кейін ол өсе келе дәретін өздігінен игере алмай қалатын көрінеді.Осыдан кейін, баланың жүйке жүйесі нашарлап, неврологиялық ауруға шалдығады. Қазіргі таңда памперсті үнемі киген балалардың дені осындай сырқатпен ауырады екен.Түнде төсекке, күндіз іш киіміне еріксіз жібюеріп қоятын баланың өзінен-өзі қорқақтап, жасқаншақ боп өсетіні рас. Ал мұндай жағдайдың баланың мінез-құлқының қалыптасуына теріс әсерін тигізетіні айтпаса да түсінікті.Оның үстіне памперс балалардың жыныс мүшелерінің жетілуіне кері әсерін тигізеді деген де әңгіме бар.Осылай деп жүргендер шетелдіктердің демографиялық дағдарысқа ұшырауының бір себебі осында жатыр дегенді айтады.Ойланған адамға бұл әңгіменің жаны бар секілді.Сондықтан жастар жоғарыда айтылғандарды қаперіне алып, уақытша жан тыныштандырғаннан гөрі балаларының болашағын ойлағаны дұрыс.
Бесік жыры – тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айалған.Бесік жырында халықтың төл тартхының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар.Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусәр бұлағы деп таниды.Әлем халықтарының Бесік жырлары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы,поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынын үндесіп жатады.Бесік жырының басты қызметі – бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сазбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан дүниесі менсанасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет