4-зертханалық жұмыс Тақырыбы: cms joomla-да шаблондарды орнату



Дата09.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#33384
Байланысты:
4-лаб ИТ-сервис


4-зертханалық жұмыс

Тақырыбы: CMS Joomla-да шаблондарды орнату

Жұмыстың мақсаты: локальді Denwer серверімен жұмыс істеу дағдыларын алу, мәліметтер қорын құрып үйрену, локальді серверге CMS Joomla-ны орнату.



Тапсырмалар:

1. CMS Joomla шаблонын орнату.

2. CMS Joomla кеңейтілімдерін (расширение) орнату.
Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулық.

CMS Joomla шаблонын орнату

1. Интернеттен Joomla-ның шаблонын жүктеп аламыз. Ол файл архив түрінде болады. Шаблонның бұл файлын бірден орната алмаймыз, себебі оның ішінде тағы да архивтелген файлдар болуы мүмкін. Алдымен ол файлды жеке бумаға архивтен шығарып аламыз.


Енді сайтымыздың админ панеліне кіреміз. Админ панельде Кеңейтілімдер - Орнату (Расширение - Установка) бөлімін таңдаймыз.



Содан кейін төмендегі терезе ашылады:

Осы терезеде өзімізге қажетті шаблонның файлын таңдаймыз. Егер барлығы дұрыс орындалса, терезенің жоғарғы жағында шаблонның сәтті орнатылғаны туралы хабарлама шығады. Бұл жұмыста, төмендегі суретте, мысал ретінде ju_joomla86 шаблонының орнатылғаны туралы хабарланып тұр.

Шаблонды орнатқаннан кейін, оны сайтымыз үшін негізгі шаблон ретінде таңдауымыз қажет. Ол үшін Жүйе – Басқару панелі (Система-Панель управление) бөлімінен Шаблондар менеджері (Менеджер шаблонов) бөліміне өтіп, Стильдерден өзіміздің шаблон стиліне қарама-қарсы орналасқан жұлдызшаны шертеміз.


Енді сайтқа өтіп, жаңа шаблонмен сайтымыздың қалай көрінетінін бағалауға болады.

CMS Joomla кеңейтілімдерін (расширение) орнату

1. Бұл CMS жүйесіне біріктірілетін, қосымша файлдарда қамтылған бағдарлама коды. Joomla үшін барлық кеңейтілімдер бес негізгі топқа бөлінеді: компоненттер, модульдер, плагиндер, шаблондар, тіл бумалары. Joomla-да кеңейтілімдерді екі түрлі орнатуға болады. Бірінші түрімен біз жоғарыда шаблон орнату барысында танысып та үлгердік.

Жаңадан орнатылған Joomla-да түрлі кейейтілімдер орнатылған болады, яғни ол жаңадан орнатқан кезде де бос болмайды.

Компонент дегеніміз мазмұнды (контентті) басқарудың негізгі бөліктері. Әдетте компоненттердің өзінің басқару панелі болады. Joomla-да компонентті орнатқан кезде оның өзі ғана емес, онымен бірге компонентті толықтыратын модульдер мен плагиндер бірге орнатылады.



Көптеген стандартты компоненттер мен қолданушы компоненттеріне негізгі мәзірдегі Компоненттер (Компоненты) бөлімі арқылы қол жеткізуге болады.

Компоненттер мазмұнды басқарудың негізгі бөлігі болса, модульдер – қосымша бөлік. Модуль дегеніміз, көп жағдайда, қандай да бір ақпаратты шығаруға арналған. Бірақ олар мазмұнды шығару аймағына, яғни сайттың негізгі, ортадағы бөлігіне ақпарат шығаруға арналмаған. Осы аймақтың жоғарғы, төменгі бөлігіне, оң жағына, ол жағына ақпарат шығару үшін қолданылады.

Модульдерге сайтты басқару панелінің Кеңейтілімдер-Модульдер (Расширение - Модули) бөлімі арқылы қол жеткізуге болады.

Плагиндар да модульдер сияқты, мазмұнмен жұмыс істеудің көмекші құралы болып табылады. Плагиндер компоненттер мен модульдер үшін ақпаратты тексеріп, өңдеп және өзгерте алады, қандай да бір оқиға орын алған кезде олар іске қосылуы мүмкін.

Плагиндермен жұмыс істеу үшін Кеңейтілімдер-Плагиндер (Расширение - Плагины) бөліміне өтуіміз керек.

Бірінші тәсіл бойынша кеңейтілімдерді орнату үшін Кеңейтілімдер – Кеңейтілімдер – Орнату (Расширение-Расширение-Установка) бөлімін таңдаймыз.



Мысалы, төмендегі галерея компонентін орнатайық:

Бұл компонентті жүктеп аламыз. Орнату үшін Файлды жүктеу және орнату бөліміне компоненттің архивті файлын таңдаймыз, дұрыс орнатылса төмендегідей ақпараттар шығады:



Осы жолмен компоненттерді де, плагиндер, шаблондар мен модульдерді де орнатуға болады. Бірақ бұл тәсілмен кеңейтілімдерді орнату әрқашан мүмкін бола бермейді. Сондықтан кеңейтілімдерді орнатудың екінші тәсілін қарастырайық.

Мысал үшін, тағы бір шаблонды орнатып көрейік.

Алдымен шаблонның архив файлын жеке бумаға арзхивтен шығарып аламыз.


Енді осы буманы сайтымыздың templates бумасына көшіріп қоямыз.


Осы көшіріп қойған бумаға кіреміз де, осы буманың жолын толығымен көшіріп аламыз.

Буферге буманың жолын көшіріп алған соң, сайтымыздың админ панелінде Кеңейтілімдер-Кеңейтілімдер-Орнату (Расширение-Расширение-Установка) бөліміне өтіп, осы жолы Каталогтан орнату (Установить из каталога) деген кірістірмені таңдаймыз. Орнату каталогы (Каталог установки) өрісіне буфердегі сақтап алған буманың жолын қоямыз:

Содан кейін Тексеру және орнату (Проверить и установить) батырмасын басамыз. Барлығы дұрыс болса, кеңейтілімнің (біздің жағдайда, шаблон) сәтті орнатылғаны туралы хабарлама шығады:

Бақылау сұрақтары:

1. Компонент, плагин, модуль деген не?

2. Кеңейтілімдерді орнатудың тәсілдері туралы айтып беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет