§31 КӘсіби білім беру бағдарламаларын бағалаудың Әдістемелік ұсыныстары



бет1/6
Дата06.01.2022
өлшемі34,07 Kb.
#11839
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
31 kz


§31
КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БАҒАЛАУДЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ


  1. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін бағалау

Модульді-құзіреттік тәсілдемеге негізделген жаңа кәсіби білім беру бағдарламасын енгізу барлық оқу үдерісін түбегейлі өзгертуді қажет етеді, себебі дәстүрлі оқытудан модульді-құзіреттік оқыту жүйесі ерекшеленеді. Негізгі өзгешелігі білім алушының кәсіби қызметі мен мансаптық өрлеуі үшін қажетті құзіреттіліктерді игеруге бағытталып, құзыреттіліктерді игеру оқу үдерісін тиісінше ұйымдастыруды талап етеді.

Жаңа кәсіби білім беру бағдарламасына көшу барысындағы басты міндеттердің бірі - студенттердің жетістіктерін бағалау әдістерімен қатар жоспарланған нәтижелер мен міндеттерге сай оқыту технологияларын қолдану бойынша жасалған бағдарламаларға жұмыс берушілердің қатысуымен сыни талдауы мен сараптамасы болып табылады, сонымен қатар бағдарламаның өзектілігі мен заманауилығы да бағаланады.

Бағдарламалар мен ПОӘК тәуелсіз сараптамасын пән саласындағы кәсіби мамандар тобы жасайды. Сараптамаға ұсынылған бағдарламалар келесі құрылымнан тұрады:



  1. Бағдарлама сипаттамасы;

  2. Бағдарламаның маманданымы және модуль/курс каталогтары;

  3. Пәндердің оқу-әдістемелік кешендері;

  4. Емтихан сұрақтары және жазбаша жұмыстардың (реферат, дипломдық жұмыстар) тақырыптары;

Сараптамаға ұсынылған білім беру бағдарламалары оларға қойылатын негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  • бағдарламалар мен ПОӘК білім беру мен ғылым дамуының басым бағыттарына сай болып, инновациялық бағдарланған болу керек;

  • жоғары білікті мамандардың күшімен жүзеге асырылу керек;

  • қазіргі ақпараттық оқу және оқу-әдістемелік материалдармен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілу керек;

  • оқытудың инновациялық әдістері мен формаларын пайдалана отырып жүзеге асырылу керек;

  • білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін игеруін қамтамасыз ету керек.

Алғашқы кезеңде (университет ішінде) ПОӘК-тің құрылымы мен мазмұны талдаудан өткізіледі.

Екінші кезеңде сыртқы сарапшылар ПОӘК сапасын төмендегі көрсеткіштер бойынша бағалайды:

-тақырыптық мазмұнының өзектілігі;

- күтілетін оқыту нәтижелерінің нарық талабына сәйкестігі;

- оқыту нәтижелерінің құзіреттілік-критерийлік бағалануы.

ПОӘК мазмұны мен құрылымының критерийлері мен көрсеткіштерін бағалау төмендегі баллдық жүйеге сай болады:

0 балл – критерий көрінбеген кезде, кейде байқалып, әлсіз көрінген кезде;

1 балл - сирек және жеткіліксіз байқалғанда;

2 балл – жиі және жеткілікті көрінгенде;

3 балл – үнемі және анық байқалғанда қойылады.

Ары қарай қосынды нәтижесі есептеледі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет