№47 (18256) 29 сєуір 2015 ж сєрсенбі Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата22.12.2016
өлшемі19,06 Mb.
#15
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

№47 (18256)

29 сєуір   2015  ж.                              сєрсенбі

Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр

Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр

Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр

Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр

Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр

1 МАМЫР – ЌАЗАЌСТАН ХАЛЌЫНЫЊ БІРЛІГІ К‡НІ

Ќ±рметті


ќостанайлыќтар!

Сіздерді Ќазаќстан халќыныњ

бірлігі к‰німен шын ж‰ректен

ќ±ттыќтаймын. Б±л мереке

дєст‰рге айналды жєне біздіњ

кμп ±лтты халќымыздыњ жанына

жаќындай т‰сті.

Тєуелсіздік жылдары ішінде

Ќазаќстанда т±рып жатќан бар-

лыќ этностардыњ єділетті

ќаѓидаттары – μз мєдениетін

дамыту, туѓан тілін, салт-

дєст‰рлерін  саќтау ќ±ќыќтары

ныѓайды. Біріктіретін бастау,

сондай-аќ оныњ бастылары бар-

лыќ азаматтарыныњ тєуелсіздігі,

есендігі жєне μркендеуі болып

отырѓан ќазаќстандыќтар ќ±нды-

лыќтарыныњ ортаќтыѓы болып та-

былады.


Біздіњ еліміз – кμптеген мем-

лекеттер ‰шін бейбітшілік пен

т±раќтылыќтыњ ‰лгісі. Республи-

каныњ барлыќ жетістіктерінде

бірегей ќоѓамдыќ  институт –

Ќазаќстан  халќы Ассамблея-

сыныњ ќомаќты ‰лесі бар.

Біздіњ Мемлекеті-

міздіњ басшысы салмаќ-

ты міндеттерді – "Н±рлы

жол" жања  экономи-

калыќ саясатын, "Мєњ-

гілік Ел" жалпы ±лттыќ

идеясын іске асыруды алѓа

ќойып отыр – Ќазаќстанныњ бо-

лашаѓы олардыњ орындалуына

байланысты. Осынау ќайта

ќ±рулардыњ мыќты іргетасы

біздіњ ќоѓамдаѓы бірлік пен

келісім болып табылады.

Єрбір ќостанайлыќ отбасы-

на баќыт жєне ќ±т-береке,

бейбітшілік пен ізгілік, молшы-

лыќ пен μркендеу тілеймін.



Ќостанай облысыныњ

єкімі

Н.САДУАЌАСОВ.

Ќ¦ТТЫЌТАУ

2

29 сәуір  2015 жыл

Жанұзақ АЯЗБЕКОВ

Таяуда    әріптес-тележор-

налшы Қажы  Қорғановпен  Қос-

танайда жүздестік.  Қоғамдағы 

келеңсіз құбылыстарға  жаны 

қас,  ойындағысын  оймақтай 

етіп ойып бере салатыны бар 

ардагер  көкеміздің    осыдан 

он  жылдай  бұрын  баспасөз 

бетінде  «Ұлы»  деген  сөзді 

қымсынбайтын  болдық  деген 

қалың зия лыға қаратып айтқа-

ны есімізге түсіп, қазіргі жағдай 

қалай дегендей сөзге тарттым.

– Несін айтайық,бауырым, 

одан сайын өршіп барады!  Мен 

бұрын, есіңде болар,    «ұлы» 

сөзiн  адамға  телу  бұл  сөз 

халқымыздың  дiнсiздену  қа-

нына сіңген Кеңестiк заманның 

«жатырынан» жаралған деген-

мін. Себебі, мiнбеге көтерiлген 

партия,  совет  қызметкерлерi 

бастап,  қалғанымыз  қоштап, 

баяндамамыздың  бiсмiлләсi 

«Ұлы совет халқы», «Ұлы орыс 

халқының  арқасында»  деп 

бастайтын едік. 70 жыл бойы 

сан  мың  мәрте  қайталанып, 

санамызға  сiңгенi  сонша,  бү-

гiнде сол сөз тiркестерi Кеңес 

заманының тәбәрiгiндей сөздiк 

қорымызда  қалып,  енді  міне 

сиырдың  бүйрегіндей  быты-

рап,  көрінген жерден алдымыз-

дан шығатын болды.  Бұрынғы 

көкірегі  ояу  зиялылар  «Ұлы» 

деген сөз Жаратушының теңеуi 

екенiн, оны жер басып жүрген 

жұмыр  басты  пендеге  телу  – 

күпiршiлiк  болатынын  білген.  

Бiлген соң алаштың ардақты-

ларына атақты басқа теңеу тап-

ты. Ахмет Байтұрсынов Абайды  

«халқымыздың    бас  ақыны» 

десе,  Мағжан  Жұмабаевты 

«хакiм  ақын»  деп  бағалады. 

Христиан дiнiндегiлерге «ұлы» 

сөзiнiң сөкеттiгi жоқ.  Өйткенi, 

олардың құдайлары – Иса (Ии-

сус) с.ғ. пайғамбар кәдiмгi жер 

басып жүрген пенде –  Мәриям-

нан туды. Яғни, Иса (с.ғ.) пай-

ғамбар да – пенде. Сондықтан 

орыстардың «Ұлы Петр», «Ұлы 

Толстой»  деп  айтуы  орынды 

секілді.  Әйтсе  де  Иса  (с.ғ.с.) 

пайғамбар  мақтау-марапатты 

жақтырмаған.  Әсiресе,  өзiн 

Құдайға  теңеп  жалбарынған-

дарға  жиiркенiшпен  қарап 

тұрып,  көктегi  Әкеге  («Отец 

более меня») табыну керектiгiн 

ескертіпті. Ал біз бүгінде кілең 

«ұлылар»    мекендеген  елде 

жүрміз, – деді Қажекең.

Менің  есіме  ол  кісінің  сол 

мақаласындағы: «Көз көрген-

ді  айтайын.  90-жылдың  орта 

шенiнде Қазақ политехникалық 

институтының ректоры болған 

профессор Әшiм Омаров аға-

ның  үйiне  бардым.  Сәлем 

берiп,  төрге  бөлмеге  кiрсем 

Әшкең Асқар Қонаев екеуi әң-

гiмелесiп отыр екен.. 

Асқар iнiсi бірде ел аралап 

келген Димекеңе сәлем берiп, 

амандық-саулық  сұрауға  ба-

рады.  Аз-кем  әңгiмеден  кей-

iн  Димаш  аға:  «Асқар,  елдiң 

адамдары менi «сiз ұлысыз, сiз 

ұлы адамсыз» дей бередi, со-

нысы қалай өзi?» – деп бiртүр-

лi  ыңғайсыздана  ойға  шома-

ды. Аяқ астынан айтылған бұл 

сөзге iнiсi де кесiмдi пiкiр айта 

алмай: «Ендi халық солай деп 

жатса,  ұлы  болғансыз  да...», 

–  деп  жауап  бередi.  Осы  бiр 

өткен  әңгiменi  еске  алған  екi 

аға бiраз үнсiз отырып қалды.» 

– дегені есімде.

Редакцияға  күнделікті 

пош тадан  әр  түрлі  тақырып-

тағы хат-хабарлар қараймын. 

Жазарманның  бір  парасы 

–  аға ұрпақ, кешегі заманның 

«шекпенінен» шыққан, екі жүй-

ені  көріп келе жатқан біздің за-

мандастарымыз. Әсіресе ақын 

– жазушыларымыз қаламы да, 

құлағы да,  аузы да әбден қа-

лыптасқаны соншалықты  осы 

«ұлы» сөзін оңды-солды сілтей 

беретін  болды.  Бір  кісіге  әб-

ден ырза болса «Сөз жоқ ұлы 

адам», бір нәрсеге риза бол-

са «Бұл бір ұлы дүние», «Ұлы 

дала», «Ұлы денесі» әйтеуір не 

керек, бір айрықша ауқымды, 

таңғаларлық  құбылыстардың 

бәріне осы сөзді жегіп алдық, 

енді оны кейінгі жастар да іліп 

әкетті..

Теледидардағы  әңгіме-дү-

кен  үстінде  Баукеңнің  ұлы 

Бақытжан Момышұлы «Сөздің 

де жаны бар, соған абай болай-

ықшы» деген еді. Шыны керек,  

«Ұлы» сөзінің жанын жеп біттік, 

абай болуды қойдық.



БАС РЕДАКТОР ӘЛЕМІ

4444444


44444444444444444444

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді ынтымақтастық, достық, татулық пен келісім ме-

рекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен 

құттықтаймын!

Бұл игі мереке – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, достығы 

жарасқан тірліктің мерекесі. Бүгінде достық, сенім, ынтымақ, 

бірлік ұғымдары этносына, діни сеніміне қарамастан барлық 

азаматтар үшін айнымас берік ұстанымдарға айналды. Біздің 

мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтара-

лық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сый-

ластығы болып табылады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбев: «Елдігіміздің ертеңі ошақтың үш 

тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге 

сыйып тұр. «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық 

мүдделер. «Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағ-

дыр» - бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар 

мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келе-

шегіміз – игілікті және өсіп-өркенде-

ген Қазақстан» – деп ерекше 

атап өтті.

Қымбатты қостанайлықтар! 

Мереке құтты болсын! Елімізде 

тыныштық  пен  бейбітшілік, 

отбасымызда  берекелік  пен 

үйлесімділік, татулық орнай 

берсін!


Құрметпен,

Қостанай облыстық 

мәслихатының хатшысы   С.ЕЩАНОВ.

Құрметті 

қостанайлықтар!

Сіздерді  атаулы  мереке-

лер  күнтізбесінде  айрықша 

орын  алатын  мереке  –  Қа-

зақстан  халқының  бірлігі 

күнімен құттықтаймын! Бү-

гінде  біздер  қазақстан-

дықтардың  ең  ізгі  мұрат 

–  тұрақтылық,  бірлік    пен 

толеранттылықты  құндай 

білетін көпұлтты, еркін елде 

өмір сүріп жатырмыз.

Осы бір мамыражай күн-

дері Сіздерге бақыт, бейбіт-

шілік, зор табыс және аман-

дық тілеймін.

Ізгі тілекпен,

Әлия САПАРОВА,

«Нұр Отан» партиясы  

Қостанай облыстық  

филиалы төрағасының 

бірінші орынбасары



Айтолқын 

 

АЙҚАДАМОВА 

Облыстық кәсіподақтар 

ұйымы бірқатар соғыс 

ардагерлері мен тыл 

ардагерлерін Жеңістің 

70 жылдығына арналған 

мерекелік медальмен 

марапаттады. 

Олардың қатары жылдан жылға сиреп 

келеді. Бүгінгі құттықтауға келе алғанда-

ры бір-бірімен сағыныса көрісіп жатты. 

Денсаулығына  орай  келе  алмағандар 

да бар. Сұрапыл соғыс даласында ме-

дициналық көмек көрсеткен жанның бірі 

– Александра Боронина. Ол кісі сол сұра-

пыл жылдарда жараланған әр солдатқа 

барынша көмек беруге тырысты. 

– Әлі есімде жараланған солдаттар-

да есеп болмады. Мен жап-жас қызбын. 

Оларға алғашқы жәрдемді көрсететін-

біз. Қолда бар дәрі-дәрмекпен жараны 

жазуға  тырысып  бағатынбыз.  Соғыс 

даласында  аяғыма  зақым  келіп,  елге 

оралдым. Сол жарақаттың кесірі әлі бар, 

– деп өткен күнді көзіне жас алып еске 

алды қарт ардагер. 

Мерекелік  медальмен  марапат-

талғандар арнайы жайылған дастарқан 

басында бас қосып, дәм татты. 



СУРЕТТЕ: мерекелік шара бары-

сында.  

Ардагерлер мерейі

Алдаберген Қасқаұлы сонау 

сұрапыл жылдары Молдава, Ру-

мыния,  Польша,  Чехославакия 

жерлерін  азат  етуге  қатысты. 

«Висла-Одер» операциясы кезін-

де де Нейсе, Шрее, Одер өзен-

дерінен бастап Берлинге дейін 

барған. Ардагердің Отан үшін от 

кешіп, жанқиярлықпен күрескен 

еңбегі де елеусіз қалған жоқ. Ол 

«Ұлы Отан соғысы» 2-ші дәре-

желі орденімен және «Ұлы Отан 

соғысына 25 жыл», «Жуков атын-

дағы  медаль»,  «Белоруссияны 

босатудың 60 жылдығы» сияқты 

толып жатқан медальдармен ма-

рапатталды. Қолына қару алып 

Отанын қорғаған ардагер атамыз 

бейбіт  күнде  де  елінің  жарқын 

болашағы  үшін  аянбай  еңбек 

етті.  Ол  соғыстан  кейінгі  жыл-

дары еңбек жолын жүргізушілік-

тен  бастап,  ұзақ  жылдар  бойы 

Торғай  машина-трактор  стан-

сасында,  одан  кейін  Семиозер 

жолаушылар  таситын  автобус 

паркінде жиырма жылдай еңбек 

етті. Бүгінде сексен тоғызға кел-

ген ардагер өзін осы ғұмырында 

еңбекте  ғана  емес,  отбасында 

да үлкен бақытқа кенелген жан-

мын деп санайды. Құдай қосқан 

қосағы Ақбала әжемізбен бірге 

алпыс екі жыл бірге ғұмыр кешіп 

келеді. Балаларын бар байлығым 

деп санайтын қос қария осы күні 

он бір баладан тараған немере, 

шөберелерінің қызығын көріп, со-

лардың амандығын тілеп отырған 

жайы бар.  

–  Ауданымызда Алдаберген 

атамыз тәрізді ардагерлер сау-

сақпен санарлықтай ғана қалды. 

Әрине, ардагерлерімізге қандай 

құрмет пен сый көрсетсек те ол 

аздық етеді. Өйткені, бұл кісілер 

сол сұрапыл жылдары қайсарлық 

пен қаһармандық танытып, Отан 

үшін от кешіп, бізге бүгінгі бей-

біт өмірді сыйлады. Ал, жауын-

гер  аталарымыздың  ерліктерін 

өскелең ұрпаққа таныту – біздің 

міндет. Сондықтан, мереке қар-

саңында атамыздың көңілін бір 

серпілтіп тастайық деген ниетпен 

үйіне келіп, қолқабыс қылып жа-

тырмыз. Ардагердің үйінің аула-

сын тазартып, қыстан қалған қал-

дықтарды шығарып, аз да болса 

өзіміздің көмегімізді тигізудеміз, – 

дейді сынып жетекшісі Г.Әбдірах-

манова.

«Ардагер ата» деп қадірлеп 



келген оқушылар мен ұстаздар-

дың  бұл  көмегіне  ақсақал  да 

дән риза болып, ақ батасын жа-

удырды. Және сұрапыл соғыста 

бастан  кешкендерін  баяндап, 

жауынгерлердің  ерлігі  туралы 

әңгімелеп берді. 

Әулиекөл ауданы.



Ардагерге құрмет көрсетті

Қарлығаш 

 

ОСПАНОВА

Әулиекөлдегі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 

5 сынып жетекшісі Гүлсара Әбдірахманова мен 

тәлімгер Іңкәр Ысқақова бастаған оқушылар 

мен «Жас ұлан ұйымының» белсенділері ардагер 

Алдаберген Қасқаұлының үйінде болып, қарияның 

үйінің ауласын жинастырып, қоқыстан тазартты.

Абай болуды қойдық

Абай болуды қойдық


3

29 сәуір  2015 жыл

Махаббат 

 

БЕКБАЙ 


Бүгінгі күні облыс бойынша 270 дәрігер мама-

ны жетпейді. Маман тапшылығының зардабын 

«Андрофарм» ЖШС көріп отыр. Аталмыш меди-

циналық қызмет көрсету орыны бүгінгі замана-

уи технологиямен толық жабдықталған. Облыста 

тіркелген урологиялық науқастардың 48% осында 

емделеді екен. Ота микрохирургиялық құралдар 

арқылы жасалады. Адам пышаққа ілінбей, отадан 

кейін тез аяғынан тұрып кетеді.

Соңғы  жылдары  ер  адамдардың  қуықалды 

безінің  ісік  ауруларына  шалдығуы  жиі  кезде-

седі. Мәселен өткен жылы «Андрофарм» ЖШС 

медициналық  клиникасы  72  ердің  ауыр  дертін 

анықтаған. Сондықтан аурудың алдын алу мақ-

сатында  андрологиялық  ем  жасауды  кеңейту 

жоспарлануда. Материалдық жағынан оған мүм-

кіндік кең. Тек кадр тапшылығы қол байлау болып 

отыр. 


Дәрігер жетіспеушілігінен жеке меншік ме-

дицина мекемесі мемлекеттік тапсырыс ала ал-

май отыр. Өйткені жеңілдетілген бағамен келген 

науқастарға қызмет көрсетуге адам жетіспейді. 

«Андрофарм» ЖШС директоры Сағынтай Торға-

ев стационарлық бөлімдегі 50 орынға тағы да 20 

қосып,  кеңейте  алатынын  айтты    облыс  әкімі 

Нұралы Садуақасовпен болған кездесуінде.  

Қаладағы жеке меншік медициналық мекеме-

лерді аралаған аймақ басшысы олардың тыныс 

тіршілігімен танысты. Мәселен, «Көктем-3» ЖШС 

стоматологиялық орталығына келушілердің 40% 

мемлекеттік тапсырыс бойынша жеңілдік баға-

сымен тістерін емдейді. Олардың дені 18 жасқа 

дейін балалар, әлеуметтік аз қамтылған азаматтар, 

жүкті әйелдер.  Орталық күніне 250 адамға дей-

ін қабылдауға мүмкіндігі бар. Бұл мекеме өткен 

жылы аккредитациядан өтіп, барлық талаптарға 

сай екендіктерін дәлелдеген. 

Әкім алдағы уақытта жеке меншік медицина-

лық қызмет көрсету мекемелеріндегі мемлекет-

тік  тапсырыс  көлемін  арттыруды,  «Саламатты 

Қазақстан» бағдарламаларына белсенді ат салы-

сып, тығыз қарым-қатынас ортануды тапсырды. 

Одан  Нұралы  Садуақасов  атбасын  тіреген 

тағы  бір  әлеуметтік  нысан  –  бұл  құрылысы 

жалғасып  жатқан  мектеп  болды.  Мемлекеттік 

тілде оқытатын білім ордасы 500 оқушыға қарас-

тырылған. Мердігер «Рудныйсоколовстрой» АҚ 

директоры Филорет Якупов құрылыс жаңа оқу 

жылына  дейін аяқталады деп сендірді. 

БИЛІК  ЖӘНЕ  ХАЛЫҚ

Басты мәселе –   

      дәрігерлер тапшылығы

Үстіміздегі сәуір айының 20 күні 

газетіміздің сайтында «Қауіпсіздік 

белдігін тақпауға бола ма?» (http://

kostanaytany.kz/archives/21843) 

атты полиция қызметкерлерінің 

өздерінің тәртіп бұзғаны туралы 

бейнеролик жарияланған бола-

тын. Өрес келдік 18 сәуір күні сағат 

күндізгі 11.00 шамасында болған. 

Қостанай  қаласындағы  Қайыр-

беков көшесі бойымен көлікпен 

келе  жатқан газетіміздің тілшісі 

Қыдырбек  Қиысхан  қатарласып 

өтіп бара жатқан жол-патрульдік 

полиция  машинасында  тәртіп 

сақшыларының қауіпсіздік белді-

гінсіз отырғанын көреді. Тілші осы 

көріністі ұялы телефонның бейне 

камерасына түсіріп алыпты. Ал-

дыңғы қатарда отырған полиция 

қызметкерлерінің екеуі де белдік 

тақпағанымен,  бейне  жазбада 

тек тізгіндегі тәртіп сақшысы ғана 

анық көрінеді. Полиция қызмет-

керлерінің көлікте қауіпсіздік бел-

дігінсіз жүруі қаншалықты заңды, 

жоғарыдағы бейне таспадағы по-

лиция қызметкерлерінің аты-жөні 

кім, тәртіп сақшыларының мына 

әрекеті заңсыз болса, олар жазаға 

тартыла ма? Осы сауалдарға об-

лыстық ІІД өкілдерінен ресми жа-

уап күткен едік.  

Сайтта  жарияланған  бейне 

материал  мен  мақалаға  қатыс-

ты  облыстық  ІІД  МТ  және  АБ 

басшысы  Ә.Нұрмахиннен  газет 

басшылығының атына жауап хат 

келді.  


«Полиция  қызметкерлерінің 

жол  қозғалысы  тәртібін  бұзуы 

туралы сіздің басылымыңыз дың 

веб-порталында  орналасты-

рылған бейне түсірілім Қостанай 

облысы ішкі істер департаментінің 

өзіндік қауіпсіздік басқармасы қыз-

меттік тергеу жүргізді.

Тергеу қорытындысы бойын-

ша автокөлікті басқарған полиция 

жүргізушісі  ҚР  Әкімшілік  құқық 

бұзушылық туралы Кодекстің 593 

бабының 1 тармағы «Қауіпсіздік 

белдігін  қолдану  тәртібін  бұзу» 

бойынша  әкімшілік  жауапкер-

шілікке  тартылды.  Қызметкерге 

9910  теңге  көлемінде  айыппұл 

салынды.


Сонымен  қатар,  Қостанай 

облысы  ІІД  бастығының  бұй-

рығымен автокөлік ішінде отыр-

ған  екі  полиция  қызметкері 

тәртіптік  жазаға  тартылды» 

делінген. 

Департамент өкілдері тілші-

ге  азаматтық  тұрғыдан  тәртіп 

бұзушылыққа  немқұрайлық  та-

нытпағаны және ақпарат ұсынға-

ны үшін алғысын білдіретінін де 

жеткізіпті. Дегенмен хабарламада 

жазаға тартылды деген полиция 

қызметкерлерінің аты-жөндерінің 

кім екендігі жазылмаған.

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Жолда жүру тәртібін  

бұзған кім?

«Үміт» қоғамдық бірлестігіне 

автокөлік сыйлады

Махаббат 

 

БЕКБАЙ 

Облыс әкімі Нұралы 

Садуақасов жақында 

«Үміт» қоғамдық 

ұйымында болғанда темір 

тұлпар сыйлауды уәде 

еткен еді. Сол уәдесінде 

тұрып, 16 орындық 

«Ивеко» автокөлігінің 

кілтін қоғамдық ұйым 

төрағасы Дүйсенғали 

Оспановқа  тапсырды. 

 – Сіздердің қоғамдық ұйымдарыңыз атына заты сай, мүмкіндігі 

шектеулі жандарға жарқын өмірге үміт береді. Мұндай қайраттылық 

тіпті он екі мүшесі сау адамда да болмай жатады. Мына көлік игілік-

теріңізге жарасын. Тағдыр тауқыметіне ұшыраған жандарға көмек 

көрсету жолындағы ісіңізге пайдасы тисін. Ендігі мәселе сіздердің 

ғимараттарыңызды жаңарту. Оны да алдағы уақытта шешеміз деп 

ойлаймын, – деді аймақ басшысы Нұралы Садуақасов. 

 «Ивеко» темір тұлпары отандық, Қостанайда жасалған. «Тобыл» 

ӘКҚ өзінің әлеуметтік салаға қолдау көрсету міндетін орындап, ав-

токөліктің мүгедек жандар игілігіне пайдалануы үшін жағдай жасады. 

 – Осындай үлкен сый жасағаныңызға алғысымыз шексіз. Енді 

біздің ұйымның ауқымын кеңейтіп, облысты аралап, мүгедек жандарға 

барынша қолдау көрсетуге зор мүмкін ашылды, – деп өз ризашылық 

білдірді бірлестік төрағасының орынбасары Аруна Жақсығұлова.  

Темір тұлпарды сынап көрейік деп әзілдеген аймақ басшысы ұйым 

мүшелерімен бірге  шағын автобуспен көшені бір айналып келді. 

h

Қоржында 



– 

алтын мен қола

Айтолқын 

 

АЙҚАДАМОВА

Астанада мүмкiндiгi шектеулi жандар 

арасында қоларбада отырып билеуден 

халықаралық турнир өтті.

Оған Австрия, Грузия, Тайван, Ресей, Қырғызстан және Қазақстан-

ның 5 аймағынан спортшылар қатысты.

Жалпы елімізде қоларбада отырып би билеу спорты жақсы да-

мып, айналысып жүрген адамдар елеулі жетістіктерге қол жеткізуде. 

Арбада отырып би билеу спорты қарыштап келе жатқанын да айта 

кеткеніміз жөн болар. Бұл қажырлы еңбек пен талпыныстың арқасы. 

Сайысқа Қостанай облысы атынан 4 спортшы барған еді. Олар: Аруна 

Жақсағұлова, Жанат Хамзин, Александр Чащин, Салтанат Әбжанова. 

Солардың ішінде Аруна Жақсағұлова мен Александр Чащин арнайы 

бағдарламалар бойынша алтын мен қола медальға қол жеткізіп, облыс 

намысын қорғап, қуанышпен оралды.



СУРЕТТЕ: сайыс жеңімпаздары.

h

Жақсылық жасай білейік

Жуырда Қостанай облыстық балалар үйіндегі №9 топтың тәрби-

ешісі Айгүл Әбілқасымова қалалық мешіттің ұжымына өтініш хат жазған 

еді. Хатта балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жазғы спорттық аяқ киім 

керектігі айтылған. Қайырымдылық жасауға асық тұратын, жетімін 

жылатпаған елдің ұрпағы емеспіз бе! Аталған өтініш бойынша Фато 

мырза бастаған жаны жомарт намазхан жандар, тәжік ұлтының кәсіп-

кер азаматтарының демеушілігімен  14 оқушыға спорттық аяқ киімді 

тарту еттік. Осылайша Алланың қалауымен жақсы іс жүзеге асты. 



Шоқан қажы ӘМІРХАНОВ, 

Қостанай қалалық мешітінің бас имамы. 

Қарлығаш 

 

ОСПАНОВА


Міне, осындай атаумен Әулиекөлде орыс тілді 

және аралас мектептердегі қазақ тілін меңгерген 

өзге ұлт өкілдері арасында аудандық байқау өтті. 

Жарысқа  Диев,  Қазанбасы,  Новонежин, 

Аманқарағай,  Чернигов,  Құсмұрын,  Сұлукөл 

ауылдарындағы  аралас  білім  ошақтары  мен 

аудан орталығындағы С.Баймағамбетов атын-

дағы мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен 

тәрбиешілері қатысты. Сайыскерлерге таныс-

тыру, тақырыпқа шағын мәтін құрастыру, ба-

сылымдарда  берілген  қысқа  мақалалардың 

мамұнын  айтып  беру,  қазақ  ақындарының 

еңбектерінен  тақпақ  немесе  ән  айту,  ұлттық 

нақышқа негізделген қысқаша қойылым қою 

тәрізді тапсырмалар берілді. 

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орын-

ды №2-ші Қазанбасы орта мектебінің математика 

пәнінің мұғалімі Лариса Арсангереева қанжыға-

сына байлады. Екінші орынды №12 Құсмұрын 

орта мектебіндегі даярлық тобының тәрбиешісі 

Инна Бердник иеленсе, ал үшінші орынды Б.Кен-

жетаев атындағы Новонежин орта мектебінің 

геог рафия пәнінің мұғалімі Галина Таушева місе 

тұтты.  Сондай-ақ,  сайыс  нәтижесінде  С.Бай-

мағамбетов  атындағы  мектеп-гимназиясының 

бастауыш сынып мұғалімі Олеся Марданова «Тіл 

жанашыры», Диев орта мектебінің гаеография 

пәнінің мұғалімі Анна Косарева «Ұлттық дәстүрді 

насихаттаушы» номинацияларына ие болды. 

Жеңімпаздар  арнайы  диплом  мен  бағалы 

сыйлықтарға ие болса, байқауда белсенділік та-

нытқан қалған сайыскерлер де  Алғыс хаттармен 

марапатталды.

«Қазақшаңыз қалай?»



4


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет