4 Лабораториялық жұмыс ТӨртбуынды топсалы механизмнің кинематикалық синтезі



бет1/2
Дата09.07.2023
өлшемі54,35 Kb.
#104115
  1   2
Байланысты:
4 Лабораториялық жұмыс 1 1 (1)


4 Лабораториялық жұмыс
ТӨРТБУЫНДЫ ТОПСАЛЫ МЕХАНИЗМНІҢ КИНЕМАТИКАЛЫҚ СИНТЕЗІ
1. Жұмыстың мақсаты: Жазық механизмдердің кинематикалық синтез есебің жуықтау алгебралық әдісімен ЭЕМ арқылы шешудің әдістемесін меңгеру.
2. Тапсырма: Төртбуынды топсалы механизмнің кинематикалық синтез есебін шешу.
3. Негізгі қойылымдар:
Жазық механизмдердің кинематикалық синтез есебің жуықтау алгебралық әдісімен ЭЕМ арқылы шешу процесін келесі кезендерге бөледі:
1. Синтез есебінің мазмұнды тұжырымдамасы - механизм синтезі мақсатының және синтезделетін механизмге қойылатын қосымша талаптардың айқын сөзбен бейнелеуі;
2. Синтез есебінің математикалық тұжырымдамасы – бастапқы есептің математикалық тілде жазылуы, яғни синтездің мақсатын көрсететін мақсаттық функцияны және механизмге қойылатын қосымша талаптарды көрсететін шектеулерді құрастыру;
3. Экстремалдық есепті шешу - есепті шешудің сандық әдісін таңдау, мақсаттық функцияны минимизациялаудың таңдалған итерациялық әдісін жүзеге асыратын машиналық программаны (бағдарламаны) дайындау (немесе өңдеу) және синтез есебінің оңтайлы шешімін іздеп табу;
4. Алынған шешімнің дұрыстығын тексеру - есептелген механизмнің сандық талдауі және механизмге қойылатын барлық талаптардың (негізгі және қосымша) орындалуын тексеру;
5. Егер барлық талаптар орындалса, онда синтезделген механизмнің тәжірибеде қолданылуы. Егер талаптар орындалмаса, онда барлық алдыңғы кезендердің дұрыстығын тексеру.
4) Минимизациялау әдісін таңдау туралы.
Нақты экстремальдық есепті шешуді бастамас бұрын берілген жағдайда қандай минимизациялау әдісін таңдауды айқындап алу керек. Бұл үшін әдістерді олардың сипаттамаларына суйене отырып, салыстыра білу қажет.
Әдістердің негізгі сипаттамаларының бірі болып жинақталу жылдамдығы табылады. Әдістердің жинақталу жылдамдығын салыстыру ретінде жуықтауының нақты шешімнен ауытқуын салыстыру түсіндіріледі. Бұл мағынада нақты шешімнің маңайына қадамдардың аз санында жететін әдіс үздік болады.
Алайда әдістерді бағалаудың бұндай тәсілдері әр жеке алынған итерациялық әдістің еңбек сиымдылығы (қиындығы) деген маңызды қасиеті ескерілмейді. Көбінесе, нақты есепті шешу кезінде аса тез жинақталмайтын және шешімді қажетті дәлдікпен алу үшін айтарлықтай көп итерация жасауды қажет ететін әдісті пайдалану тиімдірек, бірақ әдістің әр итерациясы оңай жүзеге асырылатындықтан есептеулердің жиынтық көлемі және ден, сәйкесінше, шешімдерді алуға кететін жалпы машиналық уақыты да аз болады. Әр итерациясы айтарлықтай күрделі болатын, тез жинақталатын басқа әдісті қолданғанға қарағанда.
Осылайша, минимализациялау әдісін сипаттауда оның тек жинақталу жылдамдығы ғана емес, есептеулердің жалпы көлемі, қажетті дәлдікпен шешімді алуға кететін жалпы машиналық уақыт та маңызды болып табылады. Мәселен, бірінші және екінші ретті әдістерді пайдалану кезінде, яғни минимумдайтын (минимизацияланатын) тізбекті құру үшін бірінші және екінші ретті туындыларды қолданатын, есептеулерге бөлінген уақыттың көп бөлігі минимумдалатын (минимализацияланатын) функцияның мәндерін және итерацияның әр цикліндегі оның туындыларын есептеуге жұмсалады. Сондықтан, функцияның мәндерін есептеу оның туындыларын есептеуге қарағанда айтарлықтай оңай болған жағдайларда өзінің жүзеге асырылуы үшін тек функцияның мәндерін есептеуді ғана талап ететін 0-ші ретті әдістерді пайдаланған тиімдірек.
Минимизациялау әдістерінің маңызды сипаттамалары болып олардың жинақталу облысы, әдістердің есептеулер қателіктеріне орнықтылығы, әдісті жүзеге асыру үшін қажетті ЭЕМ жадының көлемі, программалау ыңғайлығы және т.б. да табылады.
Минимализациялау әдістерінің қатарында бастапқы нүктесі белгілі деп ұйғарылған. Бірақ кез келген жиыны үшін бастапқы нүктені анықтау оңай емес. Мәселен, егер , онда жалпы жағдайда сызықсыз алгебралық теңдеулердің шешілуімен аңықталынады.
Минимализация әдістерінің сипаттамаларымен танысқан соң, барлық қатынастарды үздік болатың әмбебап әдіс жоқ екеніне көз жеткізуге болады. Сондықтан нақты минимизация есебін нәтижелі шешу үшін шешілетін есеп априор ақпаратты (функцияның тегістігі, дөңестігі, еминимум нүктесінің мүмкін болатың орнының облысы туралы физикалық немесе қандай да бір басқа пікірлер), бар болып табылатын есептеу құралдарын (немесе тәсілдерін), машиналық уақыттың ресурстарын (қорын) және т.б. ескере отырып әдіске таңдау жасау кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет