№26 С. Датов атындағы орта мектебінің 2 «Д» сынып оқушысы Ахмет Серіжан Жұмажанұлына



Дата06.03.2023
өлшемі15,83 Kb.
#72284


№26 С. Датов атындағы орта мектебінің 2 «Д» сынып оқушысы Ахмет Серіжан Жұмажанұлына

Мінездеме

Ахмет Серіжан Жұмажанұлы 2015 жылы тамыз айының 3 жұлдызында дүниеге келген. Серіжан №26 С. Датов атындағы орта мектепке 2021 жылы 1 қыркүйекте 1 сыныпқа қабылданды. Мектепке дейінгі мекемеде болған.
Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Толыққанды отбасында тәрбиеленіп жатыр. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді.
Оқу материалын қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады. Есте сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы жақсы дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Оң қолымен жазады. Оқыған мәтінін түсінеді,айта алады. Математикалық түсініктері қалыптасуда, 1 - ден 100 - ге дейінгі сандарды санайды,оқи алады, жазады. Тек сандарды қосу және азайтудан кейде қиналады. Сабақты себепсіз босатпайды.
Мінезі тұйық, көңіл – күйі тұрақты. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай.
Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді.
Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы.

Мектеп директоры: Ж.К.Урымбасарова


Сынып жетекшісі: Б.А.Оразгалиева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет