27-тақырып. Инвестициялар тарту және мемлекеттік қолдау шаралары Инвестицияның жіктелінуі және түрлері



Дата22.12.2023
өлшемі22,91 Kb.
#142650

27-тақырып. Инвестициялар тарту және мемлекеттік қолдау шаралары

1. Инвестицияның жіктелінуі және түрлері.


2. Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы.

Инвестиция термині латынның «invest» сөзінен аударғанда «салым салу» мағынасын білдіреді.


Инвестиция – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік объектілерге салынатын заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді, интеллектуалдық құндылықтарды, ақшалай салымдарды, бағалы қағаздарды білдіреді. Инвестицияны жүзеге асыру үшін оның белгілі формалары болады. Олар ақшалай және тауарлы, қысқа және ұзақ мерзімді, несиелік және кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Инвестициялық қызметтің алғашқы кезеңі – инвестициялау объектісін таңдау болып табылады.
Инвестициялау объектісі дегеніміз – инвестицияға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрі.
Инвестициялау объектісіне:
1. ақша-қаражаттар, мақсатты банктік салымдар, пайлар,
2. акциялар және басқа да бағалы қағаздар;
3. жылжитын және жылжымайтын мүліктер;
4. авторлық құқық, ноу-хау және тағы басқа да интеллектуалдық құндылықтар;
5. жер учаскелері және тағы басқа да ресурстарды пайдалану құқықтары, сонымен қатар, басқа да мүліктік құқықтар мен құндылықтар жатады.
Объектілердің жіктеленуі келесідей бөлінеді:
Масштабы бойынша:
1. кіші жобалар (15 млн долларға дейін);
2. мега жобалар – бұл ұзақ мерзімді жобалар (50 жылға дейін, 5 млрд доллардан жоғары), олар көптеген кіші жобалардан тұруы мүмкін.
2. Инвестициялау сипатына байланысты:
1. мемлекеттік маңызды және масштабты объектілер (салалық, аймақтық, жергілікті).
3. Сатып салу деңгейі бойынша:
1. тез сатып алынатын немесе белгілі бір уақыт аралығында сатып алынатын болып бөлінеді.
Инвестициялық қызметтің субъектілеріне:
1. жеке және заңды тұлғалар;
2. мемлекет;
3. шетелдік мемлекеттер;
4. басқа да халықаралық ұйымдар жатады.

Инвестициялық қызмет инвестицияларды салу үдерісін сипаттайды. Ол берілген инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ынталы заңды және жеке тұлғалардың, мемлекеттің тәжірибелік мақсатты кешенін қамтиды.


Инвестициялық қызмет экономикалық өсуге қол жеткізу мақсатын көздейді. Сонымен қатар, ғылыми-техникалық, өндірістік үдерісті қамтиды және оның кейбір мәселелеріне (мысалы, негізгі өндіріс қорларын жөндеуден өткізуге, жаңа техниканы ендіруге) әсер етеді. Сондай-ақ инвестициялық қызметке қаржы салу және арнайы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жатады. ҚР-да инвестициялық қызмет заңдармен реттеледі және бағдарламалық мақсаттық сипатқа ие болып табылады.
Жалпы инвестициялық қызметті құқықтық реттеудің 2 формасы бар:
1) Ұлттық құқықтық реттеу;
2) Халықаралық құқықтық реттеу.
Ұлттық құқықтық реттеу формасы – бұл инветициялық қызметке байланысты және оны реттеуге бағытталған сол елдің аумағында әрекет ететін заңдылықтар мен нормативтік-құқықтық актілер кешені.
ҚР-да инвестициялық қызметті реттейтін негізгі заң «Инвестициялар туралы» ҚР-ның 2003 жылдың 8 қаңтардағы № 373-ІІ заңы (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кодексімен күші жойылған) болып табылды.
Сыртқы инвестициялаудың негізгі көзі – шетелдік тікелей инвестициялар болып табылады. Шетелдік тікелей инвестициялар тек ішкі капитал салымдарының қосымша көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа жетілдірілген технологияларға, сыртқы қарыздарды өткізу жүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол жеткізу әдісі ретінде қарастырылуы мүмкін және шетелдік инвесторлар жаңа өндірістерді құруға көмектесуі мүмкін. Қай елде болмасын инвестицияның келуі инвестициялық климат дәрежесіне және оны анықтайтын факторларға тікелей байланысты. Инвестициялық климатты дайындау шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану саясатының негізгі міндеттері болып табылады.
Инвестициялық климат мемлекеттік, аймақтық, салалық инвестициялық қызмет жағдайларын анықтайтын нормативтіккұқықтық актілер, ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және тағы басқа да бір-бірімен байланысты факторлар әсерінен қалыптасады.
Шетелдік тікелей инвестициялар – шетелдік инвесторлардың салған капиталының отандық кәсіпорыннан артықшылығы болумен түсіндіріледі.
Қазақстан экономикасына 1998-2018 жылдар аралығында 300 млрд долллар көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды. Шетелдік тікелей инвестициялар трансұлттық компаниялар, халықаралық институттар, шетелдік банктер есебінен құрылған. Негізгі шетелдік инвесторлар – АҚШ, Оңгүстік Корея, Жапония,Ұлыбритания, Қытай, Еуропа мемлекеттері болып табылады.
Еліміздің инвестициялық климатын жақсарту, оны насихаттау мақсатында іскер топ өкілдерінің сапарларын, екі жақты кездесулер, бизнес-форумдар және ынтымақтастықтың өзара тиімді басқа да шараларын ұйымдастырып отыруға мән беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет