Бекітемін
№79 жалпы орта білім
беретін мектеп директоры
_____________Ж.А.Кулбекова
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
2023-2024 оқу жылында бастауыш сынып оқушылары арасында
«20 минут кітап оқу» марафонын өткізу
Жоспары Мақсаты:
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастьыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету;
Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.
Оқушылар ертегілердің маңызын зерттейді, ертегілерді оқи отырып қиялдайды, қажетті дағдыларды күнделікті өмірде қолданады, ертегі туралы шағын әңгіме жазады.
Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі, оқырмандарды шабыттандырады.