4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



бет1/2
Дата22.05.2023
өлшемі58,23 Kb.
#95972
  1   2

Күні: _04.05.21__ Сыныбы: 10 A Оқушы: ЖИЕНБАЕВ НУРСУЛТАН
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар. 
Бөлім: «Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма»
1-нұсқа



Оқу мақсаты:

10.2.3.1 Көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью, нұсқаулық жазу.




Бағалау критерийлері:

Білім алушы
Көпшілікке арналған дәріс, интервью, мақала, очерктің құрылымы мен рәсімделуі мен жанрлық ерекшеліктерін анықтайды






Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары






Уақыты

15-20 минут




Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.


Астана келбеті
Есілдің сол жағалауындағы «Бәйтерек» монументі жан-жағына нұрын төккен алып шарды биікке көтеріп, өмір мен бейбітшілік символын күллі әлемге паш етіп тұр. Төбесінде көк туымыз желбіреген Ақорданың киіз үй үлгісіндегі күмбезі баршамызды бейбітшілікке, ауызбіршілікке шақырады. Сондай-ақ Л.Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті,
«Ел анасы» монументі, «Астана Арена» спорт кешені, Қазақстан Ішкі істер министрлігінің зәулім ғимараты, «Ханшатыр», «Керуен», «Мега» т.б ойын-сауық орталықтары, «Бәйтерек», «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Тәуелсіздік сарайы», «Конгресс Холл», «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры бас қаламыздың сәнін келтіріп тұр.
Бүгінде елордамыз түрлі деңгейдегі халықаралық шараларды өткізетін орталыққа айналып үлгерді. 2010 жылы елордада ЕҚЫҰ саммиті ұйымдастырылып, өте жоғары деңгейде өткізілді. Сонымен қатар ҮІІ қысқы Азиада ойындары да жоғары талапқа сай ұйымдастырылды.
2017 жылы «Экспо-2017» көрмесін өткізу құрметі де еліміздің бас қаласына берілді.Міне, жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, жас қаламыз өнер мен білімнің мәдениет пен ғылымның ордасына айналуда.(137 сөз).
А.Кульдикова


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет