2015 жылғы мамырда Министрлер конференциясында мақұлданған


 Білім беру бағдарламаларының әзірленуі мен бекітілуі



жүктеу 0.82 Mb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата24.03.2017
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3

 

1.2 Білім беру бағдарламаларының әзірленуі мен бекітілуі  

 

Стандарт: 



Оқу  орындарының  өз  бағдарламаларын  әзірлеуі  мен  бекітуі  үшін 

процестері  болуы  керек.  Бағдарламалар  қойылған  мақсаттарға, 

сондай-ақ,  күтілетін  оқыту  нәтижелеріне  сәйкес  болатындай  әзірленуі 

тиіс.  Бағдарламаны  меңгеру  нәтижесінде  тағайындалатын  біліктілік 

нақты анықталуы және түсіндірілуі қажет, әрі жоғары білімнің ұлттық 

біліктілік шеңберлерінің белгіленген деңгейіне және тиісінше Жоғары 

білімнің  еуропалық  кеңістігі  Біліктілік  шеңберлеріне  қатысты  болуы 

тиіс. 

 

 



Нұсқаулық: 

Білім  беру  бағдарламалары  жоғары  оқу  орындарының  білім  беру 

миссиясын  қалыптастырудың  өзегі  болып  табылады.  Олар  студенттерге 

тасымалданатын,  олардың  жеке  дамуына  әсер  ете  алатын  және  болашақ 

мансаптарында  қолдана  алатын  академиялық  біліммен  және  дағдылармен 

қамтамасыз етеді. 

 

Білім беру бағдарламалары: 



 

бағдарламаның жалпы мақсаттарына, өз кезегінде, институционалдық 



стратегияға  сәйкес  әзірленген  және  нақты  күтілетін  оқыту  нәтижелері 

бар; 


 

студенттер мен басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен әзірленген; 



 

сыртқы сараптау жүргізумен және анықтамалық-ақпараттық  



    ресурстардың бар болуымен ұтады; 

 



жоғары білімнің Еуропа Кеңесінің төрт мақсатын бейнелейді  

    («Қолдану салалары мен ұғымдары» бөлімін қараңыз); 

 

студенттердің оқу процесінде тұрақты ілгерілеуі және дамуы үшін  



     әзірленген

 



студенттің күтілетін нақты жүктемесін, мысалы, ECTS-ті анықтайды; 

 



студенттерге өндірістік тәжірибені өту үшін орын ұсынуды қамтиды  

    (қажет болған жағдайда);

6

 



 

бағдарламаны ресми бекіту процестерінің субъектілері болып  

    табылады. 

 

                                                           



6

  

Жұмысқа  орналастыру  тағылымдамаларды,  практикаларды және  оқыту  бағдарламасының басқа  да 



түрлері  бойынша  білім  беру  ұйымынан  тыс  өткізілетін  студенттің  оқуына  қатысты  салада  тәжірибе 

жинақтауға мүмкіндік беретін кезеңдерді қамтиды. 



12 

 

1.3



 

Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау 

 

Стандарт: 

Оқу  орындары  мұндай  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыру 

барысында  оқу  процесін  ұйымдастыруға  белсенді  қатысқан 

студенттерді  ынталандырып,  ал  студенттердің  үлгерім  бағасы  осы 

көзқарасты көрсетуін қамтамасыз етуі тиіс.  

 

 



Нұсқаулық: 

Студентке  орталықтандырылған  оқыту  мен  білім  беру  студенттерді 

ынталандыруда,  өзін-өзі  рефлексиялауда  және  оқу  процесіне  қатысуда 

маңызды  рөл  атқарады.  Бұл  процесс  оқу  бағдарламаларын  әзірлеу  мен 

оқытуда,  сонымен  қатар  оқу  нәтижелерін  бағалауда  салмақты  тәсілдемені 

талап етеді. 

Студентке орталықтандырылған оқыту мен білім беру процесін жүзеге 

асыру: 


 

оқытудың тиімді жақтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін  



    студенттердің түрлі топтарына және олардың сұраныстарына құрмет 

    көрсету мен назар аударуды

 

оқытуды жүргізудің түрлі нысандарын қарастырады және қолданады  



    (қажет болған жағдайда); 

 



түрлі педагогикалық әдістерді орынды пайдаланады; 

 



білімді беру тәсілдері мен педагогикалық әдістерді тұрақты бағалайды  

    және бейімдейді

 

оқушы бойындағы дербестік сезімін көтермелейді, сонымен қатар,  



    оқытушы тарапынан тиісті басшылық пен қолдауды қамтамасыз етеді; 

 



студент пен оқытушы арасындағы өзара құрметті нығайтады; 

 



студенттердің шағымдарын қарастырудың қажетті рәсімдері бар  

    болуын ескереді. 

 

Студенттердің  үлгерім  бағаларының  болашақ  мансаптарындағы 



маңыздылығын  назарға  ала  отырып,  бағалау  үшін  сапаны  қамтамасыз  ету 

процесі келесі талаптарды ескереді: 

 

оқытушылар қолданыстағы тестілеумен және емтихан алу әдістерімен  



    таныс болуы, осы саладағы өздерінің біліктіліктерін арттыруы тиіс; 

 



бағалау критерийлері мен әдістері, сонымен қатар баға қою  

    критерийлері алдын-ала жариялануы керек; 

 

бағалау студенттерге оқыту нәтижелеріне қол жеткізу деңгейін  



    көрсетуге мүмкіндік береді. Студенттермен  кері байланыс орнатылуы  

    тиіс, қажет болған жағдайда, оқу процесіне байланысты кеңес беріледі; 

 

мүмкін болғанда, емтиханды бірнеше емтихан алушы жүзеге асыруы  



    тиіс; 

 



бағалау тәртібі жеңілдетілген жағдайды ескеруі тиіс; 

13 

 



 

бағалау барлық студенттерге қатысты бірдей (біртұтас), дәйекті болуы  

    және бекітілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылуы керек

 



апелляцияның ресми рәсімі қарастырылуы керек. 

 

1.4



 

Студенттерді  қабылдау,  үлгерім,  біліктіліктерді  тану  және 

сертификаттау 

 

Стандарт: 



Оқу  орындары  студенттік  «өмір  циклдерінің»  барлық  кезеңдерін 

қамтитын, алдын-ала белгіленген және жарияланған ережелерді бірдей 

қолдануы  тиіс,  яғни  студенттерді  қабылдау,  үлгерім,  біліктіліктерді 

тану және сертификаттау. 

 

 



Нұсқаулық: 

Студенттерге  олардың  академиялық  мансабын  ілгерілету  үшін 

студенттердің,  бағдарламалардың,  оқу  орны  мен  тұтас  жүйенің  мүдделерін 

сақтай отырып, қажетті жағдай мен қолдауды қамтамасыз ету. Студенттерді 

қабылдау,  біліктіліктерді  тану  және  оқуды  аяқтау  рәсімдерінің  белгіленген 

мақсаттарға,  әсіресе,  мемлекет  ішінде,  сондай-ақ  халықаралық  деңгейде 

студенттердің ұтқырлығы жағдайында сәйкес келуі өте маңызды. 

Қолжетімділік  саясатының,  қабылдау  процестері  мен  критерийлерінің  

дәйекті  түрде  және  ашық  жүзеге  асырылуы  маңызды.  Студенттерге  жоғары 

оқу  орнына  қабылданғаннан  кейін  жоғары  оқу  орнына  және  білім  беру 

бағдарламасына бейімделуге мүмкіндік берілуі керек. 

Оқу орындары студенттердің ілгерілеуі туралы ақпараттарын жинақтау, 

сараптау  және  басқару  үшін  құралдарды,  процестерді  қолданысқа  енгізуі 

керек. Жоғары білімнің, оқу кезеңдерінің және алдағы оқудың біліктіліктерін, 

бейресми оқуды тануды қоса есептегенде, әділ тану үлгерімді қамтамасыз ету 

мен студенттердің ұтқырлығына ықпал етудің маңызды құрамдас бөлігі болып 

табылады. 

 

Тиісті тану рәсімдері: 



 

біліктілікті  тану  туралы  Лиссабон  конвенциясының  принциптеріне 



сәйкес біліктілікті танудың институционалдық тәжірибесіне; 

 



тұтас  мемлекетте  келісілген  тануды  қамтамасыз  ету  мақсатында 

сапаны қамтамасыз ету бойынша басқа мекемелермен, агенттіктермен 

және  ENIC/NARIC  ұлттық  орталықтарымен  ынтымақтастыққа 

негізделген. 

Жоғары оқу орнын бітіру студенттердің оқу мерзімінің шарықтау шегін 

көрсетеді. Студенттер тағайындалған біліктілік, оның ішінде, қол жеткізілген 

оқу нәтижелері, оқылған және табысты аяқталған контексті, деңгейі, мазмұны 

және оқу мәртебесі туралы ақпараты бар тиісті құжатты, сонымен қатар оны 

табысты аяқтау туралы куәлікті алуы керек. 


14 

 

1.5



 

Оқытушылық құрам 

 

Стандарт: 

Оқу  орындары  өздерінің  оқытушылық  құрамының  құзыреттілігіне 

сенімді  болуы  тиіс.    Олар  өз  қызметкерлерін  жұмысқа  қабылдау  мен 

дамытуда әділ және ашық процестерді қолдануы қажет.  

 

Нұсқаулық: 

Оқытушының  рөлі  студенттердің  білім  мен  құзыреттілікті  және 

дағдыларды  игеруіне  ықпал  ететін  студенттік  тәжірибенің  жоғары  сапасын 

қамтамасыз етуде аса маңызы бар. Студенттер контингентін әртараптандыру 

мен  оқудың  нәтижелеріне  мықты  акцент  оқытушының  рөлін  өзгертіп, 

студентке  бағытталған  оқыту  мен  білім  беруді  талап  етеді  (1.3  Стандартты 

қараңыз).  

Жоғары  оқу  орындары  өз  қызметкерлерінің  жұмысты  тиімді 

орындауына  мүмкіндік  беретін,  олардың  сапасына  және  жағымды  жағдай 

жасауда негізгі жауапкершілікке ие болады. Мұндай орта: 

 



қызметкерлер  тәжірибесінің  маңыздылығын  мойындайтын,  жұмысқа 

алу  мен  жұмыспен  қамтылу  шарттарының  нақтылығын,  ашықтығын, 

әділдігін белгілейді және қамтамасыз етеді; 

 



профессор-оқытушылар  құрамының  кәсіби  дамуына  мүмкіндік 

жасайды және ықпал етеді

 

оқыту  мен  ғылыми  зерттеулер  арасындағы  байланысты  жетілдіру 



бойынша ғылыми қызметті ынталандырады; 

 



оқыту  әдістеріндегі  инновацияларды  және  жаңа  технологияларды 

қолдануды қолдайды. 

 

1.6

 

Білім беру ресурстары және студенттерді қолдау жүйесі 

 

Стандарт: 



Оқу  орындары  оқыту  мен  оқытушылық  қызмет  үшін  жеткілікті 

қаржыландырудың  болуын,  білім  беру  ресурстары  мен  студенттерді 

қолдау тәсілдері адекватты және жеңіл қолжетімді болуын қамтамасыз 

етуі тиіс. 

 

 

Нұсқаулық: 

Тиімді оқытуды қамтамасыз ету мақсатында оқу орындары студенттерге 

оқу  процесінде  қолдау  мен  көмек  беру  үшін  қажетті  бірқатар  оқыту 

ресурстарын  ұсынуы  керек.  Ондай  ресурстар  материалдық,  кітапханалар, 

оқытуға  арналған  жабдықтар,  ақпараттық-технологиялық  инфрақұрылым 

сияқты,  сондай-ақ,  тәлімгер,  куратор  және  басқа  кеңесшілер  сияқты  адами  

болуы да мүмкін. Студенттерді қолдау қызметінің рөлі жоғары білімнің ішкі 


15 

 

жүйесінде, сондай-ақ, түрлі жоғары білім жүйесінің арасында  студенттердің 



ұтқырлығына көмектесуде аса маңызы бар. 

Түрлі студенттер контингентінің  сұраныстары (мысалы, ересек, толық 

емес  жұмыс  күні  білім  алушылар,  шетелдік  студенттер,  сонымен  қатар, 

мүмкіндігі шектеулі студенттер), студентке орталықтандырылған білім беруге 

және  оқыту  мен  білім  берудің  икемді  моделіне  өту  оқу  ресурстары  мен 

студенттерді қолдауды реттеуде, жоспарлауда және ұсынуда ескеріледі. 

Студенттерді 

қолдау 


бойынша 

іс-шаралар 

мен 

жағдайлар 



институционалдық 

контекстке 

байланысты 

түрлі 


формаларда 

ұйымдастырылуы мүмкін. Дегенмен, сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі 

барлық ресурстардың белгіленген мақсаттарға сәйкестігі, қолжетімділігі және 

студенттердің  қызметтер  туралы  ақпараттандырылуы,  оларға  қолжетімді 

болуына кепіл болады. 

Студенттерді  қолдау  бойынша  қызмет  көрсетуде  техникалық  және 

әкімшілік қызметкерлердің маңызы зор, сондықтан олардың біліктілігі және 

өздерінің құзыреттіліктерін арттыру үшін мүмкіндіктері бар болуы керек.  

 

 

1.7



 

Ақпараттарды басқару  

 

Стандарт: 

Оқу орындары  өз бағдарламалары мен басқа да қызмет бағыттарын 

тиімді  басқару  үшін  тиісті  ақпарат  жинақтауға,  талдауға  және  оны 

пайдалануға кепіл болуы керек. 

 

Нұсқаулық: 

Сенімді  мәліметтер  ненің  жақсы  жұмыс  істейтіндігі,  нені  назарға  алу 

керектігі туралы ақпаратты алу және негізделген шешім шығару үшін қажетті 

шарт  болып  табылады.  Білім  бағдарламалары  мен  басқа  да  шаралар  туралы 

ақпараттарды жинақтау мен талдаудың тиімді процестері сапаны қамтамасыз 

етудің ішкі жүйесіне сәйкес келеді.  

Жиналған  ақпарат, жекелеген  жағдайларда  ұйымның  түрі  мен  жоғары 

оқу  орнының  миссиясына  байланысты  болады.  Дегенмен  келесі  ақпараттар 

маңызды болып табылады: 

 

оқу орны қызметінің негізгі көрсеткіштері; 



 

студенттер контингенті туралы ақпараттар; 



 

студенттердің үлгерім деңгейі, жетістіктері және оқудан шығарылуы



 

студенттердің таңдалған білім беру бағдарламаларымен қанағаттануы; 



 

оқу ресурстары мен студенттерді қолдау қызметінің қолжетімділігі; 



 

бітірушілердің мансаптық өсуі.  



 

Ақпарат  жинақтаудың  түрлі  әдістері  қолданылуы  мүмкін.  Студенттер 

мен қызметкерлердің ақпаратты ұсыну мен талдауды, сонымен қатар, алдағы 

іс-шараларды жоспарлауда қатысуы маңызды.  



16 

 

1.8



 

Жұртшылықты ақпараттандыру 

 

Стандарт: 



Оқу 

орындары 

өздерінің 

қызметтері 

(соның 

ішінде 

білім 

бағдарламалары)  туралы  анық,  нақты,  шынайы,  өзекті  және  жеңіл 

қолжетімді болатын ақпаратты жариялауы керек. 

 

 



Нұсқаулық: 

Оқу  орындарының  қызметтері  туралы  ақпарат  талапкерлер  мен 

студенттерге,  сондай-ақ  түлектерге,  басқа  мүдделі  тараптарға  және 

жұртшылыққа пайдалы.  

Сондықтан  оқу  орындары  қызметтері,  оның  ішінде,  өздері  ұсынатын 

бағдарламалар  мен  оларға  қабылдау  критерийлері,  сол  бағдарламаларды 

меңгеруде күтілетін нәтижелер, тағайындалатын біліктіліктер, оқытуда, білім 

беру  мен  бағалауда  қолданылатын рәсімдер,  шектік балл мен  студенттердің 

дамуы  үшін  қолжетімді  мүмкіндіктер,  сонымен  қатар  бітіруші  түлектердің 

жұмысқа орналасуы туралы ақпаратты ұсынуы тиіс. 

 

1.9

 

Білім  беру  бағдарламаларын  тұрақты  мониторингтеу  және 

мерзімді бағалау 

 

Стандарт: 



Оқу  орындары  өздерінің  алдына  қойған  мақсаттарына  қол  жеткізуді 

қамтамасыз  ететін  және  студенттер  мен  қоғамның  сұраныстарына 

жауап беретін  білім  бағдарламаларына  мониторинг  жүргізуі,  мерзімді 

бағалауы  және  қайта  қарауы  қажет.  Бұл  шолулардың  нәтижелері 

бағдарламаларды  тұрақты  жетілдіруге  алып  келуі  тиіс.  Кез-келген 

жоспарланған  қызмет  немесе  алынған  нәтижелер  барлық  мүдделі 

тараптардың назарына жеткізілуі тиіс.  

  

 

Нұсқаулық: 

Бағдарламаларға  тұрақты  мониторинг  жасау,  талдау  және  қайта 

қарастыру  бағдарламаларды  жүзеге  асырудың  қажетті  деңгейін  және 

студенттерге жағымды және тиімді оқу ортасын құруға бағытталған. 

Осы бағалау процестері: 

 

оқытылатын бағдарламаның өзектілігін қамтамасыз ете отырып, нақты 



пән бойынша жаңа зерттеулер аясындағы мазмұнын; 

 



қоғамның мерзімдік өзгермелі сұранысын; 

 



студенттік жүктемені, студенттердің үлгерімі мен оқуды бітіруін; 

 



студенттерді бағалау рәсімдерінің тиімділігін; 

 



бағдарламалар  бойынша  студенттердің  болжамдарын,  сұраныстарын 

және қанағаттануын; 



17 

 



 

оқу ортасы мен қосалқы қызметтердің, сондай-ақ олардың бағдарлама 

мақсаттарына сәйкестігін қамтиды. 

 

Бағдарламалар студенттер мен басқа мүдделі тараптардың қатысуымен 



тұрақты түрде бағаланады және қайта қарастырылады. Жинақталған ақпарат 

талданып, бағдарлама заманауи талаптар мен стандарттарға сәйкестендіріледі. 

Қайта қарастырылған бағдарлама жарияланады. 

 

1.10 Сапаны циклдік сыртқы қамтамасыз ету 



 

Стандарт: 

Оқу  орындары  циклдік  негізде  ESG-ге  сәйкес  сапаны  сыртқы 

қамтамасыз ету рәсімдерінен өтуі керек.

 

 

Нұсқаулық: 

Түрлі  формалардағы  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  рәсімдері 

сапанының  сыртқы  қамтамасыз  ету  тиімділігін  тексеруге  бағытталып,  өз 

кезегінде даму катализаторы мен жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асыруға қызмет 

етеді.  Сонымен  қатар,  олар  жоғары  оқу  орны  қызметінің  сапасы  туралы 

жұртшылыққа ақпарат ұсынуы керек. 

 

Оқу орындары мерзімдік негізде, тиісті жағдайларда, өз жұмыстарының 



аясында  заңнама  талаптарын  ескеріп,  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету 

процестеріне  қатысады.  Сондықтан  контекстке  байланысты  сапаны  сыртқы 

қамтамасыз  ету  түрлі  формаларды  қабылдауы  және  түрлі  ұйымдастыру 

деңгейлеріне (мысалы, білім беру бағдарламалары, факультеттер немесе оқу 

орны) жүзеге асырылуы мүмкін. 

 

Сапаны қамтамасыз ету – сыртқы  кері байланыспен, жоғары оқу орны 



есебімен  немесе  алдағы  қызметімен  шектелмейтін  үздіксіз  процесс. 

Сондықтан жоғары оқу орындары  келесі бағалауға дайындық кезінде соңғы 

сапаны  сыртқы  бағалаудан  кейін  қол  жеткізілген  ілгерілеудің  ескерілуіне 

ұмтылуы тиіс. 

 

 

 



 

 

    



 

 


18 

 

2-



бөлім: Сапаны сыртқы қамтамасыз етудің стандарттары мен 

нұсқаулығы 

 

2.1 Сапаны ішкі қамтамасыз ету рәсімдерін есепке алу 

 

Стандарт: 

Сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  рәсімдері  ESG-дің  1-бөлімінде 

сипатталған  сапаны  ішкі  қамтамасыз  ету  рәсімдерінің  тиімділігін 

назарға алуы керек.  

 

 

Нұсқаулық:  

Жоғары  білімдегі  сапаны  қамтамасыз  ету  жоғары  оқу  орындары 

бағдарламалары  мен  басқа  қызметтерінің  сапасы  үшін  жауапкершілігіне 

негізделген:  сондықтан  сыртқы  сапаны  қамтамасыз  етуде  ЖОО-ның 

жауапкершілігін  мойындау  мен  қолдауда  сапаны  қамтамасыз  ету  маңызды. 

Сыртқы  сапаны  қамтамасыз  ету  рәсімдері  сапаны  ішкі  және  сыртқы 

қамтамасыз ету рәсімдерінің арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін 1-

бөлімде сипатталған стандартты ескеруі тиіс. 1-бөлімнің стандарттары сапаны 

сыртқы қамтамасыз ету рәсімінің  түріне байланысты әртүрлі қарастырылуы 

мүмкін. 

 

 



2.2.  Сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  рәсіміне  сәйкес  келетін 

әдіснаманы әзірлеу 

 

Стандарт:  

Сапаны сыртқы қамтамасыз етудің барлық рәсімдері тиісті ережелерді 

назарға  ала  отырып,  арнайы  белгіленген  мақсаттар  мен  міндеттерге 

сәйкес  белгіленуі  және  әзірленуі  тиіс.  Мүдделі  тараптар  әзірлеу  мен 

тұрақты жетілдіру процестеріне тартылуы тиіс. 

 

 

Нұсқаулық: 

Мүдделі  тараптармен  келісілген,  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету 

рәсімдерінің нақты белгіленген мақсаттарының бар болуы олардың тиімділігі 

мен объективтілігін қамтамасыз етеді. 

Процестердің мақсаттары, міндеттері және жүзеге асырылуы: 

 

оқу орындарына жүктелетін жүктеме мен бағасының деңгейін ескеруі



 

жоғары оқу орындарына сапаны қамтамасыз ету үшін қолдау көрсетуі; 



 

оқу орындарының осы жетілдіруді көрсетуге ұмтылуына көмек беруі; 



 

нәтижелер  мен  алдағы  шаралар  бойынша  қажетті  анық  және  нақты 



ақпаратты алуға көмек беруі қажет. 

 


19 

 

Егер  білім  беру  мекемелері  өздерінің  сапаны  ішкі  қамтамасыз  етудің 



тиімділігін  көрсете  алса,  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  жүйесі  анағұрлым 

икемді тәсілмен қызмет етуі мүмкін. 



 

2.3 Процестерді жүзеге асыру 

 

Стандарт: 

Сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  процестері  барлығы  үшін  сенімді, 

пайдалы,  алдын-ала анықталған,  біртұтас  (бірдей)  және  жарияланған 

болуы керек. Мұндай рәсімдер: 

 



өзін-өзі бағалау есебін немесе оның эквивалентін; 

 



әдетте  жоғары  оқу  орнына  сарапшылар  тобының  келуін 

қамтитын сыртқы бағалауды; 

 



сыртқы бағалау нәтижелері бойынша дайындалған есепті; 

 



сапаны қамтамасыз етудің біртектес келесі рәсімдерін қамтиды. 

 

Нұсқаулық: 

 

Кәсіби, біркелкі және ашық орындалған сапаны сыртқы қамтамасыз ету 



рәсімдері олардың қабылдануы мен нәтижелілігін қамтамасыз етеді.  

 

Сапаны сыртқы қамтамасыз ету жүйесінің құрылымына байланысты оқу 



орны  өзін-өзі  бағалау  және  басқа  материалдарды,  оның  ішінде  растаушы 

құжаттарды  жинақтау  арқылы  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  үшін  негізін 

ұсынады.  Жазбаша  құжаттар,  әдетте,  сыртқы  сапар  кезінде  мүдделі 

тараптармен жүргізілген сұхбаттармен тұжырымдалады. Бағалау нәтижелері 

сыртқы сарапшылар тобы дайындаған (2.4-стандартты қараңыз) есепте (2.5-

стандартты қараңыз) қорытындыланады.  

 

Сапаны сыртқы қамтамасыз ету сарапшылардың есебімен аяқталмайды. 



Есеп институционалдық әрекеттер үшін нақты нұсқау береді. Агенттіктердің 

оқу орындары жүзеге асырған шараларын қарастыру үшін тиісті рәсімдері бар. 

Кейінгі  қызметтің  сипаты  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  құрылымына 

байланысты болады. 

  



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет