3 практикалық сабақ. Химиядан мектеп оқулықтарын талдау: құрылымы,қызметі. Мақсаты



бет1/4
Дата19.05.2022
өлшемі62,5 Kb.
#35015
түріСабақ
  1   2   3   4

3 практикалық сабақ. Химиядан мектеп оқулықтарын талдау: құрылымы,қызметі.
Мақсаты: Мектеп оқулықтары туралы әдістемелік мәліметтерді меңгере отырып, мектеп оқулықтары, есептер мен жаттығулар жинағы мазмұнымен танысып оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуді ұйымдастыру әдістемесін менгерту.


Тапсырма 1 Төмендегі сұрақтар көлемінде әңгімелесуге даярлан.

  1. Мектеп сараманында химиядан қандай авторлардың оқулықтары және қандай уақыт аралығында қолданылды? Дәптерлеріне қысқаша мағлұмат жаз.

  2. Тұңғыш қазақ тілінде балама байқау оқулықтарын қашан, кімдер шығарды? Олардың құрылымын мен мазмұны.

Тапсырма 2 Оқулыққа қойылатын талаптар.
а) мәтінге қойылатын талаптар.
ә) дидактикалық талаптар
б) безендіру ісіне қойлатын талаптар, (эстетикалық, полиграфиялық, гигиеналық)
Тапсырма 3 Қазіргі кезде оқушылар қолданып жүрген төл оқулықтардың мазмұны мен құрылымы. «Атамұра», «Мектеп» баспасынан шыққан химия оқулықтарының мазмұны,құрылымына анализ
а) авторлары мен баспасына көңіл аудар, Оқулық авторларын жазып ал.
ә) оқулықтардағы «Алға сөзді» оқып талда.
б) оқулықта қандай шартты белгілер бар?
в) Оқулық қандай тараулардан құралған?
г) Әр параграф, тақырып санында жаттығулар, тапсырмалар сұрақтар, берілген бе?
Олардың маңыздылығы.
Тапсырма 4 Мектепте қолданылып жұрген , химия есептері мен жаттығулар жинағы, жұмыс дәптері мен зертханалық және сарамандық жұмыс дәптерімен танысу.
Тапсырма 5 Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуді ұйымдастыру әдістемесі
Тапсырма 6 Мектептің химия оқулығының мазмұнына талдау жасау.
Басқа альтернативті оқулықтармен танысып, маңыздылығын анықта. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге қойылатын талаптар
Оқушыларды оқулықпен жұмыс жасай білуге үйрету
Әдістемелік нұсқаулық: Химия оқулықтары, «Химия мектепте», Білім, Образование журналдары бойынша жоғарыдағы тапсырмалар көлемінде әңгімелесуге даярлан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет