§45 ОҚыту сапасын бағалаудың Әдістемелік ұсыныстары



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата31.12.2021
өлшемі211,62 Kb.
#22302
  1   2   3   4


§45  

 

ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ  

 

Құзыреттік-модульді  кәсіби  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асырудың  басты 



міндеті  –  білім  беру  сапасын  қаматамасыз  ету  және  үнемі  жоғарылату.  Білімнің  сапасын 

арттыру  жолдарының  бірі  жеке  пәндерді  оқыту  сапасын  бағалау  жүйесін  құруы  болып 

табылады. 

Анықтама бойынша, сапа дегеніміз  бұйымды немесе құбылысты өзгешелендіріп, оған 

анықтық  беретін  көрсеткіштердің,  қасиеттердің,  ерекшеліктердің  жиынтығы;  бір  нәрсенің 

құндылығын анықтайтын белгілі қасиет, көрсеткіш (жұмыс сапасы). Ұғым ретінде сапаның 

екі  аспектісі  бар:  біріншісі  –  стандарттар  мен  эталондарға  сәйкестігі,  екіншісі  – 

тұтынушылардың сұраныстарына сәйкестігі.  

Объективті  өлшеулердің  мүмкіндігі  мен  бағалау  нәтижелерінің  (эталонмен  және 

бағалаудың басқа объектілерімен)  салыстыруға келетіндігі сапаны тұжырымдауда  маңызды 

болып  табылады.  Мұндай  тәсілдеме  өнім  сапасына  қатысты  қолданылады.  Білім  беру 

бағдарламаларына  қатысты,  сапа  дегеніміз  студент  білімінің  сапасы,  яғни  нақты  және  дәл 

өлшенетін,  немесе  салыстыру  арқылы  анықталатын,  құзыреттілік  деп  аталатын  оқыту 

нәтижелерінің кешені.   

Сапаны анықтау кезінде қойылған мақсаттарға жету дәрежесі  маңызды.  Сапаны білім 

беру  үдерісіне  қатысушылардың  алдындағы  әртүрлі  мақсаттарға  қатысты  бағалау  қажет 

болғандықтан, абсолютті критерийлердің болуы мүмкін емес.  

Сапа  ұғымын  даму  концепциясы  тұрғысынан  қарастыруға  да  болады.  Концепцияның 

негізінде  жетілдіру,  яғни  сапаның  бар-жоғы  фактісін  көрсету  емес,  сапаны  арттыруға 

бағытталу идеясы жатыр (Barnett). 

Оқыту  сапасын  бағалаудың  бұл  жүйесі  сапа  ұғымының  қазіргі  тәсілдемелерін 

біріктіріп, «оқыту сапасы» ұғымын анықтау үшін ең маңызды сипаттамаларын көрсетеді:  

- барлық білім жүйесінің қызмет сапасымен байланысы;  

- анықтаудың көп факторлығы; 

- әртүрлі пікірлерге, қарастыру аспектілеріне тәуелділігі;  

- даму мен жетілдіруге бағытталуы.  

Осыдан,  оқыту  сапасы  дегеніміз  студенттер  дайындығының  жоғары  нәтижелерімен 

сипатталатын,  білім  беру  үдерісіне  қатысушылардың  сұраныстарын  қанағаттандыратын 

оқытушының үнемі жақсарып отыратын білім беру қызметінің деңгейі.  

Оқыту  сапасын  бағалау  дегеніміз  мазмұны  мен  формалары  бойынша  икемді, 

Академиялық  саясатына  сәйкес  университет  өзі  анықтайтын  қызмет  аспектілері  кіретін 

процедура.  

Жеке  пәндерді  оқыту  сапасын  бағалау  жүйесі  университеттің  миссиясы  мен 

стратегиясына сәйкес ұстанымдарға негізделеді: 

-  сапа  деңгейіне  үнемі  мониторинг  жасау  және  осы  деңгейді  арттыруға  бағытталған 

шараларды жүзеге асыру;  

- сапаны бағылау процедураларына студенттерді қатыстыру

- сапаны бағалау субъектілерінің шеңберіне жұмыс берушілерді, кәсіби ассоциациялар 

мен ғылыми қауымдастықтардың өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды кіргізу

-  сапаны  бағалау  процедураларының  ашықтығы  мен  толық  және  объективті  ақпарат 

негізінде дәлелді шешімдердің қабылдануы;  

сапа  кепілдігіне  университет  басшылығының,  құрылымдық  бөлімшелер 



басшыларының және әр қызметкердің жауапкершілігін мойындау; 

- еңбекті мойындау.  

Оқыту сапасын бағалаудың негізгі ұстанымдары – жүйелілік, тұрақтылық, жетілдіруге 

бағытталу. Оқыту сапасын тұрақты бағалау ішкі дамудың стимулы бола алады және негізгі 

міндетті  атқару,  яғни  білім  сапасын  арттыру  үшін  басшылық  пен  құрылымдық 



бөлімшелердің  бірігуін,  бір-біріне  деген  сенімділік  пен  бағалау  нәтижелерін  көпшілік 

алдында  талқылау  жағдайында  ашықтықтың  күшеюін,  барлығы  түсініп  қабылдайтын  жаңа 

мақсаттар мен міндеттерді анықтауын қамтамасыз етеді.  

Жүйенің қызмет атқаруы өздігінен түзілу және өздігінен реттелу үдерістерге айналуы 

және өзгеше ұйымдастыру негізінде бағалаудың белгілі формаларынан тұруы мүмкін.   

Оқыту  сапасын  бағалау  тиімділігі  бағалау  субъектілерінің  құзіреттілігіне;  бағалау 

процедурасымен жұмыстың ұйымдастырылуының байланысына тәуелді.   

Оқыту сапасын бағалау объектілері: 

1)  Профессорлық-оқытушы  құрамының  біліктілігі  (базалық  білімі,  ғылыми  дәрежесі 

мен атағы, инновациялық әдістер мен технологияларды меңгеруі, ғылыми және әдістемелік 

белсенділігі, біліктілікті арттыру жүйелілігі);  

2)  Оқытудың  ресурстары  (оқу  жоспарындағы  пәннің  орны,  сабақ  түрлері  бойынша 

кредиттердің бөлінуі, ПОӘК-пен, бақылау материалдарымен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен 

қамтылуы);   

3)  Оқытушының оқу жұмысын ұйымдастыруы (оқу және әдістемелік материалдардың 

пән  бағдарламасына,  ғылымның  қазіргі  замандағы  күйіне,  білім  беру  бағдарламасының 

мақсаттарына  сәйкестігі,  сбақтарды,  бақылау  мен  бағалауды  жүргізу  формалары  мен 

технологиялары,  білім  алушылардың  өзіндік  жұмысының  әдістемелік  қамтылуы, 

оқытушының  еңбек  тәртібі,  білім  алушылардың  оқу  тәртібі,  білім  алушылардың  ағымдық 

үлгерімі); 

4)  Ресурстардың  тиімді  пайдаланылуы 

(сабақтарда  техникалық  құралдарды, 

кітапханалық ресурстарды, оқу-зертханалық жабдықтарды қолдану); 

5)  Пән  бойынша  білім  алушылардың  дайындық  деңгейі  (пән  бойынша  оқу 

жетістіктері, оқу нәтижелеріне білім алушылардың қанағаттанарлығы). 

Оқыту  сапасы  бірынғай  критерийге  бағынбайтын  синтетикалық  ұғым  болғандықтан, 

сапаны  бағалау  жүйесі  де  көп  критерийлы  болу  керек.  Әр  критерий  оқыту  сапасын  тек 

белгілі  бір  жағынан  ғана  көрсете  алады,  сондықтан  сапа  туралы  қорытындыны  оқытудың 

негізгі элементтерін жүйе ретінде сипаттайтын көрсеткіштер негізінде жасауға болады.  

Көрсеткіштерді  өлшеу  және  оларды  критерийлік  мәндермен  салыстыру,  бағалау 

объектісінің қызмет көрсету тиімділігі белгіленген критерийге қаншалықты сәйкес екендігін 

көрсетеді.  

Оқыту  сапасына  қызығушылық  танытатын  тараптар  бағалау  субъектілері  болып 

табылады,  олар  бағалау  кезеңінде  оқыту  үдерісінің  әртүрлі  аспектілері  туралы  өз  ойларын 

білдіретін сарапшылар ретінде сапаны қамтамасыз ету жүйесіне кіреді. Әртүрлі тараптардың 

оқыту  сапасы  туралы  пікірі  мен  бағасы  әртүрлі  болуы  мүмкін,  сондықтан  сапа  туралы 

қорытынды  шығару  кезінде  барлық  тараптардың  –  студенттер,  оқытушылар,  жұмыс 

берушілер,  әкімшілік,  сыртқы  сарапшылардың  пікірі  ескерілсе,  мұндай  қорытынды  әділ 

болады. Әртүрлі объектілерді бір немесе бірнеше субъектілер бағалауы мүмкін.  

Оқыту  сапасын  бағалау  процедуралары  статистикалық,  әлеуметтік  (студенттерге, 

жұмыс  берушілерге,  қызметкерлерге  сауалнама  жүргізу,  оқытушылармен  сұхбаттасу  және 

т.б.)  және  педагогикалық  (сабақтарға  қатысу,  педагогикалық  құжаттарды,  студенттердің 

жазбаша және шығармашылық жұмыстарын тексеру және т.б.). әдістер арқылы қамтамасыз 

етіледі.  

Бағалау бес балдық шкала бойынша жүзеге асады (1 және 2 қосымшалар), одан кейін 

баға  %-ға  келтіріліп,  сабаққа  қатысу,  білім  алушылардың  және  ПОӘК  сарптамасының 

бағаларының орташасы есептеледі.  

Сапа жүйесі келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады: 

1.  Бағыт  сілтеу  (аудит  туралы  шешім  қабылдау,  мақсаттары  мен  мерзімдерін 

анықтау). 

2.  Жоспарлау  (комиссия  құрамын,  ақпаратты  жинау  әдістерін,  ақпаратты  беруге 

жауапты тұлғаларды анықтау және т.б.). 




3.  Ұйымдастыру  (ақпаратты  жинау,  өңдеу  және  жүйелеу,  алынған  мәліметтерді 

талдау,  комиссия  есебін  дайындау,  оқыту  сапасын  арттыру  бойынша  ұсыныстар  жасау). 

Есепте  мәселелелермен  қатар  жетістіктерді  де  көрсету  керектігін  ескерген  жөн.  Әсіресе 

алдынғы мониторингпен салыстырғанда оң не теріс нәтижелерді атап өту керек.  

4.  Талқылау (бағалауға қатысушалармен, сондай-ақ, білім беру үдерісінің әр аспектісі 

бойынша  жауаптылармен  мәселелеік  пікірталас,  сапаны  жетілдіру  үшін  өзгерістер  туралы 

ұсыныстар жасау).  

5.  Шешім қабылдау (алдыңғы кезеңде жасалған сапаны жетілдіру ұсыныстары ресми 

әкімшілік шешім түрінде рәсімделеді).  

6.  Өзгерістер жасау (білім беру үдерісіне қабылданған шешімдерді енгізу). 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет