3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы



бет1/2
Дата14.03.2023
өлшемі51,96 Kb.
#74131
түріАнализ
  1   2

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ




Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы – 40 минут


Түсіну және жауап беру 5 минут Анализ және интерпретация 15 минут Бағалау және салыстыру 20 минут

Балл саны – 20




Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапсы р
ма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, минут

Балл

1-2

8.1.2.1 әдеби шығарманың
идеясы мен
пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Жауап нұсқалары
нан бір немесе бірнеше дұры сын
таңдау/сәйкест ендіру /
ретімен орналастыру

Тапсырма жеке орындалады.
Оқушылар оқыған шығармалары
негізінде берілген
сұрақтарға жауап береді.

5

5

3-6

8.2.2.1 Автор
бейнесі мен кейіпкерлер қарым- қатынасының тілдік көрінісін талдау

Қысқа
жауапты қажет ететін ашық сұрақтар

Оқушылар оқыған шығармалары
негізінде берілген
сұрақтарға жауап береді. Жауаптары

15

10










талдау, сыни-ойлау,
















интерпретациялау
















негізінде ұсынылады.







7-9

8.3.4.1 шығарма бойынша жазылған әдеби сын- пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу

Жазбаша толық
жауапты қажет ететін сұрақ тар

Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.

20

5

Барлығы

40 минут

20

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім: Махаббат және абырой
Шығармалар: М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесі
Д. Исабеков « Әпке» драмасы
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы


1-БӨЛІМ





    1. ...Адамдардың бәрі «айналайыннан» басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін... Қария кісілердің сақалынан қасиет-қадір белгісі көрініп тұрар еді маған. Ер мінез жігіттердің кесек тұлғаларынан, шашбаулары сылдыраған қыз-келіншектердің жүріс-тұрысынан мен адамзаттың асқақ сұлулығын түйсіксіз байқағандай болармын....

Үзінді қай шығармадан алынған?


А) М.Дулатов «Бақытсыз жамал» Ә) Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» Б) Д. Исабеков «Әпке»


В) М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
[1]



    1. Тұжырымдардың қай шығармаға сәйкес келетінін анықтаңыз.




А) Қасиетке жасалған қиянат қасіретке
ұласады.

Ә) Шын жанашыр жақының өз
бақытынан өзгені жоғары қояды

Б) Отбасында алған өнегең – өмірлік сенің жолдамаң.

В) Жастар арманы ескіліктің құрбанына айналды.

1. «Бақытсыз
жамал»

2. «Ұшқан ұя»

3. «Әпке»

4. «Аққулар ұйықтағанда»

А)
Ә)
Б)
В)
[4]


2-БӨЛІМ





    1. «Ана-аққу-бала» қатынасын берудегі автордың ұстанымына қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз. Ойыңызды шығармадан дәлелдер келтіріп, тұжырымдаңыз.

[3]

    1. «Ұшқан ұя» шығармасындағы автордың әкесі жайлы естелігі, сипаты және бейнесін

берудегі тіліне талдау жасаңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз.
[3]



    1. Бақшада сайрап жүрген сандуғаш ем, Кез болды мен сорлыға құрылған тор Кѳл болып кѳздің жасы ѳткенім ғой,

Болмаса арылмаған маңдайда cop. Жайлаған аққу едім шалқар кѳлді, Бұл күні кѳрініп тұр жаман да зор. Оралдың ілер деуші ем ақиығы.
Шынымен жапалаққа болам ба қор?!

Жамалдың хатындағы тілдік қолданыстарды талдаңыз.


[2]

    1. Тимур. Жалғыз костюмім жанып кетсе, енді не демекпін?!

Қамажай. «Костюм, костюм» деп, төбемді оятын түрің бар ғой өзіңнің! Керек болса баратын жеріңе жалаңаш бар! Мен бір әдейі өртегендей... Осылар ренжімесін, осылар қабақ шытпасын деп, жарғақ құлағым жастыққа тимей жүргенде естір сөзім осы ма?

Кейіпкерлердің сөйлеу тілі арқылы олардың қарым-қатынасын талдап жазыңыз.


[2]


3-БӨЛІМ




Шығармалар туралы әдеби сын-пікірлердің біріне сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазыңыз. Ойдың жүйелі берілуіне, тіл тазалығына көңіл аударыңыз.
[5]

  1. «Ұлтымыздың біртуар тұлғасы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі қай жағынан алып қарасақ та, бүгінгі жас ұрпаққа керек дүние болып тұр. Мұнда елдік намыс та, ұлттық тәрбие де, отаншылдық өнегелік істер де бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында осындай құнды дүниелерді насихаттаудың маңызы зор деп ойлаймыз.»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет