2 кезең: «Сөз көркі-мақал» мақалдарды жалғастыру



Дата09.11.2022
өлшемі16,89 Kb.
#48809
Байланысты:
макал


2 кезең: «Сөз көркі-мақал» мақалдарды жалғастыру.
1 топқа:

  1. Отан- … (отбасыдан басталады).

  2. Туған жердей жер болмас,… (Туған елдей ел болмас)

  3. Ердің көркі-ерімен… (Отан көркі-жерімен)

4.Ел іші… (алтын бесік)
5.Жері байдың … (елі бай)
6.Батыр туса-ел ырысы, … (Жаңбыр жауса-жер ырысы)
7.Өжет адам… ( өлімді жеңеді)
8.Ат басына күн туса ауыздықпен су ішер,…(Ер басына күн туса
Етігімен су кешер)
2топқа:
1.Отан үшін отқа түс-күймейсің,… (Арың үшін алыссаң-өлмейсің)
2.Пәлен жерде пайда бар… (Өз жеріңдей қайда бар)
3.Туған жердің жері де көрікті … (елі де сүйікті)
4.Диқаншы жерін мақтайды… (Балықшы көлін мақтайды)
5.Жүк ауырын нар көтерер… ( Ел ауырын ер көтерер)
6.Еліңді сүйсең- … (ерлік істейсің)
7.Жақсы болсаң-… (жақын көп)
8.Атау ала болса-ауыздағы кетер,… (Төртеу түгел болса-төбедегі кетер)
3 топқа:
1.Отансыз адам-… (ормансыз бұлбұл)
2.Ел күйінгенде-күйінген батыр,… (ел сүйінгенде-сүйінген батыр)
3.Елінен безген-ер оңбас,… (көлінен безген қаз оңбас)
4.Жақсының аты өлмейді,…(ғалымның хаты өлмейді)
5.Ер жігіт ел үшін туады,… (ел үшін өледі)
6.Батырға оқ дарымайды,… (батылға жау жоламайды)
7.Ердің ісі-келі… (Ездің ісі-керіс)
8.Іргесі берік елді жау ала алмас… (Аузы бір елді дау ала алмас)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет