3-сабақ Қосымша-1 1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. «Тарихи тұлғалар»



бет1/4
Дата18.02.2022
өлшемі34,15 Kb.
#25891
түріСабақ
  1   2   3   4

«Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі» тақырыбына

дидактикалық материал

(3-сабақ)

Қосымша-1

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

«Тарихи тұлғалар»
Тапсырма шарты: Карточка арқылы зерттейтін тұлғаңыз анықталғаннан кейін, тұлғаға қатысты мәтінді оқып мәнездеме дайындаңыз.(ЕСКЕРТУ! Көлемді мәтінді оқушылардың ерекшілігіне қарай қысқартып, ал ақпарат мардымсыз берілген мәтінді толықтыру сұралады )

Рукин мен Веревкин - көтерілісті басу үшін жіберілген подполковник.

Комаровский - көтерілісті басу үшін патша үкіметінен жіберілген граф.

Сейіл Түркебайұлы — батыр, қолбасшы.12 ата Байұлына жататын алаша руының қарабура атасынан шыққан. Патшалық Ресей үкіметінің қазақ даласын отарлау жөніндегі 1968 жылы жаңа әкімшілігін ережесін енгізуге қарсы шығып, Орал, Торғай облыстары тұрғындарының көтерілісін басқарған.Көтеріліс жеңілгеннен кейін қолға түсіп, баласы екеуі абақтыға қамалған.

Беркін Оспанұлы – Сырым Датовтың немере інісі, Байбақты руынан шыққан патша үкіметінің бодандық бұғауына қарсы көтеріліс жетекшісі. Көтеріліс нәтижесінде жеңіліп, өзіне қараған көп елді бастап тәжік-ауған жеріне өтіп кеткен.

Иса Тіленбайұлы - 1829 жылы туған. 35 жылдай болыс басқарушысы болды. 1909 жылы өмірден озды. Кіші жүз руынан, Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтерілістің жетекшісі.

Тіленбаев Ресей үкіметінің 1868 жылғы «Уақытша ережесін» әділетсіздік деп бағалап, халықты көтеріліске шығуға үндеді. Ол Досан Тәжіұлы, Алғи Жалмамбетов, Тілеуберген Орақов, Шүрен Иманов, Дихан Өтепов, Сүгір Шабаев, т.б. бірге халық көтерілісін басқарды. Тіленбаев, Досан бастаған 400 сарбаз 1870 жылы 22 наурызда Үшауыз деген жерде Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің жазалаушы жасағына ойсырата соққы беріп, 40 солдатын жойып жіберді. 1870 жылы сәуірде көтерілісшілер Александровск бекінісін қоршап алып, ондағы армян базарын талқандады. Саудагерлер мен өндіріс иелерін тұтқындап, Николаевская ст-н өртеді, армян слободкасы мен Қарағантүптегі шамшырақты қиратты. Кавказдан жіберілген жазалаушы жасақпен Тіленбаев сарбаздары кескілескен шайқас жүргізе отырып, Хиуа хандығына өтіп кетті. 1872 – 1873 жылы туған бастаған көтерілісшілер Хиуа жағында, Хиуа мен Арал теңізі аралығында болды. Көптеген ауылдар да Хиуа, Үстірт бетіне үдере көшті. Патша әкімдері 1873 жылы Хиуа хандығын басып алғаннан кейін халық көтерілісін болдырмау үшін көтеріліс басшыларына кешірім жасады. Тіленбаев 1874 жылы елге оралып, отыз жылдан аса уақыт болыс болды. Тіленбаев құсбегі, мерген, саятшы да болған. Көтеріліс кезінде және өзге уақыттарда шығарған «Күйкеннен аттанарда», «Хиуаға кетерде», «Оязға барарда», «Сексен жас», «Болыс болып жүргенде», «Күн қайда», «Ояз алдында», «Досанды жоқтау», «Қара өлең «, т.б. өлеңдері бар. Тіленбаев ерлігін Ақтан, Бала Ораз, Қашаған, Сәттіғұл ақындар жырлаған. Өлеңдері мерзімді баспасөз беттерінде және «Жырдария» жинағында (Ақтау, 1995) жарық көрді.[1]



Досан Тәжіұлы (1835, Маңғыстаудағы Бозащы түбегінің Жиделі деген жері (қазіргі Маңғыстау ауданы, Қызан ауылы) – 1876, Форт-Шевченко қаласы) – халық батыры, Маңғыстау көтерілісі басшыларының бірі. 1874 жылы Ресей үкіметінің Аничкин бастаған іздеуші жасағы Сам құмында отырған Досан ауылын қапыда қоршап алып, жаралы Досан батырды қолға түсіреді. Досан Форт түрмесінде 2 жылдан кейін қаза тапты.

Досан Ресей үкіметінің 1868 жылғы «Уақытша ережесін» әділетсіздік деп бағалап, халықты көтеріліске шығуға үндейді. Онымен бірге Иса Тіленбаев, Алғи Жәлімбетов, Тілеуберген Орақов, Шүрен Иманов, Дихан Өтепов, Сүгір Шабаевтар халықты көтеріліске бастап шығады. Досан бастаған 400 сарбаз Үшауыз деген жерде Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің жазалаушы отрядын тас-талқан етіп жеңеді. 1870 жылы сәуірде Досан сарбаздары Фортты қоршап алып, ондағы армян базарын талқандады, саудагерлер мен өндіріс иелерін тұтқындады, Николаевск станциян өртеп, армян слободкасы мен Қарағантүптегі маякті қиратты. Кавказдан жіберілген жазалаушы отрядпен Досан сарбаздары кескілескен шайқас жүргізе отырып, Хиуа хандығына өтіп кетеді. 1873 жылы Хиуа хандығын бағындыруға жіберілген Ресей әскерлеріне Қоңырат, Хожелі, Қарабайлы аймағында Досан тұтқиылдан шабуыл жасауды ұйымдастырып отырған. 1873 жылдың күзінде Досан жасағы Үстіртке қоныс аударды. 1874 жылы Ресей үкіметінің Аничкин бастаған іздеуші жасағы Сам құмында отырған Досан ауылын қапыда қоршап алып, жаралы Досан батырды қолға түсіреді. Досан Форт түрмесінде 2 жылдан кейін қаза тапты. Досан батырдың сүйегін туған жері Бозащыға Жанғабыл (халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлының әкесі) бастаған бір топ азаматтар жеткізген. Мүрдесі сондағы Қаратөбе зиратына қойылған. Досан батырдың ерлігін Ақтабан, Бала Ораз, Қашаған, Қалнияз, Сәттіғұл ақындар жырға қосқан.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет