!
Әйелдер кеңесіне етеккірдің 3 айға кешігуіне шағымданып әйел келді. Айналарда қарау барысында қынаптың шырышты қабатының цианозы. Қынаптық қарау кезінде: жатыры жүктіліктің 8-9 апталығына сай үлкейген, ассиметриялы. Қарау кезінде анықталған белгілер, жүктіліктің қандай белгілеріне жатады?
/
Күмәнсіз белгілер
!
Перзентхананың қабылдау бөлімшесіне алмасу картасы жоқ жүкті әйел түсті. Оны қандай бөлімшеге жатқызу керек?
/
Фильтр
/
!
40 жасар науқас, созылмалы бейспецификалық сальпингит диагнозымен стационардың гинекологиялық бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Қынап
пен вульва аймағындағы қышуға, ақшыл бөліністерге шағымданады. Мазасыз, ұйқысы бұзылған. Объективті: жыныс ағзаларын қараған кезде кіші жыныс еріндернің , қынаптың шырышты қабатының қызаруы, ірімшіктәрізді бөліністер. Сыртқы жыныс ағзалары аймағында тырналған іздер. Науқастың басым мәселесің көрсетіңіз:
/
Жыныс ағзалары аймағында қыш мен ақшыл бөліністер
!
Босанған әйел, босанудан кейін 3-ші тәулікте дене температурасының 38*С жоғарылауына, ішінің төменгі жағында тұрақты, сыздайтын ауырсынуларға, жағымсыз иісті іріңді лохияларға шағымданады. Қарау барысында
жатыры кіндік аймағында, пальпацияда ауырсынады, лохиялар іріңтәрізді, жағымсыз иісті. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
/
Эндометрит
!
Ауыр дәрежедегі сусызданумен жүретін
диарея кезінде, егер бала су іше алмаса, сұйқтықты көктамырішілік енгізу тағайындалады. Ауыр дәрежедегі сусызданумен жүретін диарея кезінде қандай ерітінді көктамырішілік еңгізіледі?
/
Глюкоза 5%
!
2 айлық қыз бала. Мазасыздануға, бөксе мен шап аймағында терісінің қызаруына шағымданады. Кеше күні бойы баланың жөргегі ауыстырылмады.
Мерзімді, бірінші жүктіліктен дүниеге келген, емізулі. Жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Белсенді емеді. Бөксе мен шап қатпарларының терісінде айқын гиперемия байқалады. Басқа мүшелері ерекшеліксіз. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең иықтимал?
/
Тербөртпе
/
!
13 жасар ер бала. Шағымдары: әлсіздік, шөлдеу, бас ауруы,
зәр шығаруының жиілеуі, тәбетінің жоғарлауы. 1,5 айдан бері ауырады, басының жарақатымен байланыстырады. Анасының айтуы бойынша әжесінде де осындай ауру бар. Объективті: жағдайы ауыр, сөйлегенде
ауызынан ацетон иісі шығады, байланысқа селқос түседі. Терісі боз, құрғақ, бет ұшы қызарған. Теріде көптеген қасыған іздер бар. ТАЖ -20 ЖСЖ-96 мин АҚҚ -90\50 мм с.б. Төменде аталғандардың қайсысы осы ауруда алғашқы кезектегі әрекет болып табылады:
/
Ем тағайындау
/
!
Жаңа туылған нәрестеге бірінші патронаж жасалуда. Анасымен емшекпен емізудің маңыздылығы жайлы әңгімелесу өткізілді. Тек табиғи тамақтандыру кезінде ғана болатын тамақтандырудың маңызды құраушы үрдісін көрсетіңіз:
/