33. Сүйек қосылыстарының


Бұлшық ет және қан тамыр лакуналары, шекарасы, құрамы. Уникальность: 100.00%



бет42/45
Дата13.02.2023
өлшемі216,5 Kb.
#67397
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

Бұлшық ет және қан тамыр лакуналары, шекарасы, құрамы. Уникальность: 100.00%


Cанның жоғарғы жағында алдынан шап байламымен, артынан және сыртынан қасаға және мықын сүйектерімен шектеліп жатқан кеңістік бар. Бұл кеңістікті шап байламынан мықын сүйекке дейін созылатын тығыз дәнекер тіндік arcus iliopectineus бұлшықет және тамырлы лакуналарға бөледі.
Бұлшықет лакунасының lacuna musculorum алдыңғы және жоғарғы қабырғалары шап байламымен lig.inguinale, латеральді қабырғасы мықын сүйекпен os ililum, медиалді қабырғасы arcus iliopectineus шектелген. Сыртқы пішіні сопақша болып келген. Бұлшықет лакунасы арқылы үлкен жамбастан санның алдыңғы бөлігіне бел-мықын бұлшықеті
m.iliopsoas, plexus lumbalis тарамдалған сан нерві n.femoralis-пен санның латеральді нерві n.cutaneus femoris lateralis өтеді.
Қан тамырлы лакунаның lacuna vasorum алдыңғы және жоғарғы қабырғасын шап байламымен lig.inguinale, латеральді қабырғасын arcus iliopectineus, медиальді қабырғасын лакуналық байлам lig.lacunare, артқы және төменгі қабырғаларын қасаға төмпешігінде
орналасқан Купер байламы lig.pectinale құрайды. Оның пішіні үшбұрыш тәрізді болып келеді. Қан тамырлы лакуна арқылы сан артериясы a.femoralis мен венасы v.femoralis, plexus lumbalis тарамдалған сан жыныстық нерв n.genitofemoralis және мықын шап нерві n.ilioinguinalis өтеді. Сан венасы лакунаның медиальді аймағында орналасқан, ал сан артериясы оның латеральді жағында тұрады. Олар тамырлы лакунанын үштен екі бөлігін алады. Ал қалған үштен бір бөлігін Розенмюллер‑Пирогов лимфа түйіні мен борпылдақ талшықтар алып жатыр.
  1. Санның келтіретін бұлшықеттерінің өзегі, шекаралары, қатынасы, құрамы. Уникальность: 100.00%


Санның келтіретін бұлшықеттерінің өзегі canalis adductorius, басқаша Гунтеров каналы деп аталады. Осы өзек арқылы тамырлар мен нервтер санның алдыңғы бөлігінен тақым шұңқырына өтеді. Алдыңғы сан жүлгесінің sulcus femoralis anterior жалғасы болып саналады. Үш қабырғасы мен үш саңылауы болады. Проксимальді бағытта бұл өзек сан үшбұрышымен trigonum femorale, дистальді бағытта тақым шұңқырымен fossa poplitea байланысады. Оның пішіні үшбұрыш тәрізді. Латеральді қабырғасын санның жалпақ медиальді бұлшықеті m.vastus medialis, медиальді қабырғасын санның ішке тартқыш үлкен бұлшықеті m.adductor magnus, алдыңғы қабырғасын осы бұлшықеттердің арасында орналасқан фиброзды мембрана membrana vastoadductoria құрайды. Бұл мембрана жоғарғы жағынан тігінші бұлшықетпен m.sartorius жабылған. Жалпы айтқанда өзектің ұзындығы 6-7 см болып келеді. Санның келтіретін бұлшықеттерінің өзегінің жоғарғы саңылауы сан үшбұрышының шұңқыр тәрізді кеңістігінің соңғы бөлімі болып табылады. Ол санның ішке тартқыш үлкен бұлшықетімен m.adductor magnus, санның жалпақ медиальді бұлшықетімен m.vastus medialis, фиброзды мембранамен membrana vastoadductoria шектеледі. Бұл саңылау арқылы сан үшбұрышы кеңістігенен санның қан
тамырлары өтеді. Ал ортаңғы саңылауы фиброзды мембранамен membrana vastoadductoria шектелген. Өзектің төменгі саңылауы hiatus tendinous m.adductor magnus деп аталады. Ол санның артқы бетінде тақым шұңқырында орналасады. Бұл өзек арқылы сан артериясынан a.femoralis таралатын тақым артериясы a.poplitea мен тақым венасы v.poplitea influxus, сан нервісінен n.femoralis тарамдалған тері асты венасы n.saphenus өтеді.

  1. Сирақтың бұлшықеттері, олардың қызметі. Тақым шұңқыры, шекаралары, құрамы.

Сирақ бұлшықеттері, т. crurales орналасуына қарай алдыңғы, артқы және латеральді топ бұлшықеттері болып 3-ке бөлінеді.
Алдыңғы топ бұлшықеттеріне бас бармақты жазатын ұзын бұлшықет m.еxtеnѕоr hаlucis longus, башпайды жазатын ұзын бұлшықет m.еxtеnѕоr dіgіtоrum, және алдыңғы асықты жілік бұлшықеті m.tibialis anterior жатады.
Алдыңғы асықты жілік бұлшықеті сирақ сүйектерінің сүйекаралық мембранасыннан және асықты жіліктің латеральді айдаршығы мен денесінен баталады да, медиальді сынатәрізді сүйек пен бас бармаққа барып бекінеді. Табанды бүгу және супинациялау функцияларын атқарады. Башпайды жазатын ұзын бұлшықет m.еxtеnѕоr dіgіtоrum сирақ сүйектерінің сүйекаралық мембранасынан, кішіжіліншік денесінен, асықты жіліктің латеральді айдаршығынан басталады да, сирақ-асықты буынының аймағында төрт сіңіршелерге бөлінеді де II-V бапшайлардың дистальді, ортаңғы фалангаларына бекінеді. II-V башпайлар мен табанды жазу функциясын атқарады. Бас бармақты жазатын ұзын бұлшықет m.еxtеnѕоr hаlucis longus сирақ сүйектерінің сүйекаралық мембранасынан,
кішіжіліншіктің алдыңғы бетінен басталады да, бас бармақтың дистальді фалангасына бекінеді. Бас бармақты жазу функциясын атқарады.
Латеральді топ бұлшықеттерге кішіжіліншіктің ұзын және қысқа бұлшықеттері жатады. Кішіжіліншіктің ұзын бұлшықеті m.peroneus longus кішіжіліншіктің басы мен денесінің латеральді бетінен және асықты жіліктің латеральді айдаршығынан басталады да, I-II табан сүйектерінің негізіне бекінеді. Табанды бүгу қызметін атқарады. Кішіжіліншіктің қысқа бұлшықеті m.peroneus brevis кішіжіліншіктің латеральді бетінен басталады да, V табан сүйектеріне бекінеді. Бұл бұлшықет те табанды бүгу қызметін атқарады.
Артқы топ бұлшықеттері терең және беткей екі қабатты құрайды. Беткей қабатты сирақ сүйектерінің үш басты, табан бұлшықетінен, ал терең қабатты артқы асықты жілік, башпайларды және бас бармақты бүгетін ұзын, тақым бұлшықеттерінен тұрады. Сирақ сүйектерінің үш басты бұлшықеті m.triceps surae камбалатәрізді m.soleus, латеральді және медиальді басы бар балтыр бұлшықетінен m.gastrocnemius тұрады. Камбалатәрізді бұлшықет асықты жіліктің камбалатәрізді бұлшықетке арналған сызығынан және кішіжіліншіктің басынан басталады. Балтыр бұлшықетінің латеральді басы асықты жіліктің латералді айдаршығынан басталады. Ал медиальді басы медиальді айдаршығынан басталады да, сирақтың орталық бөлігінде жалпақ сіңірге ұласады, ол камбалатәрізді бұлшықеттің сіңірімен қосылып ахил сіңірін құрайды да, өкшенің бұдырына барып бекінеді. Табан мен сирақты бүгу қызметін атқарады. Табан бұлшықеті m.plantaris тұрақты емес, ортан жіліктің лартеральді айдаршықүстінен басталады да, ахил сіңірімен бірге өкшенің бұдырына бекиді. Табан пен сирақтың бүгілуіне қатысады.
Башпайларды бүгетін ұзын бұлшықет m.flexor digitorum longus асықты жіліктің артқы жағынан, камбалатәрізді бұлшықет сызығының төменгі жағынан басталады да, сіңірі табанға өтетін жерде төрт сіңіршелерге бөлініп, II-V башпайлардың дистальді фалангасына барып бекінеді. Табан мен II-V башпайларды бүгу функциясын атқарады.Тақым бұлшықеті m.popliteus ортан жіліктің латеральді айдаршығынан басталады да, асықты жіліктегеі камбалатәрізді бұлшықетке арналған сызықтың үстіне бекінеді. Сирақты бүгу функциясын атқарады. Бас бармақты бүгетін ұзын бұлшықет m.flexor hallucis longus сирақ сүйектерінің сүйекаралық мембранасы мен кішіжіліншіктің атқы бетінен басталады да, бас бармақтың дистальді фалангасына бекінеді. Бас бармақты бүгу функциясын атқарады. Артқы асықты жілік бұлшықеті m.tibialis posterior сирақты сүйектердің сүйекаралық мембранасынан және денелерінің артқы бетінен басталады да, қайық тәрізді сүйекке бекиді. Табанның пландациялық бүгілуін жүзеге асырады.
Тақым шұңқыры тізе аймағының артқы аймағында орналасқан. Тақым шұңқырының fossa poplitea жоғарғы медиальді қабырғасы жартылай сіңірлі және жартылай мембраналы бұлшықеттердің сіңірімен, жоғарғы латеральді қабырғасы санның екі басты бұлшықетінің сіңірімен, төменгі қабырғасы балтыр бұлшықетінің латеральді және медиальді бастарымен шектесіп жатады. Тақым шұңқырының ортаңғы сызығының бойында беткей тақым нерві n.tibialis, ал терең жағында a.poplitea мен v.poplitea орналасқан. Шұңқырдың түбінде тақым бұлшықеті мен фасциясы орналасқан.
  1. Сирақ-тақым өзегі, шекаралары, құрамы.100 процент


Сирақ-тақым өзегі canalis cruropopliteus, басқаша Грубер каналы деп аталады. Ол сирақтың артқы бетінде орналасады. Тақым шұңқырының fossa poplitea төменгі бөлігінен басталып, камбалатәрізді бұлшықеттің m.soleus медиальді жиегіндегі сіңірінің басталар жерінде аяқталады. Алдыңғы қабырғасын артқы асықты жілік бұлшықеті m.tibialis posterior, артқы қабырғасын сирақ пен камбалатәрізді бұлшықеттің терең фасциялық жапырақшасы, латеральді қабырғасын бас бармақты бүгетін ұзын бұлшықет m.flexor hallucis longus, медиальді қабырғасын башпайларды бүгетін ұзын бұлшықет m.flexor digitorum longus құрайды. Бұл канал арқылы асықты жілік нерві n.tibialis, артериясы
a.tibialis және венасы v.tibialis өтеді. Сирақ-тақым каналының кіреберіс тесігінің жоғарғы қабырғасын тақым бұлшықеті m.popliteus, төменгі қабырғасын камбалатәрізді бұлшықеттің сіңірлі доғасы құрайды. Канал кіреберісінде тақым артериясы a.popliteus алдыңғы және артқы асықты жілік артерияларына бөлінеді. Алдыңғы асықты жілік артериясы a.tibialis anterior өзектің жоғарғы шығарушы тесігі арқылы сирақтың алдыңғы фасциясына өтеді. Асықты жілік нерві n.tibialis артқы асықты жілік артериясының a. tibialis posterior латеральді жағында орналасқан. Осы құрылымдар алдымен артқы асықты
жілік бұлшықетінің m.tibialis posterior артқы бетінде боладыда, содан кейін бұлшықет пен оның сіңірлері алдыңғы жағына қарай жылжып сирақтың төменгі үштен бірінде башпайларды бүгетін ұзын бұлшықетте m.flexor digitorum longus орналасады. Олар сирақтың ортаңғы және төменгі үштен бірінің тұсында камбалатәрізді бұлшықеттің төменгі ішкі жиегінен шығады да, ахилл сіңірінің ішіне ұласады.
  1. Бұлшықет-кіші жіліншік өзектері (жоғарғы және төменгі), шекаралары, құрамы.100 процент.


Бұлшықет-кіші жіліншіктің төменгі өзегі (canalis musculoperoneus inferior) – сирақ-тақым өзегінен тармақталған. Бұның алдыңғы қабырғасын – fibula артқы беті, артынан musculus flexor hallucis longus және musculus tibialis posterior құрайды. Осы өзек арқылы кіші жіліншіктік қан-тамырлары өтеді.
Ал бұлшықет-кіші жіліншіктік жоғары өзегі (canalis musculoperoneus superior) – сирақтың жоғарғы ұшында жатады. Ол fibula латеральді бетімен және musculus peroneus longus арасында орналасады. Өзекке кіші жіліншіктің жалпы жүйкесі кіріп, беткей және терең тармақтарға бөлінеді.
Асықты жілік шыбығының бұлшықеттік, төменгі өзекшесінің, canalis musculoperoneus inferior, а) алдыңғы қабырғасы асықты жілік шыбығының артқы бетінен, ә) артқы қабырғасын бас бармақты бүккіш ұзын бұлшықетінен тұрады. Бұл өзекше арқылы асықты жілік шыбығының бұлшықеттік қан тамырлары мен нервтері өтеді.
Асықты жілік шыбығының жоғарғы бұлшықет өзекшесі, canalis musculoperoneus superior, ол сирақ-тақым өзекшесінің жеке тармағы болып саналады. Өзекше, асықты жілік шыбығының латералды бетімен ұзын асықты жіліктік шыбығы бұлшықетінің, т. peroneus longus бұлшықетінің аралығында орналасқан. Бұл өзекше арқылы асықты жілік шыбығы бұлшықетінің беткей нервісі, peroneus superfieialis өтеді. Табан бетінде, табанның медиалды, латералды және аралық бұлшықеттерінің аралығында табанның медиалдық саласы, sulcus plantaris medialis мен табанның латералды саласы, sulcus plantaris lateralis орналасқан. Бұл салалар, сирақ тақым өзекшесінің тікелей жалғасы болып саналады.
Салалардың бойында табан бұлшықеттерін қандандыратын қан тамырлар орналасқан.
  1. Аяқ басының бұлшықеттері. Аяқ басының синовиалді қынаптары


Жалпы аяқ басының бұлшықеттері топографиясына байланысты аяқ басының сыртқы және табан бұлшықеттері боп 2 топқа бөлінеді.
Аяқ басы сыртының бұлшықеттеріне бақайлардың қысқа жазғыш бұлшықеті m. extensor digitorum brevisжатады. Ол аяқ ұшының сыртында ұзын жазгыш сінірлерінің астында жатады және өкше сүйегінің латеральды және жоғарғы беттерінен алдынан басталады. Алға қарай бағыт алып, I-IV бақайларға баратын төрт жінішке сінірге болінеді, олар m. digitorum longus пен m. extensor hallucis longus сіңірлерінін латералды жиектеріне қосылып, солармен бірге бақайлардын сыртқы сіңірлі созылмасын түзеді. Сіңірімен бірге үлкен бақайдың қысқа жазғыш бұлшықетін m.extensor hallucis brevis түзеді. Қызметі I-IV бақайларды жазу.
Ендігі кезекте табан бұлшықеттері өзі 3 топқа бөлінеді: медиалды –олар үлкен бақай бұлшықеттері, латералды - кішкене бакай бұлшыкеттері, ортанғы-
табан ортасында жатады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет