334 сот талқылауының ТҮсінігі жəне маңызы



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата23.12.2022
өлшемі0,51 Mb.
#59202
  1   2   3   4


334 
СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖƏНЕ МАҢЫЗЫ 
Абилькасова К.Б., заң факультетінің магистранты
Ильясова Г.А., з.ғ.к., азаматтық жəне еңбек құқығы кафедрасының профессоры 
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Қазақстан азаматтық сот ісін жүргізуде соңғы жылдары сапалы өзгерістер біртіндеп жүзеге 
асырылуда. Солардың ішінде маңыздысы болып əркімнің соттық қорғану туралы жолдану 
құқығын іске асыруға кедергілер заңнамалық деңгейде алынып тасталды, сөйтіп қазіргі уақытта 
соттық тəжірибе толығымен конституциялық қағида ретінде əркімнің сотық қорғану құқығын 
бекітетін ҚР Конституциясының талаптарын орындауға бағытталған. 
Аталмыш тақырып бойынша біршама жарияланған ғылыми жəне тəжірибелік сипаттағы 
еңбектер баршылық, авторлармен зереттеу тақырыбына қатысты əртүрлі пікірлер айтылған. Іс 
жүргізу құқығы бойынша əдебиеттерде көпшілік авторлар сот талқылауын жеке сатыға бөліп 
қарастырады, бірақ кейбір авторлар сот талқылауын бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің ішкі 
сатысы ретінде қарастырған жөн деп санайды. Мəселен, азаматтық іс жүргізу құқығының кейбір 
ғалымдары И.К. Пискарев, П.Я. Трубников жəне басқалары сот талқылауын азаматтық іс 
жүргізудің дербес сатысы ретінде санайды. Сонымен бірге, сот талқылауы азаматтық іс жүргізудің 
басқа сатыларының ішінде орталық орынға ие болады, «басты», «негізгі» саты деп те атайды 
[1, 5; 2, 286].
Басқа авторлар сот талқылауын екі мағынада түсіндіреді. Мəселен, И.М. Зайцев сот 
талқылауын азаматтық сот ісін жүргізудің процессуалдық қызметі ретінде қарастыра отырып,
келесідей пайымдайды: біріншіден, сот талқылауы деп мақсаты бірінші сатыдағы соттың 
азаматтық істі қарауы жəне шешуі болып табылатын азаматық іс жүргізудің құрамдас бөлігі 
(процессуалдық саты); екіншіден, сот талқылауын азаматтық сот ісін жүргізудің дербес 
процессуалдық қызметі ретінде қарастыру қажет [3, 10]. Мұндай түсінік сот талқылауында 
мақсатына қарай іске асырылатын əрекеттерге талдау жүргізуден туындайды. Сот талқылауының 
қызметін процессуалдық құқық қатынастарының жəне оған қатысушылардың ерекше құрамы, 
құқық қолданудың юрисдикциялық түрі жəне іске асырылатын заңдық құралдардың жүйесі 
ажыратады. Бұндай қызмет іс жүргізуді қозғаудан басталады жəне шешім шығарумен аяқталады.
З.Х. Баймолдина сот талқылауын азаматтық сот ісін жүргізудің процессуалдық қызметі 
ретінде түсінумен келіспейді. Автордың паймдауынша, бұл жағдайда сот талқылауы бірінші 
сатыдағы сотта іс жүргізу өндірісімен ұқсастыққа ие болады, бұл, əрине дұрыс емес деп атап 
көрсетеді. Аталған сот талқылауының ұғымы анықсыз жəне жалпы болып табылады, екі ұғымды: 
«процессуалдық институттар» жəне «процесстің сатылары» ұғымдарының араласуына əкеліп 
соғады. Мұндай сипаттаманы азаматтық істі қозғауға, сот талқылауына істі дайындауға, сол 
сияқты кез келген іс жүргізу сатысына беруге болады [4, 37-38].
Азаматтық іс жүргізу ғылымының келесі үшінші топ өкілдері сот талқылауы азаматтық іс 
жүргізу сатысы деген пікірді жоққа шығарады. Атап айтқанда, М.А. Гурвич, М.С Шакарян сот ісін 
жүргізу сатысы ретінде бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді тану қажет, оған азаматтық істі 
қозғаудан бастап сот шешімін шығарғанға дейін жүзеге асырылатын процессуалдық əрекеттер 
енеді деп тұжырымдайды [5, 242]. Іс жүргізу сатысын бөлу процессуалдық əрекеттердің жақын 
мақсатына қарай емес, аяқталу белгісі бойынша жүргізіледі. Азаматтық іс жүргізу теориясында 
қалыптасқан тұжырымдама бойынша, іс жүргізудің дербес сатысын анықтау оның аяқталуына 
қарай болады. Осы тұжырымға сəйкес, жоғарыда аталған авторлар сот талқысы азаматтық іс 
жүргізудің дербес сатысы болып табылмайды, ол - бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу сатысының 
бөлігі.
Соңғы тұжырыммен біз де келісеміз, себебі теориялық тұрғыда дəлелденген деп санаймыз. 
Өйткені., сот талқылауында бірінші сатыдағы сот пен азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың 
істі қарастыру мен оны негізі бойынша шешуге бағытталған процессуалдық əрекеттер жүзеге 
асырылады. Сот талқылауының мақсаты – азаматтық істі мəні бойынша қарау жəне шешу. Осы 
кезеңде сот оның алдында тұрған негізгі міндеттерді орындайды: істі мəні бойынша қарау; 
тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеу; соттық қызметтің тəрбиелік əсерін 
қамтамасыз ету, заңды жəне жеке тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделері мен бұзылған 
құқықтарын қалпына келтіру. Мұнда əділ соттың барлық қағидалары толығымен жүзеге 
асырылады; дəлелдемелерді жан-жақты жəне объективті зерттеулер негізінде істі дұрыс шешу 
үшін маңызды болып табылатын мəн-жайлар анықталады; нақты құқықтардың шегінде 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


335 
тараптардың құқықтары мен заңды міндеттері анықталады жəне дау бойынша сот мемлекет 
атынан шешім шығарады. Нағыз осы сатыда сот төрелігі жүзеге асырылады. Сот талқылауында 
заңдарды бұлжытпай орындау жəне жалпыға бірдей ережелерді құрметтеуге тəрбиелеу 
мақсатында соттардың азаматтардың санасына əсер етуі қамтамасыз етіледі. 
Сонымен, сот талқылауы дегеніміз бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу сатысының бөлігі, сот 
отырысы нысанында жүзеге асырылатын азаматтық істі мəні бойынша қарау мен шешуге 
бағытталған бірінші сатыдағы соттың жəне азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың 
процессуалдық əрекеттері.
Азаматтық іс жүргізуде қолданылатын екі ұғымды салыстыру да қажет: істі талқылау мен істі 
қарау ұғымдарының айырмашылығын анықтау маңызды.
З.Х. Баймолдина сот талқылауы деп кез келген істі қарауды емес, істі мəні бойынша шешу
мақсатында қарау деп түсінуді ұсынады. Себебі, барлық жағдайда істі қарау оны шешуге 
бағыттала бермейді. Мəселен, кассациялық сатыдағы сотпен де іс қаралады, бірақ оның мақсаты 
төменгі деңгейдегі соттардың актілерінің заңдылығын жəне негізделуін тексеру болып табылады. 
Кассациялық сатыдағы сот материалдық-құқықтық дауларды мəні бойынша қарамайды. 
Сондықтан «сот талқылауы» термині кассациялық сатыдағы сотта қолданылмайды [4, 39].
Азаматтық процестік кодекстің 184-бабына сəйкес, сот азаматтық істі талқылауды сот 
отырысында жүргізеді. «Сот талқылауы» жəне «сот отырысы» ұғымдарының да айырмашылығын 
қарастырған жөн. Өйткені, ғылыми əдебиетте екі ұғымның арақатынасы туралы даулы пікірлер 
айтылады.
А.Ф. Клейнман келесідей пайымдайды: аталған ұғымдар ұқсас жəне бір мағынада болады 
[6, 227].
П.П. Гуреев келесідей пікір айтады: сот отырысы – азаматтық істерді талқылаудың нысаны 
болып табылады [7, 18]. Бұл пікірді дамыта отырып, И.М. Зайцев бұл ұғымдар бір бірімен мəнді 
ажыратылады, олар мазмұны (сот талқылауы) жəне нысаны (сот отырысы) ретінде арақатынаста 
болады деген қорытындыға келеді. Бұдан басқа, нақты бір азаматтық іс бойынша сот талқылауы 
бір емес, бірнеше сот отырысында жүзеге асырылады деп атап көрсетеді [8.
Осындай пікірді И.К. Пискарев та жазады. Ол мəні бойынша істі қарайтын сот отырысының 
тəртібі азаматтық іс жүргізудің басқа сұрақтарын шешетін, мəселен, іс жүргізу мерзімін қалпына 
келтіру туралы, сот тапсырмасын орындау туралы, сот шешімін түсіндіру туралы сот отырысын 
жүргізу тəртібінен ажыратылады деп дұрыс атап көрсеткен [9, 286].
З.Х. Баймолдинаның пікірінше, сот талқылауы мен сот отырысы уаықты бойынша да сəйкес 
келмейді. Нақты азаматтық іс бойынша сот талқылауы шешім немесе ұйғарым шығарумен бітеді, 
ал сот отырысы осы іс бойынша сот талқылауын кейінге қалдыру немесе іс жүргізуді тоқтата тұру 
туралы ұйғарыммен аяқталуы мүмкін. Бұл сот талқылауы сот отырысымен салыстырғанда ұзаққа 
созылатын процессуалдық құбылыс болып табылады дегенді білдіреді [4, 40].
Сот отырысы сол сияқты кассациялық сатыдағы сотта да сот актілерін қайта қарау кезінде 
өткізілетінін тағы білеміз. Демек, сот талқылау мен сот отырысының арасындағы тығыз 
байланысты атап көрсете отырып, оларды екі түрлі мағына беретін ұғым ретінде танимыз. Сот 
талқылауы сот отырысы нысанында жүзеге асырылады.
Азаматтық істер iстi сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап екі айға дейінгі 
мерзімде қаралып, шешіледі. Жұмысқа қайтадан алу, əке болуды анықтау жəне алименттерді 
өндiріп алу туралы азаматтық істерді, сондай-ақ ерекше талап қою жəне ерекше іс жүргізу істерін 
сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір айға дейiнгi мерзiмде қарайды 
жəне шешедi. Азаматтық істердің жекелеген санаттары үшін заңдарда өзге мерзімдер белгіленуі 
мүмкін (АПК-нің 183-бабы). 
Сот талқылауы өткізілетін сот отырысын бөліктерге бөлу қалыптасқан. Себебі, сот 
отырысының əрбір бөлігінде жүзеге асырылатын процессуалдық əрекеттердің өз мақсаты бар 
жəне азаматтық істі талқылаумен байланысты нақты сұрақтарды шешеуге бағытталған.
Бір топ авторлар сот талқылауы сатысын бес дербес бөліктерге бөледі: əзірлік, істі мəні 
бойынша қарау, жарыссөз, прокурордың қорытындысы, сот шешімін шығару. Келесі авторлар тек 
төрт бөлікке бөледі: соттағы жарыссөз бен прокурордың қорытындысын біріктіреді [10, 31].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет