Эссе деген не?



бет1/5
Дата22.09.2022
өлшемі142,24 Kb.
#39818
  1   2   3   4   5
Байланысты:
эссе

Эссе деген не?

Эссе – бұл жеке тақырыпты түсіндіретін және соған байланысты әсері мен түсінігін беруге тырысатын шағын көлемді және еркін композициялы прозалық шығарма

Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін және түсінігін білдіретін, сонымен қатар, пәнді анықтайтын трактовканы беруге тырыспайтын туынды. "Толковый словарь иноязычных слов" сөздігінде эссе "жүйеленген ғылыми түрде емес, еркін үлгіде қандай да бір мәселені сөз ететін очерк» деп берілген. Ол – ауызекі сөйлеу тіліне бағытталған, ерікті түрде , көбінде пародаксалды мазмұндалатын автордың дара ұстанымын танытатын проза түріндегі философиялық, әдеби-сын, тарихи-библиографиялық публицистикалық жанр. 

Қазіргі таңда адамның өз әрекетіне рефлексия жасаудың көптеген түрлері бар. Соның бірі ретінде эссені қарастыруға болады

Эссенің кейбір белгілері:

- нақты тақырып немесе мәселенің қойылуы; - мәселені кең көлемде талдауға арналған туынды эссе бола алмайды; - нақты мәселе немесе сұрақ бойынша адамның жеке әсері мен түсінігін білдіреді; - белгілі бір пәнді анықтап түсіндіріп беруге тырыспайды; - эсседе бір нәрсе туралы субъективті реңк алған, жаңа сөздер беріледі, атап айтатын болсақ, бір мәселе төңірегінде айтылып жүргеннен басқа ой айтылып, басқа сөз қолданысы көрініс табады; - эссенің мазмұнында бірінші кезекте автордың тұлғалық ерекшелігі – оның дүниетанымы, ойы мен сезімі бағаланады.

Эссе құрылымы

Кіріспе бөлімі екі ойдан тұрады

Жалпы пікір- оқырман назарын аудару мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен құрылуы мүмкін.

Тезистік пікір-эсседегі талқыланатын негізгі ойлардан тұрады, яғни, оқырманға эссе мазмұны туралы жалпы идеяны береді.

Негізгі бөлім-бір немесе бірнеше абзацтан тұрады, әр абзацта ой талқыланады, негізгі ой ашылады. Олардың саны талқыланатын ойға қатысты бірнеше тақырыпшаларға бөлінуі мүмкін. Әрбір тезиске қатысты екі дәлел жазған жөн: бір дәлел сенімсіздеу шығуы мүмкін, ал үш дәлел қысқалық пен бейнелілікке бағытталған жанр түрінде орындалған шығарма үшін тым көптік танытуы ықтимал



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет