2 Негізгі бөлім Мектепте шет тілінің фонетикасын үйрету әдісі



бет1/12
Дата13.04.2023
өлшемі80,1 Kb.
#82216
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
шет тілін оқыту құралдары (2)


Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................2
Негізгі бөлім
1.Мектепте шет тілінің фонетикасын үйрету әдісі........................................4
1.1 Ағылшын тілін оқыту құралдары..............................................................4
1.2 Ойын элементтері арқылы оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын және сөздік қорын дамыту..............................................................18
2. Ағылшын тілінде дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру да оқыту құралдарын пайдаланудың әдістемесі................................................22
2.1 Шетел тілінде дұрыс дыбыстау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру......................................................................................................22
2.2 Ағылшын тілін оқытуда ауызекі сөйлеудің рөлі....................................24
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................30







Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі : Шетел тілінің айтылуын үйреткенде сол тілдегі дыбыстардың ерекшеліктеріне, жергілкті диалектіге де көңіл аудару керек, себебі ағылшын тілінде дыбыстық ерекшеліктер және Англиядағы диалектің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ал қазақ тілінде дыбыстық ерекшеліктер болғанменде олар айқын көрінбейді, ал жергілікті диалектінің адамдардың бірін бірі түсінуне қиыншылық әкелмейді. Қазақ тілінде дыбыстық ерекшеліктерінің өте аз болу себебі қазақ халқы көшпенді өмір сүрген, сондықтан халықтың барлығы бір тілде, бір тілдік бірліктерді және дыбыстарды қолданған.
Ал, қазақ тілінде оқитын оқушыларға ағылшын тіліндегі айтылуды үйреткенде біраз қиыншылықтармен кездесеміз. Ол қиыншылықтар ағылшын тіліндегі кейбір дыбыстардың туған тілдегі дыбыстардан қатты айырмашылығы болуынан.
Құрылымдық лингвистика мен лингводидактиканың өкілдері Л.Ельмсиев, Л.Блумфилд, Ч.Фриз, Р.Ладо өз жұмыстарында былай деп танытқан: «…Шетел тілінің айтылуын дыбыстарға еліктету жаттығуларымен үйрету керек».
Л. Блумфилдтің айтуы бойынша шетел тілінің айтылуын шетел тілі мен туған тілдегі дыбыстарды талдау және салыстыру арқылы үйрету керек десе, Ч. Фриздің айтуынша сөздердегі бір ғана дыбысты өзгертіп бір-біріне қарама-қарсы қойып салыстыра үйрету керек деген, мәселен: nais-naiz, pleis-pleiz. Ч.Фриз алдымен дыбыстардың артикуляциясын суреттеп, еліктеу әдісімен жаттықтыру керек деген.
Тілді үйренуші ағылшын тілінде сөйлегенде кейбір дыбыстарды айтқанда өз тіліндегі дыбыстармен ауыстырып айтуға үйір болады.
Лингвистикалық негізде ағылшын тілінің айтылуын үйрету екі бөлімнен тұрады. Олар: физиологиялық фонетика және фонология.
Физиологиялық фонетика дыбыстардың құрылуын және тіл арқылы айтылуын зерттейді және түсіндіреді.
Фонология, ол тілдің фонетикалық қатарындағы компоненттердің атқаратын рөлін зерттейді және түсіндіреді.
Фонология – функционалды фонетика. Ол үш функцияны қарастырады:
1. Конститутивтік (құрастырушы)
2. Дистинктивтік (айырмашылықты білдіретін)
3. Рекогнитивтік (тану)
Конститутивтік функция, ол қандай да сөйлем тіпті ол бір буынды сөзден тұрса да, ол дыбыстардан құралады. Мысалы: I [ai]- мен, бұл сөз белгілі бір буыннан тұрады, бір екпін бар және белгілі бір тонмен (төменгі немесе жоғарғы) айтылады. Дыбысты немесе сөздің құрамындағы дыбысты айтқанда сөйлеуші немесе дауыстап оқып отырған адам бұл сөзді немесе фразаны басқа дыбыстардан тұратын сөздерден шектетіп айтады.
Рекогнитивтік жаттығулар дыбыстарды және олардың тәртібін ажырату қабілеттерін дамыту үшін арналған. Есту қабілеттерін дамыту үшін мұғалім ауызша естіп тану әдістерін қолдануы керек. Мұғалім бірнеше сөздерді айтады, ал оқушылар жаңа дыбысты естігенде қолдарын көтереді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет