№4 (23) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы


Список использованных источников



жүктеу 11.58 Mb.
Pdf просмотр
бет3/17
Дата29.12.2016
өлшемі11.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 

Список использованных источников: 

1.  Садыков  Т.С.  Педагогические    и    правовые  проблемы

 

социализации  молодежи./ 



Международная научно-практическая конференция. А.,2001,СЗ 

2.   Абраменков В.В. Проблема отчуждения в психологи // Вопросы психологии, 1991,№1,С.-12 

3.  Божович Л.И.   Личность и ее формирование в детском возрасте, М.: Просвещение, 1,68, 

464с. 


4.    Божович  Л.И.  Изучение  мотивации;  сведения  детей  и  подростков.  М.:  Педагогика,  1972, 

209с. 


 

Түйіндеме 

Мақалада  құқық    тэрбиесінің  мэні  жэне  кэмелетке  толмаған  құқық  бұзушылардың  жеке 

тұлғасының  жемісті  элеуметтенудегі  рөліне  жан  жақты  талдау  жасалып,  зерттеу  жұмысында  жас 

жеткіншектердің құқықтық адамгершілік тэрбиесіне ерекше мэн берілген. 



 

Summary  

 

16

The  artcle  deals  with  the  mechanism  modelind  of  usind  ledality  principles  redarding  juvenile 



offenerse.  The  research  work  presents  the  structures  of  using  legality  principles  regarding  juvenile 

offenderse. 



 

 

 

АҒАРТУШЫЛЫҚ ДИҚАНШЫСЫ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАЛАРЫ 

 

    Ө.Исенов,  т.ғ.к.,  Қостанай мемелекеттік педагогикалық институтының доценті 



 

               



«Қазақ деген – жасанды мінезі жоқ, қарапайым халық, бірақ сол 

           қарапайымдығының өзінде оның, көп жақсылығы жатыр», «өз елімізге 

           қолдан келгенше кызмет ету – біздің әрқайсымыздың борышымыз».  

                                                                                              Ыбырай Алтынсарин 

 

      Еліміздің  Тәуелсіздігінің  20  жылдығымен  ағартушылық  диқаншысы  жаңашыл-педагог  Ыбырай 

Алтынсариннің  туғанына  170  жыл  толуы  тұспа-тұс  келіп  отыр.  Аса  көрнекті  ағартушы  Ыбырай 

Алтынсарин қазақ халқының қоғамдық ой пікірі, мәдениеті мен әдебиеті тарихында жаңашыл-педагог, 

жаңа  мектептердің  ұйымдастырушысы,  этнограф,  фольклоршы,  ақын  прозашы,  қазақ  тарихының 

жанашыры ретінде кеңінен мәлім.

  

      


Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазан күні Қостанай облысы Затабол ауданында туып өскен [1, 

8  б.].  Ыбырай  Алтынсарин  Казақстанда  ұлы  ағартушылық  идеясын  қалың  халық  бұқарасына 

тарататын, сөйтіп, оны ілгері алып бара алатын кадрлар даярлауды алдына мақсат етіп қойды. Мұндай 

кадрларды  ол  тек  азаматтық  халық  мектептері  арқылы  ғана  дайындап  шығаруға  болатындығын 

ұғынды – Ыбырай Алтынсарин Қазақстанда халық ағарту жұмысын ұйымдастырып, оны жолға қоюды, 

оған  дұрыс  бағыт  беруді  үлкен  арман  етті.  Халық  ағарту  жұмысын  ұйымдастырып,  оны  ілгері  алып 

бару үшін алғашқы кезде «түгел беріліп халықты сүйетін, мен сияқты қазақ керек» [1,19-20 бб.] – деп 

жазды ол. 

     1858  жылы  Орынбордағы  қазақ  мектебін  тәмәмдаған  [2].  Патша  үкіметі  стат  кеңесшісі  Ыбырай 

Алтынсаринге  1858  жылдың  6  қазанында  Самар  және  Орынбор  генерал-губернаторы  «зауряд-

хорунжи»  атағын  береді.  1879  жылы  Ыбырай  Алтынсарин  Торғай  облыстық  мектептер  инспекторы 

болып тағайындалды [3]. Ы.Алтынсарин облыстық мектеп инспекторы болып тағайындалғаннан кейін, 

үш  жылға  жуық  Торғай  қаласында  тұрып,  одан  соң  Қостанай  қаласына  көшіп  барды,  сонда  тұрып 

облыста  ағарту  жұмысын  басқарды.  Ол  Қостанай  қаласына  үш  шақырымдай  жерде,  Тобыл  өзенінің 

иінінде,  бір  кішкене  көлдің  жағасында,  өз  қаражатымен  үй  салдырып,  сонда  тұрып  инспекторлық 

қызметін  атқарды.

 

Алтынсарин  мекендеген  жердегі  көлді  жергілікті халық  «Инспектор  көлі»  [4].  деп 



атады, – сол көл «Инспектор көлі» аталып кетеді. 

      «Кел,  балалар,  оқылық»,  «Өнер  білім  бар  жұрттар»  деген  өлеңдерін  Ыбырай  Алтынсарин  өзінің 

белгілі шығармасы «Қазақ хрестоматиясында» (Орынбор,1879 жыл) «Сөзбасы» деген атпен бастырды. 

Демек, бұл өлеңінде қазақ жастарын автор оқып білім алуға үгіттеді, өткір тілмен, майда сөзбен үндеу 

ретінде  жазды.  «Балғожа  бидің  баласына  жазған  хаты»  сол  «Қазақ  хрестоматиясының»  ішінде 

«Оқудағы  балалардың  үйіне  жазған  хаты»  бөлімінде  басылған  өлең.  Соңғы  уақытқа  дейін 

зерттеушілер бұл  өлеңді  Ыбырайдың  атасы  Балғожа  бидің  оқудағы  немересіне  өлеңмен жазған хаты 

деп болжап келді. Шындығында, «Оқудағы балалардың үйіне жазған хаттары » солардың ішінде бұл 

өлең,  Ыбырай  Алтынсариннің  нақтылы  өз  шығармасы.  Оқушы  балалардың  үйлеріне  жазатын 

хаттарының үлгісіне мысал ретінде Ыбырай Алтынсариннің өзі жазған [1,401 б. ]. Автордың еңбегіндегі 

«Ағамыз  Ибрайға  көп  сәлемдерімді  жолдаймын»  деп  басталса,  ол  балалардың  жазған  хаттарынан 

алынған емес, солар жазатын хаттарының үлгісі, бұны мысал ретінде жазып көрсетіп отырған Ыбырай 

Алтынсариннің өзі. Тағы да бір дәлел келтірейік. Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және Әдебиет 

Институтының  1947  жылы  ұйымдасқан  экспедициясы  жинаған  мәліметтерде  осы  «Балғожа  бидің 

баласына  жазған  хаты»  деген  өлеңді  Ы.Алтынсарин  өзі  жанынан  шығарғандығын  халық  аузындағы 

деректер айғақтайды [1, 402 б. ].    

      «Шеше  мен  бала»  деген    Ы.  Алтынсариннің  өлеңнің  педагогикалық,  психологиялық  маңызы  өте 

зор;  Жасөспірім  балаларды  адамгершілікке,  мейірімділікке,  өнегелі  болуға  тәрбиелейді.  Орыс 

классиктерінің  де  (М.Ю.  Лермонтов,  Некрасов  т.б)  шығармаларында  да  осы  сарында  жазылған 

өлеңдер жиі кездесетіндігі жұртшылыққа мәлім. 

      «Бәріміз бір адамның баласымыз», «Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен», «Мақтанба бақыттымын 

деп  бағыңызға»,  «Жүйрікте  болмайды  көрік  сыналмаған»,«Ағайын  жат  болады  алыс  болса»,  «Асылы 

залымдардың  лайланды»,  «Әй  достарым!»,  «Әй,  жігіттер!»,  «Азған  елдің  хандары»,  «Азған  елдің 

қожасы»,  «Азған  елдің  молдасы»,  «Азған  елдің  билері»,  «Азған  елдің  байлары»,  «Береке  кеткен 



 

17 


елдерде»,  «Азған  елдің  адамына»  деген  өлеңдері  жастарға  айтқан  өсиет  өлеңдері.  Бұл  өлеңін  Ы. 

Алтынсарин  «Бәріміз  бір  адамның  баласымыз»  деп  бастағанда,  ол  қазақ  халқының  ынтымақ  бірлігін 

көксегендігі  көрінеді.  Осы  өлеңдерінде  автор  халық  әдебиеті  мұрасына  үлгі  алғандығы  және  ұлттық 

мәдениет мұраларын, қазақтың халық әдебиеті арқылы дамытуды  көздегендігі сезіледі. Бұл өлеңдерін 

Ыбырай Алынсарин 1876-1879-жылдар арасында жазған [1,402б. ].    

      «Бәріміз  бір  адамның  баласымыз»  деген  өлеңін  жазуда,  Ыбырай  Алтынсарин  бір  жағынан  халық 

әдебиет  нұсқаларынан  мәліметтер  алса,  екінші  жағынан  орыс  мәдениеті  ықпалында  болғандығы 

сезіледі.  Осы  өлеңде  кездесетін  Дәуіт  (Давид),  Тақ-Сүлеймен  (Саломан),  Қыдыр  Ильям  –  бұлардың 

аттары  халық  аузындағы  ертегілерде  кездеседі;  Орта  ғасырда  өмір  сүрген  Орта  Азияның  белгілі 

шейхтері  Зеңгібаба  (Сиырдың  пірі),  Ойсылқара(Түйенің  пірі),  және  Атымтай  Жомарт  –  бұлардың 

есімдері  де  ертегілерде,  ел  әдебиетінде  жиі  кездеседі.  Ал,  Ескендір  (Александр  Македонский), 

Наушеруан (Иранның белгілі патшасы) – бұларда аталады. 

       Ыбырай  Алтынсариннің  әңгімелері  1876-1879-жылдар  арасында  жазылып,  бірінші  рет  «Қазақ 

хрестоматиясында»  басылып  шыққан  болатын-ды  [1].  Бұл  әңгімелердің  кейбіреулері  орыс 

жазушылары  мен  орыс  педагогтерінің  шығармалары  үлгісінде  жазылған.  Мысалы,  «Бір  уыс  мақта», 

«Аурудан  аянған  күштірек»,  «Алтын  шеттеулік»,  «Тышқанның  өсиеті»,  «Шеше  мен  бала»,  «Бақша 

ағаштары»,  «Талаптың  пайдасы»,  «Әке  мен  бала»,  «Жаман  жолдас»,  «Қарға  мен  құрт»,  «Түлкі  мен 

ешкі»  тағы  басқалары  сол  кездегі  орыс  педагогтерінің  (Ушинский,Толстой,  Паульсон,  Крылов) 

шығармалары  үлгісінде  жазылған.  Ал,  олардың  ішінде  бірнешеулерінің  мағынасы  негізінде  орыс 

педагогтерінің  шығармаларына  ұқсас  келеді  [  1,403  б.].  Осы  әңгімелер  бір  стильде  дидактикалық 

мақсатта  жазылған.  Бұл  жөнінде  «Қазақ  хрестоматисына»  жазған  алғысөзінде  және  әркімдерге 

жазылған хаттарында автордың өзі де ескертеді. Сөз құрылысы жаттық, әркімге де түсінікті, қазақтың 

сұлу  жалпақ  тілімен  көңілге  қонатындай  етіп  Ыбырай    Алтынсарин,  әңгімелерін  негізінде  мына 

төмендегі күрделі тақырыптарға жазған: 

       Оқушы  балаларға  тәлім-тәрбие  беруге  арналған  әңгімелері  –  «Әке  мен  бала»,  «Асыл  шөп», 

«Бақша  ағаштары»,  «Аурудан  аянған  күштірек»,  «Мейірімді  бала»,  «Палкан  деген  ит»,  «Қанағат», 

«Өтіріктің  залалы»,  «Тәкаппаршылық»  т.б.  Бұл  әңгімелерінде  автор  жастарды  әдептілікке, 

сабырлылыққа,  салмақтылыққа,  әділ,  мейірімді,  қайырымды  болуға  тәрбиелейді.  Оның  басқа 

әңгімелерінің де түйіні жастарға өнегелі тәрбие беру екендігін көреміз; 

      Ұсақ  әңгімелерінде:  «Сәтемір-хан»,  «Талаптың  пайдасы»,  «Зиректік»,  «Білгеннің  пайдасы», 

«Әдеп» тағы  басқаларында,  Ыбырай  Алтынсарин  балаларды  оқып  білім  алуға,  зирек  болуға  үгіттеді. 

Мысалы,  «Талаптың  пайдасы»  деген  әңгімесінде,  ынтасымен  оқудың,  зиректіліктің  нәтижесінде  осы 

әңгіменің  кейіпкері  Матвей  деген  кісі  бүкіл  Ресейге  белгілі  суретші    болып  шығады.  Басқа 

әңгімелерінде де автор өнер мен білімді дәріптеді;  

       Автор  бірсыпыра  әңгімелерінде  жастарды  еңбек  сүйгіштікке,  ұқыптылыққа  тәрбиелейді.  Бұл 

тақырыпқа арналған әңгімелері: «Өрмекші, құмырсқа, қарлыға», «Бір уыс мақта», «Дүние қалай етсең 

табылады» тағы басқа шығармалары; 

       Қоныстану,  егін  кәсібімен  шұғылдану,  т.б.  шаруашылық  мәдениеті  тұрмыс-салтын  жастарға  

дәріптеу ниетінде, Ыбырай Алтынсарин бір топ әңгімелер жазды. Әсіресе, «Қыпшақ Сейітқұл», «Малды 

пайдаға жарату», «Киіз үй мен ағаш үй» деген әңгімелерінде, автор қазақ жастарына көшпелі өмірден 

отырықшылық құрылысқа айналу, жер кәсібімен шұғылдану заман  талабы екендігін сездірді;  

       «Бай  мен  жарлы  баласы»,  «Лұқпан  әнін»,  «Малды  пайдаға  жарату»  деген  әңгімелерінде,  автор 

сол кезде қазақ жастарына, тұрмыс тіршілікке бейімделуге шақырған мысалын көреміз. 

       «Оқудағы  балалардың  үйлеріне  жазған  хаттары»,  Ыбырай  Алтынсариннің  1861жылы  Торғай 

қаласына келіп, 1864 жылы орыс-қазақ балаларына арнап, бастауыш мектеп ашып, мұғалімдік қызмет 

атқарып жүрген  кезінде,  тәжірибе  ретінде  балаларға  үйлеріне  әркімдерге  хат жаздырып  үйрету  үшін 

құрастырған хат үлгілері болуы керек; 

       «Сәтемір-хан»,  «Қарабатыр»,  «Жәнібек  батыр»,  «Жиренше  шешен»,  «Тазша  бала»,  «Алтын-

айдар»  сияқты  тарихи  әңгімелерінің  тақырыбы  ел  әдебиеті  тарихы  нұсқасынан  алынып, 

жазылғандығын байқауға болады.  Бұл әңгімелерін Ыбырай Алтынсарин Торғай қаласында мұғалімдік 

қызметін атқарып тұрған кезде жазған.  

      «Қазақтарға  орыс  тілін  үйретудің  бастауыш  құралын»  Ыбырай  Алтынсарин    1864  жылы  Торғай 

қаласында мектеп ашып, сол мектепте мұғалім болып қызмет істеп жүрген кезінде өзінің оқытушылық 

тәжірибесіне  сүйеніп  жазды.  Бұл  оқу  құралында  автор  қазақ  балаларына  орыс  тілін  оқытудың 

өзгешелігі бар екендігін еске салады.  

       «Орынбор  ведомствосы  қазақтарының  өлген  адамдарды  жерлеу  және  оған  ас  беру  дәстүрінің 

очеркісі»,  «Орынбор  ведомствосы  қазақтарының  құда  түсу,  қыз  ұзату  және  той  жасау  дәстүрінің 

очеркісі»  деген  ғылыми  еңбегін  Ыбырай  Алтынсарин  1870  жылдың  қарсаңында,  Торғай  қаласында 

мұғалімдік  қызметін  атқарып  жүрген  кезінде  жазды.  1870  жылы  Бүкілресейлік  география  қоғамының 

Орынбор қаласында бөлімі ашылды. Ыбырай Алтынсарин мақалаларын осы жаңадан ашылған ғылыми 



 

18

орынға жіберіп, олар өзінің бірінші санды «Запискасында» бастырды. Алтынсариннің осы мақалалары 



баспаға  жіберілер  алдында  В.Н.Плотниковқа  рецензияға  жіберілді.  Қоғамның  мәжілісінде 

Плотниковтың рецензиясы оқылынып, Алтынсариннің мақалалары талқыланды.  

       Ыбырай  Алтынсариннің  хаттары  1860-1889-жылдар  арасында  жазылған.  Оның  хаттары  Қазан 

университетінің  профессоры,белгілі  миссионер  Н.Ильминскийге  1860,  1861,  1862,  1864,  1871,  1873, 

1876, 1877, 1879, 1881, 1882, 1883, 1884, 1886, 1887, 1888, 1889, жылдарында ; Орынбор оқу округінің 

жанындағы татар, башқұрт, қазақ мектептерін бақылайтын инспекторы В.В.Катаринскийге 1879, 1880, 

1882, 1883, 1884, 1885, 1886, 1887, 1889 жылдарында; Ақтөбенің орыс қазақ училищенің меңгерушісі 

А.А.Мозохинге  1881,  1882,  1883,  1884,  1887  жылдарда:  Қостанайдағы  орыс-қазақ  училещесінің 

меңгерушісі  Ф.Д.Соколовқа  1886,  1887,  1888,  1889  жылдарда  жазылған.  Осы  жазылған  хаттарынан 

Ыбырай  Алтынсариннің  өмірге  қөзқарасы  сыйпатталады.  Сонымен  қатар  автордың  хаттары  сол 

заманның  қоғамдық  саяси-экономикалық  және  қазақ  халқының  әлеуметтік  тұрмыс  жағдайлары 

тарихынан сыр шертетін тарихи құнды дерек көзі болып табылады. 

 Ы.Алтынсариннің  көзқарастарына  тән  нәрсе  –  оның  халықты  шын  сүйгендігі.  «Қазақ  деген  – 

жасанды  мінезі  жоқ,  қарапайым  халық,  бірақ  сол  қарапайымдығының  өзінде  оның,  көп  жақсылығы 

жатыр», «өз елімізге қолдан келгенше кызмет ету – біздің әрқайсымыздың борышымыз» – деп, айтты. 

Ыбырай – халықтың сүйген ұлы – «Барлық қазақ жастары менің соңымда, олар мені жақсы көреді мен 

қайтып  жалғыз  болайын?»  [1,  30  б.],  деген.  Мұнан  біз  ұлы  ағартушының  бойындағы  елжандылық 

отаншыл қызыметін көреміз. 

     Ы. Алтынсарин В. Катаринскийге жазған хатында: «Сізге соңғы хатымды жазғаннан кейін мен тағы 

да ауырып қалдым. Бұл жолы бұрынғыдан анағұрлым қатты ауырдым, жұрт мені жаны қалса болар еді 

деп қауіптенді. Әлі де аурумын, ұйқым жоқ десем де болады, тамақ ішпеймін: жүрегімнің соғуы күшті, 

ентіге  беремін. Троицкіден  үшінші  доктор шақыртқанымнан кейін,  қазір тәуірірексің  деседі,  ол  маған 

10 июльге дейін ішетін дәрі беріп кетті. Өзімді бір құдайға тапсырдым, тағдырда жазылғаннан артық 

ештеңе  болмайды  ғой  [1,  397  б.],  –  деп  баяндайды.  Алтынсаринн  өлер  шағында  өзінің  салған  үйін 

орыс-қазақ  мектептерінде істейтін мұғалімдерге  бағыштады. Ол  үй  кейіннен  демалыс  үйіне  айналды. 

Ал  500  десятинадай  өзіне  тиісті  жерін,  ол  Қостанай  қаласында  ашылғалы  жатқан  ауылшаруашылық 

училищесіне берді.

 

Барлық саналы ғұмырын ағарту ісіне арнаған Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 17 



шілде күні ұзаққа созылған науқастан көз жұмған [3, 25 п.]. 

      Қорыта келгенде айтпағымыз, ағартушылықтың диқаншысы Ыбырай Алтынсариннің шығармалары 

оқушы  жастарға  халқымыздың  ұлттық  құндылықтарын  көркем  шығармалары  негізінде  эстетикалық-

адамгершілік  көзқарастарын  қалыптастыру,  толеранттық  тәрбие  беруді  көздеген  шығармашылық 

мұралары баға жетпес құнды рухани қазына болып қала береді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1. Ыбырай Алтынсарин. Шығармалар жинағы. – Алматы:1955. – 413 б. 

2. Исенов О.И., Казыбаева М.М. Школа для казахских детей» при Оренбургской  комиссии и ее первый 

выпускник  Ыбрай  Алтынсарин.  //  Сборник  докладов  международной  научно-практической 

конференции «Дулатовские чтения- 2010», посвященной 125-летию со дня рождения М. Дулатова (19 

ноября 2010 г.Костанай), Костанай: Костанайский инженерно-педагогический университет, 2010. В 6-

ти частях. Часть 6-ая Педогогические науки. С.194-196. Профессиональное образование. – 196 с. 

3. ҚР ОММ. 25 - қор, 1-тізбе, 2557 - іс, 20-25 пп. 

4. Исенов Ө.И., С.И. Исенова. Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық-саяси қызметі // «Ыбырай Алтынсарин 

мұрасының әлеуметтік, пекдагогикалық, өнегелі әлеуеті және қазіргі заман». Республикалық ғылыми-

тәжірибелік конференция материалдар жинағы. (131-138 бб.). Қостанай, 2011. – 227 б. 



Резюме 

В  статье проанализировано  творчество  видного казахского просветителя  И.  Алтынсарина.  На 

основе широкой источниковой базы, эпистолярного наследия рассматриваются проблемы духовного и 

нравстенного воспитания, основанных на толерантности.   

   

Summary  

The  article  gives  the  analysis  of  the  creative  activity  of  a  talented  enlightener,  L.Altinsation.  The 

author views a problem of intellectual and moral development based on tolerance. The  presented material 

makes reference to the extensive area of sources and epistolary heritage. 

 

 

   



 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒДАРЛЫ  ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ      

 

19 


 

 

Ж.И.Сардарова,  п.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 

Ә.А.Абдирахимова,  Х.Досмұхамедов атындағы  Атырау мемлекеттік университетінің магистранты 

 

ҚР  2005-2010  жылдарға  арналған    білімді  дамытудың  Мемлекеттік  бағдарламасында 



көрсетілгендей, аталған бағдарламаны жасақтау мен жүзеге асырудың негізгі мақсаты ҚР 2010 жылға 

дейінгі  дамуының  Стратегиялық    жоспарының    басымдылықтары    негізінде    адами  ресурстарды 

дайындау  сапалығын  арттыру,  жеке  тұлға  мен  қоғам  қажеттіліктерін  қанағаттандыру    үшін  көп 

деңгейлі  ұлттық  білім  жүйесін  жаңарту  болып  табылады.    Бағдарламада  сонымен  қатар  күтілетін 

нәтижелер  беріліп,  яғни  бағдарламаны    жүзеге  асыру  нәтижесінде  нәтижеге  бағдарланған  сапалы, 

бәсекеге  қабілетті    білім  алуға  жағдай  жасалатыны  көрсетілген.  Бұған  қоса  білім  жүйесінің  дамуын 

болжау  және  мониторинг  жүйесі  жасақталады.  Соған  сәйкес  білім  мазмұнын  оқушының  өзіндік  даму 

құралы,  мұғалім  мен  оқушының  тұлғалық  бағдарланған    өзара  әрекетін  ұйымдастыру,  біліми 

факторларды  кіріктіру,  жаңа  педагогикалық  технологияларды  жасақтау  және  ендіру,  оқытудың 

дифференциалданған және дербестендірілген бағдарламаларына көшу;  оқушының сыртқы ынтасынан 

сыртқы ішкі адами-еріктік реттеуге көшу  көкейкесті болуда. 

       Білім  жүйесін  реформалау  құндылық  бағдарды  өзгертуге  құрылуда.  Ізгілендіру  мен 

демократияландыру үрдісі жүріп, ол біліми үрдістегі оқушы тұлғасының  жаңа ұстанымымен және жаңа 

«мұғалім – оқушы» өзара әрекеті жүйесімен сипатталады. Ал оқушы  оқу іс-әрекетінің  субъектісі, өзін-

өзі анықтауға және өзін -өзі  жүзеге асыруға ұмтылған жеке тұлға болуда.              

        ҚР білім беруді дамытудың  2015 жылға дейінгі тұжырымдамасы және біліми практиканың дамуы 

бүкіл  білім  жүйесін түбірімен  қайта  құруды,  соның ішінде  мектептік  білімді тұлғалық-бағдарлы  оқыту 

негізінде  нәтижеге бағдарланған моделге қайта бағдарлануын талап етуде.    

      Білім негізі - бастауышта десек, осы бастауыш сыныпта тұлғалық-бағдарлы оқытуды ұйымдастыру 

– бұл бүгінгі таңда өзекті проблема болып отыр

      Зерттеулерге  сүйенсек,  оқытудың  тұлғалық-бағдарлы  ұғымын  анықтауда  үш  тұрғыдан  қарау 

қалыптасқан (кесте 1). 

 

     Кесте 1 -Тұлғалық- бағдарлы оқыту» ұғымының мазмұны  



Авторлар 

Ұғым 

Ұғым мазмұны 

Якиманская И.С. 

Тұлғалы- 

бағдарлы оқыту 

Бұл  оқытуда  ең  алдымен,  оқушының  субъект  ретіндегі 

ерекшелігі,  оның  субъектілік  тәжірибесінің  өзіндік 

құнды-лығы    ескеріледі;  педагогика-лық  әсер  ету  осы  

тәжірибеге сүйене отырып жүргізіледі; оқыту барысында 

тәжірибенің  екі  түрінің  үнемі  байланысуы  –  қоғамдық 

және  жекелік,    оқу  жұмысы  тәсілдерін  талдау  арқылы 

білім алудың жеке өзіндік түрін ашу 

Петровский В.А. 

Грибанов А.Д. 

Калиненко В.К. 

Кларина Л.М. 

Стрелкова Л.П. 

Тұлғалы 

-

бағдарлы оқыту 



Бұл  тұрғыдан  қарау  оқу  үрдістерін  талдау  (пәндік 

аспект)  және  тәрбиелеуді  (коммуникативті  аспект) 

қарастырады. 

Сериков В.В.. 

Тұлғалы- 

бағдарлы оқыту 

 Білім  үрдісі  субъектілерінің  тұлғалық  қызметтерінің 

толық  деңгейде  көрініп  және  соған  сәйкесті    дамуына 

жағдай 

жаасалатын 



білім 

(қызметтері: 

ынталық, 

жанамалық,  колли-зиялық,  сыншылдық,  рефлексиялық, 

мәнді  шығармашылық,  бағдарланушылық,  ішкі  әлем 

автономиялығын  және  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету, 

өмір әрекетінің рухани деңгейін қамтамасыз ету   

      


   Біздіңше,  осы  үш  бағыттың  ішінде    аса  бірізділікті  ұстанымды    И.С.Якиманская  ұстайды.  Автордың 

негізгі идеяларын қысқаша былайша тұжырымдауға болады:  

        -  тұлғалық-бағдарлы  оқытудың  мақсаты:  оқушылардың  танымдық  қабілеттерін  дамыту, 

субъектілік тәжірибелері ерекшеліктерінің жоғары деңгейде ашу;   

         -  үйрету  танудың берілген нормативі ретінде оқуға  

         -  оқу  оқытуда  берілген  меңгерудің  әлеуметтік  мәнді  үлгілерін  түрлендіруге  бағытталған,    жеке 

баланың аса маңызды әрекеті деп түсініледі; 

          -  оқушының  субъектілігі  тұтастай  қоғам  талаптарына  тәуелді  үйрету  ықпалынан  туындаған 

емес, бастапқыдан ақ оған тән болып қарастырылады; 


 

20

          - біліми үрдісті құрастыру мен жүзеге асыруда әрбір баланың субъектілік тәжірибесін және оның 



мәдениеттенуін табу мақсатында ерекше жұмыстар орын алу керек. 

          И.С.Якиманскаяның  тұжырымдамасына  сәйкес,  оқу  жұмысының 



тәсілін  тек    қарапайым  білім 

бірлігі  емес,  ынталық  қажеттілік,  эмоционалды  және  операциялық  компоненттер  біріккен    тұлғалық 

білім деп қарастыру қажет. Сонымен қатар келесі мәселелердің басты назарда болуы:   

        - меңгерілу үрдісінің талдауына аса баса назар аударылу керек;  

        -  объектіні  қарастырудың  нормативті  тәсілі  оқушының  тәжірибесіне  байланысты  түрлі 

тәсілдермен орындалады, яғни тәсілдер қашан да даралыққа ие. Мұғалімге оқушының оқу жұмысының 

қай  тәсілдерін  меңгергендігін  білу  қажет,  өйткені  одан  тыс  оның  өз  бетіндік  жұмысын  ұйымдастыру 

мүмкін емес; 

        -  біліми  үрдісте 

мақсаттан  білімнің  меңгерілу  үрдісі  оқушының  өмірлік  құндылықтарын, 

қажеттіліктерін, ниеттерін және даралық мүмкіндіктерін ескере отырып,    дамыту құралына айналады;  

       - оқушыны өзіндік құнды біліми әрекетке ынталандыру; 

       - мұғалімнің оқушылармен ынтымақстастығы жорамалданады, яғни мұғалім оқушы санасына ұғым 

мазмұнын ендіріп қана қоймайды, оны баланың субъективті тәжірибесімен байланыстырады.  

Жалпы  әрбір  оқушыда  анықталған  өмірлік  тәжірибе  бар,  онда  тұлғаның  бағыттылығы,  қабілеттері, 

қызығушылықтары өзіндік мәнде сақталған. Мұғалімге бұл тәжірибені елемеуге болмайды, оған сүйену 

керек.Тек баланың өмірлік тәжірибесіне назар аудару және түсіну мұғалімге оның бұрынғы түсініктерін 

қайта қарап, өз тәжірибесі шекарасынан шыға отырып, жаңа білімді жинақтауға көмектеседі.     

          Белгілі психолог  И.С.Якиманскаяның  теориясы  негізінде  әрбір  оқушының  даралығын мойындау 

жатыр. Оқушының  жеке тұлға ретінде дамуы тек нормативті әрекетті меңгеру нәтижесінде ғана емес, 

сондай-ақ  оның  өзін-өзі  дамыту  көзі  болып  табылатын    субъектілік  тәжірибесін    үнемі  байыту, 

түрлендіруге  де  байланысты  болады.  Автордың  пікірінше,    даралық  қабілеттерін  дамытуға  себепші 

болатын оқушыдан педагогикалық ықпалдарды анықтауға құрылу керек. Сондықтан мұғалімнің міндеті 

- оқушының мазмұнға,  түрге, оқу материалының формасына, ынтаға, өзін-өзі жүзеге асыру үрдісінің  

жүру барысын  көріп,  әрекет түрлеріне ерекше ықыласын анықтау,  даралық талғамын байқау және 

осындай  талдау  негізінде  «танымдылық  кескінін»  жасақтауға  болады.    «Танымдылық  кескін  -  бұл 

оқушының  пәндік білімді  еске  түсірудің  жиынтығы емес,  ғылыми  білімнің  пәндік    мазмұнына  барабар 

ойлаудың өзіндік типі, бірақ онымен шектелмейді». «Кескінді» құрастыруда авторы баланың өзі болып 

табылатын 



субъектілік  белсенділік  тіркеледі.  Мұғалім  біліми  бағдарламаларды  жүзеге  асыру    үрдісі 

барысында оқушының даралық-тұлғалық ерекшеліктерін ескере алады. Оның көмегімен әрбір оқушыға 

қатысты оның дамуының үш негізгі сызығы тіркеледі: 

        - өзекті даму аймағы (білім, білік, субъектілік тәжірибе мазмұны, оқуға қатынас); 

        - таяу арадағы даму аймағы (ересектің көмегімен білімді меңгеруге қабілеті); 

        - өзін-өзі жүзеге асыру (белсенділік, өз бетінділік, өзін-өзі бағалау, оқуға қатынас). 



           

        Дидактикада  жеке  тұлға  дамуына  қатысты  үш  түрлі  көзқарас  бар.  Бірқатары  (И.Я.Лернер, 

Е.В.Бондаревская, Н.А.Алексеев, В.В.Сериков, Б.Г.Матюнин және т.б.) қалыптастыруға емес, 

дамытуға 

басым мән береді. Олардың пікірінше, «жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге; жеке тұлға 

кез-келген  қалыптастыруға  қарама-қарсы  тұра  алады    деп  тұжырымдайды;    «еркін  өзін-  өзі  дамыту 

аймағы  тәрбиеленушінің  ішкі  себептерімен  анықталады,  баланың  даму  бағдарламасы    оның 

әуестігімен,    қызығушылығымен,  қажеттілігмен  беріледі».  Екіншілері  (В.А.Караковский  және  т.б.) 

дамуды  да,  сондай-ақ  қалыптастыруды  да  мойындайды.  Олардың  айтуынша,  «даму  секірісті  талап 

етеді»,  жеке  тұлғалық  тәжірибе  сапалығының өзгерісін,  ол  «ішкі үрдіс»  және  «құрылымды қызметтік 

сипаттағы»,  «әрекет  мазмұнын»  кеңейтетін,  «жеке  тұлға  үшін  мәдени  мәнге  ие»  терең  өзгерістерді 

қозғайды.  Ал 

қалыптастыру  деп  бұл    «балаға  бұрын  болмаған  сапаларды  дарытуды»  түсінеді    және 

мұғалім  балада  белгілі  құндылықтар,  ұғымдар,  тұлға    келбетін  қалыптастырады  ,  кейін  оларды 

дамытады.  Үшінші  топтағы  дидактиктердің  (В.Коротков,  Г.К.Селевко  және  т.тб)  пікірінше,  даму  мен 

тәрбие шын мәнінде бірдей. 

        Біздіңше, ерекше көңіл бөлуді қажет ететін  ұстаным - бұл М.Н.Берулаваның берген пікірі. Автор 

«кіріктірілген даралықты» мойындайды, яғни оқушының  психикалық және жеке қасиеттерін кіріктіре 

отырып,  оларды дамытуды көздейді. Біз де бұл құнды пікірді қолдаймыз.     

 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет