37. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қандай?



Дата21.03.2023
өлшемі14,35 Kb.
#75655


37. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қандай?
Ұлттық негіздер адамдардың рационалды, иррационалды, құндылықты, әлеуметтік тәртібінің санаттары туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады.
Ұлттық негіздер әртүрлі халықтардың осы белгілері қалай сезілуі мен іске асырылуынан көрінеді. Бұл айырмашылықтар әр халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіндегі айырмашылықтарды болжайды, себебі қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен дәстүрлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке ауысады.
Ұлттық мәдениет адамдарды адамгершілік тазалығы мен арына, әділдікке, адалдыққа, парасаттылыққа, сатылмаушылыққа шақырады. Ол әрқашан да парақорлықты, ашкөздікті әдепсіз құбылыс, әділдікті, моральдық адамгершілік нормаларын бұзу ретінде айыптайды.


38. Ол неден көрінеді?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қоғамның жалқаулық, парақорлық, ұрлық, әділетсіздік және басқалар сияқты кеселдерін айыптау нормаларында көрінеді.
Мысалы, әртүрлі этностардың мақал-мәтелдерінде халықтың алақол адамдарға деген теріс көзқарасы көрінеді:
«Түйе немесе түйме ұрласа да, ұрының аты ұры»,
«Ұрлық жасасаң, жазадан қашып құтылмайсың»,
«Ұрымен дос болсаң, ұяласың, өзің де ұрлық жасайсың»,
«Ұры ұрлық жасауын қойса да, «ұры» атауы оның қыр соңынан қалмайды»,
«Арамдықпен еңбек ету, тамақты ұрлықпен тапқанға тең»,
«Оңай жолмен келген табыс, құт болмайды»,
«Қайыршының қарны тоймас, ұры бай болмас» (қазақ мақалдары);
«Арам жолмен келген игілік, пайдалы болмас» (күрд мақалы);
«Қасқырды көк бөрі болғаны үшін емес, қойды жегені үшін соғады»
(орыс мақалы).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет