№22 (203), желтоқсан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады


С.ИСАЕВ,  шетел тілдерінің теориясы мен



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата02.01.2017
өлшемі4,71 Mb.
#1038
1   2   3   4

С.ИСАЕВ

шетел тілдерінің теориясы мен 

тәжірибесі  кафедрасының  

ағылшын пәні оқытушысы  

«Абай – дара, 

Абай – дана 

қазақта»

Филология факультеті және ҚР 

Мәдениет және спорт министрлі-

гінің Тілдерді дамыту және саяси 

жұмыс комитетінің ұйымдасты-

руымен «G-global» форматында 

«Қазақстан Республикасындағы 

Тіл саясаты және ономастикалық 

кеңістік» атты республикалық 

дөң гелек үстел өткізілді. 

Жиынды филология факульте-

тінің деканы ф.ғ.д., профессор 

Ш.Жар  қынбекова мен қазақ тіл білімі 

ка федрасының    профессоры  Б.Әб    ду      -

әли ұлы  жүргізді. 

Дөңгелек үстелге Қазақстанның 

жоғары оқу орындарының жетек-

ші мамандары – лингвисттер, әде-

биеттанушылар, тарихшылар, гео-

графтар, сондай-ақ еліміздің барлық 

аймақтарындағы (Астана, Алматы, 

Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс 

Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Сол-

түстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, 

Павлодар, Жамбыл) Тілдерді дамыту 

және саяси жұмыс комитетінің өкіл-

дері мен ЕҰУ-нің С. Негимов, Ж. Ар-

тықбаев, Қ. Сапаров сынды профес-

сор-ғалымдары қатысты. Жиынды 

университеттің әлеуметтік-мәдени 

даму жөніндегі проректоры Д. Қам-

забекұлы кіріспе сөзбен ашты. Дөң-

гелек үстел жұмысында Астана (На-

зарбаев университеті) және Өскемен 

(Тілдерді дамыту басқармасы) қала-

ларынан арнайы мамандар онлайн 

режимінде пікір алмасты. 

Ұйымдастырылған шара Қа-

зақстан Республикасындағы тіл сая-

саты және ономастиканың түйткілді 

мәселелерін саралау, қазақ ономасти-

касының құқықтық-нормативтік жүй-

есін жақсарту, Қазақстан ономасти-

касының дамуындағы мәдени-тари-

хи, саяси, әлеуметтік-экономикалық 

факторларды нақтылау, ел өңірлері 

ономастикалық кеңістігін реттеуді 

бағдарлау, Қазақстан ономастикасы-

ның салалары мен мемлекеттік, жеке-

меншік нысандарға атау беру сынды 

өзекті мәселелер қатарын қарастыру-

ды мақсат етті.

Жиынға қатысушылар елімізде-

гі тіл саясаты мен ономастикалық 

кеңістіктің түйткілді мәселелерін, 

атап айтқанда республика аймағын-

дағы жер-су атауларын тарихи-мәде-

ни, әлеуметтік сипатта қайта қарауды  

талқылады. Бірлескен жұмыс нәти-

желерін жақсарту үшін атқарылатын 

істер бойынша мамандар өз ұсыны-

старын ортаға салды.

Қазақстан ономастикасын реттеу-

дің мемлекеттік және жекеменшік 

мекемелерге ортақ құқықтық-нор-

мативтік ережелерін дайындау бағы-

тында ізденістер жүргізуді назарға 

алу туралы қарар қабылданды. 

Әсел  ҚОЖАЕВА

филология факультетінің 

оқытушысы,  магистр

Бүгінгі технологиялар қаншалықты қарқынды дамып жатса 

да, әлем тарихының айнасына айналған миллиондаған ғылыми, 

әдеби туындыларсыз адамзат өмірін елестету мүмкін емес. Соған 

қарамастан, кітапханаға жиі барып тұратындарды немесе кітап 

дүкендерінен қымбат романдарды сатып алатындарды сирек 

көретін шығарсыздар. Оған сылтау жоқ емес: біреуі уақыт десе, 

екіншісі қалтам көтермейді деп айтуы мүмкін. Ал Кітап сыйлау 

немесе Буккроссинг деген шара жайында естігендеріңіз бар ма? 

Бұл әдеби шараға еліміздің кітап сүйер қауымының біраз бөлігі 

қатысып та үлгерген екен. 

Осындай Буккроссинг акциясы 14 қазаннан бастап 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми 

кітапханасының оқу-зертханалық ғимаратының төртінші 

қабатында орналасқан оқу залдарының холында ұйымдастырылды. 

«Оқып болсаң, досыңа бер» принципін ұстанатындар негізінде 

құрылды. Кітап пен оқырман байланысын жетілдіруге,   жақсы 

кітапты насихаттауға тікелей қатысы бар бұл сауалдың жауабын 

жалғыз біз емес, бүкіл әлем жұртшылығы іздестіруде.  Мұндай 

«кітап мерекесі» жайында толық мәлімет алу үшін тарихына 

тоқталар болсақ, ағылшын тіліндегі «буккроссинг» сөзі тура 

баламасында кітаптың азат етілуі деген мағынаны береді, 

орысшасы – «книговорот», қазақшаға аударылғанда «кітаптың 

айналыста жүруі» болып шығады.

Буккроссингты Рон Хорнбекер ойлап тапты, 2001 жылы ол 

көпшілік жүретін жерде мынадай жазуы бар кітап қалдырды: «Бұл 

жоғалып кеткен кітап емес, мына сайтқа кіріп, оның бұрынғы иесін 

біле аласыз. Кітапты оқып біткесін, оны әрі қарай саяхаттауға 

жіберуіңізге болады». Бұған көп адамдар қызығып кеткендіктен

бірнеше жылдан соң сайтқа кірушілер саны ұлғайды. 2004 жылдан 

бастап «Bookcrossing» Оксфорд сөздігіне ресми түрде кіргізілді.

Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда 

«буккроссинг» қозғалысын  кітап пен оқырман арасын 

жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге айналдырудың  

ешқандай артықтығы жоқ. Егер адам кітапқа қарай жүргісі 

келмесе, онда кітаптың өзін адамға қарай жүргізіп, оны оқырман 

орбитасында шыр айналдыру, адамдардың кітапқа деген 

ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеру.

Осы мақсатта жасалып отырған Буккроссинг акциясына 

біздің университеттің ұстаздары, студенттері өз үлестерін қосса 

нұр үстіне нұр болар еді.  

А. ИСАХАНОВА, 

Ғылыми кітапхана  оқырмандарға 

қызмет көрсету бөлімінің  бас маманы 

Ғылыми кітапханада Тәуелсіздік мерекесі мен 

білім ордамыздың 20 жылдығына орай «Ұстазы 

жақсының – ұстамы жақсы» атты сайыс өткізілді.

Бұл мәдени шараны ұйымдастырушы – 

оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері 

және осы бөлімнің жанынан құрылған «Волонтерлар 

клубының» белсенді мүшелері. 

Сайыс 


филология факультетінен құралған 

«Алғырлар» және ақпараттық технология 

факультетінен құралған «Айтишники»  командалары 

арасында өткізілді.  Командалар таныстыру,  сұрақ-

жауап және үй тапсырмасы «Заманауи кітапхана сіздің 

көзқарасыңызбен» атты үш кезеңнен тұратын сайыста 

өз білімдерін, өнерлерін тапқырлықпен көрсетті. 

Осы сайыста алғырлықтарын көрсетіп қиыннан 

қиыстыра білген филология факультетінің студенттері 

Д. Жәлел,  М. Малика, Ө.Әбдіров болды, өздерінің 

ойларын көрнекі слайд арқылы көрсетіп, жан-

жақты ізденістерін білдірген ақпараттық технология 

факультетінің студенттері Р. Дабаев, Н. Сапар, Қ.Айт-

жановалар шеберліктерін танытты.

Сайысқа қатысушы топтардың өнер-білімін 

таразылау үшін кітапхана директоры Б.Оразалиев 

басқарған әділқазылар алқасы құрамы қызықты да қызу 

тартыстың қорытындысы бойынша сайысқа үлкен дай-

ындықпен келген екі топқа да ерекше тоқтап, алғыс 

білдірді.



Ғылыми кітапханада

«Ұстазы  жақсының 

–  ұстамы  жақсы»

"Оқып болсаң, досыңа бер"

10

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (203), 

желтоқсан, 2015 жыл

Отандық ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздік мәселелеріне арналды



Сөзден - іске

Иман

Салауаттылық – өмір салты



Университетімізде әлеуметтік 

жә 

не азаматтық даму жөніндегі 

департаментінің ұйытқы болуымен 

«Діни сауаттылықты және 

есірткісіз өмірді таңдаймын!» 

тақырыбында кездесу өткізілді. 

Кездесуге  ҚР Ішкі істер 

министрлігі және «Астана қаласы 

жастар саясаты мәселесі басқармасы» 

мемлекеттік мекемесі, «Рухани қоғам 

әлемі» қоғамдық қорының өкілдері 

қатысты. 

Мақсаты – жастарға салауатты 

өмір салтын насихаттау, есірткі 

заттарды қолдану секілді зиянды 

әдеттерден сақтандыру, жаны таза, 

діни сауаттылығы жоғары іскер 

азаматтар қалыптастыру. 

Іс-шараға ғалым-дінтанушылар 

мен сарапшылар, сондай-ақ, 

мемлекеттік құрылым, зерттеу 

орталықтары мен үкіметтік емес 

ұйымдар, жастар ұйымдарының 

өкілдері атсалысты. 

Жастарға діни ахуал және 

жағымсыз жайттардан аулақ 

болу мақсатында  ҚР  Парламент 

мәжілісінің депутаты, Халықаралық 

істер, қорғаныс және қауіпсіздік 

жөніндегі комитетінің мүшесі, 

«Нұр Отан» ХДП фракциясының 

мүшесі, саяси ғылымдарының 

докторы, профессор К. Бұрханов, 

нашақорлықпен күрес бөлімінің 

бастығы, Астана қаласы ІІД 

полиция полковнигі Қ. Нұрымов, 

Acтана қаласының әкімдігінің дін 

проблемаларын зерттеу орталығы 

КММ, деструктивті діни ағымдардан 

зардап шеккендерге психологиялық 

көмек беру бөлімінің басшысы 

Л.Қойшиева, Acтана қаласының 

әкімдігінің дін проблемаларын 

зерттеу орталығы КММ, мониторинг 

және талдау бөлімінің басшысы 

Р.Қадіров, Еуразия ұлттық 

университетінің оқытушысы, тарих 

ғылымдарының  докторы, профессор 

А.К. Избаиров қатысып, студенттерге 

тұжырымды дәрістер оқыды. 

 Г. АЛҒАЛИЕВА,

Әлеуметтік және азаматтық 

даму  жөніндегі 

департаментінің бас маманы  

Бүгін  Л.Н. Гумилев  атындағы Еуразия 

ұлттық университетінде «Нұр Отан» 

партиясының қолдауымен ЕҰУ Журналистика 

мәселелерін зерттеу институты, Ұлттық 

Интернет Ассоциациясы ұйымдастырған ІІІ 

Астана  Интернет  форумы  болып өтті.

Биылғы форум тақырыбы – отандық ақпараттық 

кеңістіктің қауіпсіздік мәселелеріне арналды. Атап 

айтқанда, ақпараттық қысым және дезинформация, 

әлеуметтік желілердегі діни-экстремистік 

идеология, интернет желісіндегі ақпараттық 

қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әлеуметтік-

саяси және техникалық аспектілері, тағы басқа да 

көкейтесті мәселелер көтерілді. 

Шараға  Л.Н.  Гумилев  атындағы ЕҰУ 

ректорының БАҚ жөніндегі кеңесшісі Еркін 

Байғабыл, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының 

Бірінші орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли, 

«Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық қорының 

директоры Есен Елеукен, Ұлттық Интернет 

Ассоциациясының президенті Серікқазы 

Кәкібаланов және ІТ саласының мамандары, 

танымал блогерлер қатысты. 

Алдыңғы өткен І-ІІ Астана Интернет форумына 

елімізден және шетелден  200-ге жуық адам қатысқан. 

Онда көтерілген, талқыға салынған мәселелердің 

өзектілігі оны еліміздің қоғамдық өмірінде өзіндік 

орны бар бас қосуға айналдырды. 

Осыны кеңінен айтқан «Нұр Отан» партиясы 

Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі 

Берік Уәли еліміздің кибер кеңістігінің қауіпсіздігі 

мен қазақ тілді сайттардың дамуы үшін мұндай 

шаралардың маңызды екіндігін айрықша атады. 

«Нұр Отан» партиясы – азаматтық қоғамның 

ажырағысыз бөлігі. Сондықтан біз бүгінгідей 

азаматтық бастамаларды дамытуға, өзекті 

мәселелерге  қоғамдық  бақылауды күшейтуге жағдай 

жасауға тиіспіз. Тиісінше, Саяси доктринамызға 

сәйкес интернеттің қазақстандық сегменті және 

ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздік мәселесі күн 

тәртібінде. Бүгінгі шара сонысымен маңызды», –

деді  Берік Уәли. 

Қазақстандық аудиторияға арналған ақпараттық 

технологиялар саласын дамытып жүрген 

азаматтарға арналған аталмыш жиынның басты 

мақсаты – қазақ тілінде контент жасаушыларды 

және портал мен сайт иелерінің, жаңа өнімдерді 

ұсынушылардың өзара тәжірибе алмасып, ортақ 

жобалардың пайда болуына ықпал ету. 

Биылғы форумның тағы бір жаңалығы – шара 

аясында қазақстандық ІТ мамандар жасаған 

бағдарламалық жасақтамалар, роботтехника, 

мобильдік қосымшалар басқа да инновациялық 

өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар 

Журналистика мәселелерін зерттеу институтының 

жобасы – Sanaq.kz электронды база жүйесі арқылы 

қазақ тілді сайттардың рейтингі анықталып, 

үздік сайттар түрлі номинациялар бойынша 

марапатталды. 



Баспасөз қызметі

ІІІ  Астана  Интернет  форумы 

11

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (203), 

желтоқсан, 2015 жыл

Замандас

Әдебиетке жөргегінен 

келген жан  

Біз бүгін жас ғалым, телерадио және қоғаммен 

байланыс кафедрасының аға оқытушысы, 

«Журналистика» мамандығы бойынша философия 

докторы (Ph.D), жазушы Эльмира Ерікқызының 

шығармашылық қоржынына, оның кейіпкерлеріне

өмір сүрген ортасына үңіліп көрмекпіз. Әлқисса, ежелгі 

тарихтан тарқатсақ та, бүгінгі қоғамдағы да ең басты 

фактор – ол адам. Оқырман қауымға «Ана жүрегі», 

«Шапағат» атты кітаптарымен таныс Эльмира 

Ерікқызының шығармашылығының түп қазығы – әйел 

заты, әйел затының нәзік сезімі, ана мейірімі, шым-

шытырық тірлігі бар қоғамда адамгершілік қасиетін 

биік ұстаған, намысы биік қарапайым қазақ әйелі. 

Эльмираның шығармашылығы «аққумен ән қосқан» 

атақты әншілердің талантына бас ұрғызу немесе 

билікті бағындырған саясаткер иә болмаса атақ-

даңқы жер жарған танымал тұлғалардың айналасында 

өрбіген әңгімеге құлақ тігіп жазылған хикаят та емес... 

2011 жылы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды 

түрлерін басып шығару» мемлекеттік бағдарламасы 

аясында шыққан «Шапағат» атты кітабына 27 

прозалық шығармасы, 5 әзілмен әдіптелген әңгімесі 

және «Мендегі ой» айдарындағы «Өмір-айна», 

«Әйел мен еркек туралы», «Адамның бір қызығы 

бала» деген тақырыптармен өмірден көрген-

түйгендерін топтастырған. Эльмира Ерікқызы 

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Өтеген батыр 

кентінде дүниеге келген. Әдебиетке жөргегінен 

келген десек те болады, бүгінде ұл-қыз тәрбиелеп 

ошағын ұяға айландырып отырған саялы ана, қадірлі 

жар. «Шеше көрген тон пішер, мен пішпесем кім 

пішер?» дегендей, Эьмираның анасы ақын, кезінде 

ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмәмдаған. 

Ол өз алдына жеке мақалаға жүк болатын дүние.  

2010 жылы құрамында «Ана тілі», «Экономика», 

«Ұйғыр авази» газеттері мен «Ақиқат», «Мысль», 

«Үркер» журналдары бар «Қазақ газеттері» ЖШС-

ның басшылығы мен «Үркер» журналының ұжымы 

жас қаламгерлерді қолдау мақсатында проза, поэзия 

жанрында бәйге жариялаған кезде, бір жыл ішінде 

редакцияға тың туындыларын жолдаған үміткерлердің 

саны 60-тан асқан еді. «Үркер – Үміт» бәйгесіне 

түсіп, қазылар алқасының шешімімен проза жанрында 

жас жазушы Эльмира Ерікқызы «Еңбекқор ана», 

«Көңілмен сүртілген көз жасы», «Өкінді һәм 

өкінбеді» атты үш әңгімесімен бас бәйгені иемденген 

болатын. 2014 жылдың 26 желтоқсанында әл-Фараби 

атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы 

философия докторы (Ph.D) ғылыми дәрежесін 

беру жөніндегі диссертациялық кеңесте ол «Алаш 

қайраткері Жанұзақ Жәнібековтің журналистік және 

публицистік қызметі» тақырыбында докторлық 

жұмысын сәтті қорғап шықты. Диссертациялық 

кеңестің бекітілген құрамы тарапынан қойылған 

барлық дерлік сұрақтарға докторант мүмкіндігінше 

тиісті деңгейде жауап берді. Сондай-ақ, ресми 

рецензенттердің де жоғары бағалауы мен пікіріне 

лайық болды. Бұл монографиялық еңбегі дереу жарыққа 

шықты. Алғысөзін жазған ҚР ҰҒА корреспондент-

мүшесі, алаштанушы ғалым Д.Қамзабекұлы: –Эльмира 

Ерікқызының нәтижелі жұмысы – бірыңғай зерттеу 

бағытында кетпей, ғылыми айналымның нысанасына 

тезірек түссін деп, Ж.Жәнібеков еңбектерін жеке 

жинақ етіп даярлауында деп білеміз. Әлбетте, бәріміз 

үшін ең маңыздысы – мәтін. Мәтін – тарих, мәтін 

–тағдыр, мәтін – мұрат. Бәрі ішінен табылады. Біз 

бұрын Эльмира Ерікқызын ізденгіш, сезімтал прозаик 

ретінде жақсы танитынбыз. Оның жазғандарынан 

ой иірімін, таным тұңғиығын, зерде тылсымын 

аңғаратынбыз. Жас қаламгердің зерттеуі мен ұсынған 

мұра мәтінін байыптай отырып, шығармашылықтың 

үйлесім тапқан ұшқындарын көрдік. Әрине, ғылымның 

жолы – тереңдік пен ділдікті талап ететін жауапты 

жол екені түсінікті. Түбінде Эльмира бұл биікті 

де бағындыратына сенімдіміз», – деп баға берген 

еді. Эльмира Ерікқызы Алаш қайраткері Жанұзақ 

Жәнібековтің журналистік және публицистік қызметін 

зерттеу барысында алаштануға бір кірпіш болып 

қаланды десек, артық болмайды. Себебі, деректерге 

сүйенсек, қасіретті кезеңде саяси қуғын-сүргінге 

ұшыраған 105 000 алаш ардақтылары анықталғандығы 

факт. Бүгінгі ұрпақ сол боздақтардың 500-ге 

жуығының ғана есімімен таныс. Санаулыларының ғана 

мұралары жинақталып, зерттелді. Тарихшы, заңгер 

Ж.Талдыбаев «Қазақстандағы репрессиялық жазалау 

іс-әрекеттеріне ұшыраған қазақ интеллигенциясының 

саны мен құрамындағы демографиялық мәселелер 

(1926-1959 жж.)» деген еңбегінде кеңестендіру 

жылдарының зерттеу аралығында қазақ 

интеллигенциясының тарихын демографиялық 

жағынан қарастырудың негізінде, саяси қудалаулар 

мен репрессиялық зобалаңдарға ұшырату арқылы 

жазалау іс-әрекеттерінің әкелген зардаптары, олардың 

саны мен құрамындағы өзгерістерді зерттеп білу, 

қоғам өмірін танудың алғы шартына жататындығын 

жан-жақты тәпіштеп жазған. Автор 1925 жылдың 

қыркүйегінде М.Голощекиннің республикаға өлкелік 

партия комитетінің бірінші хатшысы болып келе 

салысымен қазақтың оқығандарымен күресуден 

бастағанын, қазақ халқы, әсіресе оның интеллигенция 

қауымы мен партия кеңес орындардағы басшылық 

қызметтегі белсенді азаматтары 1926-1930 

жылдардағы қуғындауларға ұшырап, тек 1937-1938 

жылдары 135 000 қазақ интеллигенциясы атылғанын 

деректермен нақтылай түседі. Халқының рухани 

мәдениетін сақтаушы, қорғаушы және дамытушы 

болғандардың жаппай түрмелерге жабылып, 

айдалып, атылғанын баса айтқан. КСРО Жоғарғы 

соты Әскери коллегиясының Алматы қаласында 

1938 жылы, ақпан-наурыз айларында өткен өтпелі 

сессияның азалы сыр шертетін қаралы тізімді жүйелей 

келгенде, аталып отырған жылдың 25 ақпанынан 13 

наурызына дейінгі аралықта 631 адамның атылғаны 

анықталғанын, жендеттердің күн сайын орта есеппен 

43 адамды атып отырған, - деп фактімен тұжырым 

жасаған. Жас ғалым ғылыми-зерттеу жұмысында күні 

бүгінге дейін есімі көмескіленіп келген ұлтымыздың 

дарынды, білімді, ұлтжанды асыл тұлғаларының бірі, 

алаш қайраткері – Жанұзақ Әлжанұлы Жәнібековтің 

бұрын-соңды белгісіз болып келген қомақты 

дүниелерін жиып-теріп, ғылыми айналымға кіргізді. 

Араб графикасымен (төте жазумен) жазылған 

Ж.Жәнібековтің еңбектерін қазіргі жазуға аудару 

барысын ескерсек, Эльмираның бұл жазудан да құр 

алақан еместігі көп нәрсені аңғартқандай. Әдеби-

публицистикалық «Айна», «Балалар бәдуәмі», 

«Жұмбақ пен мақалдар» жинақтары ықтиятпен 

аударылып, көркемдік құндылығы сараланды. 

Бірінші сөзін «Шариғатта надан болуға ешбір жол 

жоқ» деп бастаған алаш қайраткері, публицист 

Ж.Әлжанұлы шығармашылығының өне-бойында елді 

оқу-білімге шақырады, шақырып қана қоймай өзі 

де мұғалім болып қызмет еткен. Әлбетте, еліміздегі 

Д.Қамзабекұлы, Т.Жұртбай, С.Аққұлыұлы сынды 

алаштанушы ғалымдардың Эльмира Ерікқызының 

еңбегіне лепес білдіріп, сәттілік тілеуі үлкен жетістік 

деп білеміз. Ойымызды түйіндесек, жас ғалым, 

жазушы Эльмира Ерікқызының оқырманға ой салатын 

шығармалары әдебиет сүйер қауымның назарынан 

тыс қалмайтынына сенім білдіре отырып, қаламынан 

замандастарымыздың соны бейнесін күтеміз. 

Қоржынындағы әзиз байлықты бағамдасақ ғылымға да 

мол үлес қосатыны сөзсіз. 



Сымбат  МҮТАЛАПХАНҚЫЗЫ,

«Білім тарихы» музейінің меңгерушісі, 

ҚР Журналистер одағының мүшесі

Сахнада – «Махаббат қызық мол жылдар»



Жаңа қойылым

Жақында университетіміздің «Шаңырақ» студенттік 

театры Абайдың туғанына 170 жылдығына орай Қ.Қасымовтың 

инсценировкасы бойынша ақын шығармашылығынан құралған 

«Махаббат қызық мол жылдар» атты әдеби-сазды қойылымды 

сахналады. Қойылымда өнер көрсеткен  театр  құрамына биыл 

қабылданған 1-курс  студенттері болатын. 

Басты рөлдерді Өмірхан Елдос (ФФ, 2 курс), Нұрғалиев Азамат (ФТФ, 

1 курс), Серікбаева Алтын (СҚФ, 2 курс), Ендібай Бекжан (СҚФ, 1 курс), 

Қалқабекова Аяжан (ЖСФ, 1 курс) сомдады. Қойылымнан соң ҚР еңбек 

сіңірген әртісі, профессор Кенжеғали Мыржықбай ағамыз жастарға батасын 

беріп, алдағы қойылымдарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар театрдың 

директоры болған Төкеев Есболдың (ФФ) оқуын бітіріп, мамандығы 

бойынша жұмысқа орналасуына байланысты Қасымханов Ардақ (ЖСФ, 2 

курс) ұжым директоры болып тағайындалды. 

Айта кететін жәйт,  Л.Н. Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің студенттік «Шаңырақ» театры  2009 жылы құрылған. 

Театр репертуарында Қ.Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» комедиясы, 

Қ.Қасымовтың «Тамаша айым – тамызым» монодрамасы, М.Байжиевтің 

«Тілтабысқандар» комедиясы, Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» 

психологиялық драмасы, «Махаббат қызық мол жылдар», «Желсіз түнде 

жарық ай», «Ғасыр дерті» т.б. қойылымдары бар. 



12

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 22 (203), 

желтоқсан, 2015 жыл

    


Еуразия 

университеті

ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

ДИРЕКТОР – 

БАС РЕДАКТОР

Кенже ЖҰМАҒҰЛОВ

Журналистер:

Жүніс  ОМАР

Мақсұтбек ОТАШЕВ

Гүлзабира ШӘУЕНОВА

Әсем ЕРЕЖЕҚЫЗЫ

Техникалық редактор

Жанар ПЕРНЕБЕКОВА 

Фототілші

Ербол  ЕРДЕНБЕК

Газет ИП"Старков С.А." 

баспаханасында басылды.

Таралымы-1000 дана. Газет айына екі рет шығады.

ГАЗЕТТІҢ ИНДЕКСІ: 64900

ГАЗЕТ КУӘЛІГІ - №49841-Г, 

Қазақстан Республикасының 

Ақпарат министрлігінде тіркелген.

Тапсырыс №3953

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

010000, Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2-үй, 

347 бөлме. Тел: 709500, 31325 (ішкі байланыс)

Shauenova_ga@enu.kz

Жарияланған мақалалардағы автор пікірі редакцияның

 көзқарасын білдірмейді.

Жолдастық  кездесу



Спорт деген бір сиқыр

Мерекеге тарту

Саламатты ұрпақ – нұрлы болашақ

Шара Л.Н. Гумилев атындағы 

ЕҰУ-де болды. Халықаралық 

қатынастар факультетінің студенттері 

оқитын курстары бойынша бөлінді. 

Ойындардың нәтижелері: 

1 ойын – 2 және 4 курс арасында: 

5-3; 2 ойын – 1 және 3 курс арасында: 

6-3; 3 ойын – 3 орын үшін таласта 3 

пен 4 курс студенттері арасында өтіп, 

нәтижесінде 3-6 нәтижесімен жеңіске 

4-курс жетті.  

Финал 1-курс және 2-курс 

студенттері  арасында өте тартысты 

өтті. Ойын барысында қос команда 

тең болғаны көзге анық көрінді. 

Алайда ойынның соңына қарай 1-курс 

командасы есе жіберіп, жеңісті 2-курс 

командасына беріп қойды. 

Сайыстың нәтижесі: 1-орын 

– 2-курс командасы, 2-орын – 

1-курс командасы, 3-орын – 4-курс 

командасы.

Жарыстың соңында ең мықты 

голкипер халықаралық қатынастар 

мамандығының 1-курс студенті 

Пирметов Нұржігіт (ХК-11) атанды. 

Шараға факультет басшылығы 

мен ОПҚ  құрамы қатысты. 

Жеңімпаздарды халықаралық 

қатынастар факультетінің деканы 

Баубек Сомжүрек марапаттады.

Болашағымыздың кепілі – ден-

саулық болса, денсаулық кілті – 

саламатты өмір салты. Бүгінгі  таңда 

оны насихаттау аясында елімізде түрлі 

іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның 

бірі біздің  университетімізде өткен 

«Сала матты ұрпақ – нұрлы болашақ» 

атты «STREET WORKOUT» сайысы.  

Аталмыш шара республика бойынша 

қарқынды дамып келе жатқан «BaR Bars» 

командасының қолдауымен және Жастар 

саясаты орталығы Саламатты өмір салты 

комитетінің ұйымдастыруымен өтті. 

Кеш қонақтары 2 дүркін Олимпиада, 4 

дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, ҚР 

STREET WORKOUT федерациясының 

вице-президенті Ислам Бодругов, 

белгілі актер, әнші Артур Төлепов, 

танымал рэпер Шохан және «BaR Bars» 

командасы болды. Жарыс өте тартысты 

өтті. Оған  барлығы 10 үміткер қатысып, 

4 бағыт бойынша күш сынасты. 

Сайыс қорытындысы бойынша 

Free style-дан ІІІ орынға Сұлтан Айкен,  

жүлделі ІІ орынға Нұрсейіт Қанат табан 

тіресе,  бас жүлдеге Байбурин Азамат 

ие болды. Ал Тұрғын Сұлтан белтемірге 

тартылу мен күшпен белтемірге тартылу 

бағыттары бойынша І орынды иеленіп, 

сайыстың екі дүркін чемпионы атанды.  

Және брусяға тартылуда Нұрсейіт Қанат 

І орынға қол жеткізді. Жүлдегерлерді  

Илья Ильин, Ислам Бодургов жане 

Рамазан Омаров бастаған қонақтар 

 

марапаттап, оларға  бағалы сыйлықтар 



тарту етті. Өз кезегінде ҚР STREET 

WORKOUT федерациясының вице-

президенті сайысты университет 

қабырғасында ұйымдастырған Жастар 

саясаты орталығына алғысын білдірді. 

Шара соңында «BaR Bars» 

командасы мастер-класс көрсетіп, 

мүмкін емес нәрсе жоқ екенін тағы 

бір мәрте дәлелдеді. Жарыс көрермен 

көңілінен шығып, жастардың спортқа 

деген ынта-ықыластарын арттырғаны 

сөзсіз. 


Маржан НҰРТАЗИНА,

журналистика және саясаттану 

факультетінің 2 курс студенті

«Еуразия» спорт кешенінде «Алтын белгі» иегерлері қауымдастығының 

ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында университеттің 

студенттік ұйымдары мен шығармашылық ұжымдары арасында «Саламатты 

ұрпақ – нұрлы болашақ» атты футбол турнирі болып өтті. 

Турнирдің  шымылдығын  студенттермен және жастар ұйымдарымен жұмыс 

бөлімінің бастығы Рүстем Әлқожа ашып, турнир әлеуметтік және азаматтық даму 

департаменті қызметкерлері мен студенттік ұйымдардың төрағалары арасындағы 

жолдастық ойынмен басталды.  Футбол турнирінде Жастар саясаты орталығы, «Сенім» 

студенттер мен магистранттардың кәсіподақ ұйымы, «Алтын белгі» иегерлері 

қауымдастығы, «Шаңырақ» студенттік театры, «Е-студио» продюсерлік орталығы, 

«Оратор» интеллектуалды дебат клубы, «Алқа» әдеби-сазды ұйымы, «Күлтегін» 

жайдарман тобы және «Ер жігіттер» құрама командалары бақ сынасып, қызықты ойын 

өрнегін көрсетті.  Ойын барысында әр команда бір-бірімен тартысқа түсіп, бабы мен 

бағы қатар шапқан командалар финалдық бәсекеге жолдама алды.     

Турнир қорытындысында «Үздік ойыншы» номинациясын «Ер жігіттер» командасы 

сапында  өнер  көрсеткен  Ерхан  Ордабаев,  «Үздік шабуылшы» номинациясын 

«Күлтегін» жайдарман тобының ойыншысы Әділет Төлеутаев, ал «Үздік қақпашы» 

номинациясын «Шаңырақ» театрының ойыншысы Қажығали Боранбай жеңіп алды. 

«Үздік голдың» авторы Қуаныш Серікқалиев атанды.

Жүлделі орындарға келер болсақ, «Оратор» интеллектуалды дебат клубы мен «Ер 

жігіттер» құрама командалары ІІІ орын иеленді. ІІ орынды «Алқа» әдеби-сазды клубы  

қанжығасына байласа, турнир жеңімпазы «Шаңырақ» студенттік театры атанды. Ойын 

соңында жоғарыда аталған жеңімпаздарға сыйлықтар  табысталды. 



"Еуразия-ақпарат"

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік мерекесіне 

орай халықаралық қатынастар факультетінің студенттері 

арасында футзал бойынша жарыс өтті.

«Халықтың денсаулығы – ел 

дамуының аса маңызды тұтқасы, 

болашағымыздың кепілі».

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет