2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер. Сөз мәдениеті. Сыни пікір»



Дата22.12.2023
өлшемі18,76 Kb.
#142561

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
«Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер.Сөз мәдениеті.
Сыни пікір» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты: 11.3.5.1-әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу.


Бағалау критерийі: көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады.
тақырып бойынша шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсынады.


Ойлау дағдыларының деңгейі: Жоғары ойлау дағдылары
Орындау уақыты: 15-20 минут
Тапсырма
1.Мәтінді оқып, экологиялық мәселелері кестеге тізбектеп жазыңдар.
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері
Туған еліміздің экологиялық ахуалы қандай екенін көпшілік біле бермейді. Heгe десеңіз, экологиялық ақпараттарды игеру үшін экологиялық білім қажет. Қазақстанның экологиялық жағдайына қосымша талдау жасағанда мынаны байқауға болады: Солтүстік Қазақстан бойыша құнарлы жерлердің 25-30%-ы жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиянды экологиясы айтпаса да түсінікті. Батыс Казақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5 млн. гектарға, ал жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3 млн.гектар жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халықка әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. гектар жер радиоактивті ластануда. Семей қаласынан небәрі 120 шақырым жерде орналасқан сынақ полигонда 40 жыл ішінде 485 ядролық жарылыс жасалды. Олардың 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астындағы сынақтар еді. Қуаты бірнеше килотоннадан 1,5 мегатоннаға дейін болды. Бұл цифрлар ұлттың жанын жегідей жейтін аса ауыр қасіретті көрсетеді. Қазақтар ядролык, қарудан көп зардап шеккен жапондықтардан кейінгі екінші орын алады. Одақтың басшылығымен және әскерилермен болған төзімділікпен жүргізген шиеленісті күрестен кейін, 1991 жылғы 29 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен полигонды жапты.
Ал Каспий теңізінің 268 млн. гектар жағалауы су астында қалып, олардың мұнай өнімдерімен ластануы одан әрі етек алуда. Күрделі экологиялық шиеленістер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты, ондағы техногендік, өндірістік ластану, радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану топырақтың құнарсаздануына, жайылымдардың тозуына жоғары деңгейде әсер етуде.

Экологиялық мәселелер:






2. Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табыңдар


3.Мәтіндегі ақпараттарды және көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, «Еліміздегі экологиялық мәселелердің шешу жолдары қандай??» тақырыбында эссе жазыңдар.

Бағалау критерийі

тапсырма



Дескриптор

Балл



Білім алушы

көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданады.
тақырып бойынша шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсынады.

1

мәтіндегі экологиялық мәселелері кестеге тізбектеп жазады.

1
1

2

мәтіннен көркемдегіш құралдарды табады

1
1
1

3

мәтіндегі ақпараттарды пайдаланады

1

көркемдегіш құралдары орынды қолданады

1
1

экологиялық мәселелердің шешу жолдарын көрсетеді

1
1

ойын еркін әрі толық жеткізеді

1

сауатты жазады



1

Барлығы

12


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет