№4(56)/2009 Серия история. Философия. Право


ҚҰРБАНҒАЛИ  ХАЛИДТЫҢ  «ТАУАРИХ  ХАМСА»  («БЕС ТАРИХ»)  ЕҢБЕГІНДЕГІ  АЛТЫН



жүктеу 6.1 Mb.
Pdf просмотр
бет2/39
Дата22.12.2016
өлшемі6.1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

ҚҰРБАНҒАЛИ  ХАЛИДТЫҢ  «ТАУАРИХ  ХАМСА»  («БЕС ТАРИХ»)  ЕҢБЕГІНДЕГІ  АЛТЫН 
ОРДАНЫҢ  ЖƏНЕ  ОРТАЛЫҚ  АЗИЯ  ӨҢІРІНІҢ  САЯСИ  ТАРИХЫНА  ҚАТЫСТЫ 
МƏЛІМЕТТЕРГЕ  ДЕРЕКТАНУЛЫҚ  ТАЛДАУ  ЖҮРГІЗУ 
В статье проведен источниковедческий анализ сведений по истории Золотой Орды в период 
распада  по  материалу  книги  «Тауарих  хамсы» («Пять  историй»),  написанной  Курбангали 
Халидом (1946–1913 гг.) и изданной в 1910 г. Для источниковедческого анализа использованы 
сравнительно-исторический  метод,  метод  критического  анализа,  герменевтическая  интер-
претация,  методы  вспомогательных  исторических  наук.  Предпринимается  попытка  систе-
матизировать материал по истории Золотой Орды. 
Due to the material of «Taurih hamsa» (Five stories) written by Kurbangali Halid (1846–1913) and 
published in 1910, it was made the analyses of Golden Orda history at the period of decay. For this 
research the author used the comparatively — historical method, method of critical analyses, germa-
native interpretation and methods of supplementary historical science. The author made to attempt to 
sustemise the material of «Taurih hamsi». 
 
«Тауарих  хамса»  Алтын  Орда  жəне  оның  ыдырау  нəтижесінде  құрылған  түрік-татар 
мемлекеттерінің тарихын баяндайтын жазба деректердің қатарын құрайды. Отан тарихында аталған 
кезеңге  байланысты  жазба  деректер  қоры  жəне  оларды  талдайтын  еңбектер  тым  аз.  Жалпы,  əлемде 
Алтын  Орда  жəне  оның  төңірегінде  жүргізіліп  жатқан  зерттеу  жұмыстары  күннен  күнге  өз  аясын 
қосалқы  деректерді  тану  арқылы  кеңейтіп  келе  жатыр.  Алтын  Орда  тарихын  белгілі  араб,  парсы, 
монғол, орыс, түрік деректерімен қоса армян, қытай, грузин, грек, итальян, латын жəне т.б. [1] тілді 
еңбектермен қатар зерттеу қажеттілігі айтылып жүр. 
Алтын  Орда  тарихы  «Тауарих  хамсада» «Шыңғыс  əулетінің  билік  ету  кезеңдері» [2] деген 
бөлімде баяндалған. Қ.Халид тарихты Жошының қайтыс болуымен жəне оның бес ұлының есімдері 
төмендегідей  тізбекпен:  Үрде  ижн  (Орда),  Бату  хан,  Тоғай  Темур,  Шайбан  хан [3] деп  атап,  бір 
ерекшелігі Бату ханның замаманын қазақ хандығының құрылу уақытына дейінгі аралықты «он төрт» 
кезеңге бөліп қарастырған. Жошы иелігіне қараған аймақта, билік басында деректер бойынша, оның 
ұлдары  мен  ұрпақтары  отырған.  Көпшілік  деректерде  Жошының  он  төрт  ұлы  аталатыны  белгілі, 
мысалы, Рашид-ад-Диннің «Жами ат-тауарих» атты еңбегінде Жошының он төрт ұлын төмендегідей 
реттілікпен  көрсеткен: «Бірінші  ұлы — Орда,  екінші — Батый,  үшініші — Берке,  төртінші — 
Беркешар,  бесінші — Шайбан,  алтыншы — Танғұт,  жетінші — Бууал,  сегізінші — Чилауқұн, 
тоғызыншы — Шинғұр, оныншы — Шимпай, он бірінші — Мухаммад, он екінші — Ұдұр, он үшінші 
—  Тұқа-Темір,  он  төртінші — Шинғқұм» [4]. Сондай-ақ,  Алтын  Орда  құрылғаннан  кейін,  Жошы 
ұлысының 14 ұлына еншілік ретінде берілгені: «... при образовании Золотой Орды Джучиев улус был 
разделен  между 14 сыновьями  Джучи  в  виде  наследственных  владений» [5], деп  анықталған 
зерттеулерде  айтылған.  Жалпы,  деректер  бойынша  Жошының 40-тан  астам  ұлы  болған.  Бұл  жерде 
туындап отырған мəселе, Қ.Халидтың Ұлыстың тұтас уақыты мен ыдырау нəтижесінде пайда болған 
мемлекеттерді  есепке  алып, «он  төрт»  кезең  ішінде  он  төрт  хандық  тарихын  бөліп  көрсетуі. 
Автордың  дəйекті  себеп-салдарсыз  «он  төртке»  бөлу  тəртібін  билік  еткен  хандар  немесе  құрылған 
хандықтар аралық, жүйелікті сақтау мақсатында болған деген тұжырым жасаймыз. 
Он төрт кезеңнің бірінші кезеңін Қ.Халид: «... Жошы ұлы Бату ханнан бастап, Сарайды салған 
Бату  хан 1207 жылы  таққа  отырып,  тұқымынан  он  жеті  адам  Сарайда  хандық  етіп,  соңы 1345 
жылында  Келдібек  ханға  жетіп, 138 жыл  билік  құрған» [6] деген.  Мəліметте  кеткен  кемшілік — 
хронологиялық  көрсеткіш.  Бату  хан  анықталған  көпшілік  деректерде  Ұлыс  тағында 1252–
1255/1256 жж. [7] аралығында отырғаны, деректерде көп болса 1–3 жылдық айырмалармен берілген. 
Ал  он  жеті  хандық  кезеңнің  Келдібек  ханның  билігімен  аяқталуы  салыстырылған  ғылыми 
тұжырымдармен тура келеді. Қ.Халид Келдібек ханның билігін 1345 жылмен аяқтайды, қалыптасқан 
хронологиялық  кестелерде  Келдібек  ханның  билік  еткен  уақыты  шамамен  ХІV  ғасырдың  орта 
шенінен  кейін,  яғни 1361 жыл [6, 372б.]  деп  көрсетілген.  Қ.Халид  көрсеткен  уақыт 15–16 жылға 
бұрын  айтылған.  Ал  «он  жеті  хан  мəселесі»  тұп-тура  анықталған  он  жеті  ханның  есімімен: «Бату 
(1240–1255), Сартақ (1255), Ұлақшы (1256–1258), Берке (1258–1266), Ионке Темір (1267–1280), Тұда-

12 
Монке (1281–1287), Төле-Бұқа (1287–1290), Тоқта (1290–1312), Өзбек (1312–1342), Тинибек (1342), 
Жанибек (1342–1357), Бердибек (1357–1359), Құлпа (1359–1360), Наурыз (1360–1361), Хызыр (1361), 
Темір-Ходжа (1361), Келдібек (1361)» деп, 121 жылға  созылған.  Бір  ерекшелігі,  Қ.Халид  бойынша 
138  жылға  созылған  хандық 17 жылға  артық  айтылуы,  келесі  хандардың  билік  еткен  жылдарына 
байланысты  ұсынылған  хронологиялық  көрсеткіштерде  де, 10-нан  астам  жылдарға  бұрын 
айтылуымен сəйкессіздік туғызады. 
Қ.Халид  осы  аралықтағы  тарихты  жазуда  Əбілғазы  Баһадүр  ханның  «Түрік  шежіресі»  мен 
Шиғабуддин  əл-Маржанидің  «Мустафад  ал-аһбар» (Қазан,  Сібір,  Астрахан  хандықтарына 
байланысты  болу  керек)  еңбектеріне  сүйенгенін  хабарлаған.  Бұған  дəлел,  автор  бөлім  соңында: 
«Шыңғыс тұқымын түбегейлі тексеремін дегендер осы екі автордың аталған еңбектеріне қарасын» [9] 
деп  жазған.  Дегенмен,  бөлім  мазмұны  толықтай  аталған  еңбектер  негізінде  іске  асқандығы  күмəн 
туғызады.  Себебі, «Тауарих  хамсада»  хандардың  билік  еткен  жылдарына  берілген  хронологиялық 
көрсеткіштер мен мəліметтер аталған еңбектер мазмұнымен үнемі сəйкестікті көрсетпейді. Қ.Халид 
осы  кезең  тарихына  байланысты,  осы  екі  еңбекті  атағанымен,  жалпы  ХІ–ХІІІ  ғғ.  Шыңғыс  хан 
əулетіне  байланысты  тарихтың  көпшілігі  Рашид  ад-Диннің  «Жылнамалар  жинағы»  негізінде  іске 
асқаны  жəне  аталған  деректің  мазмұны  монғол  ханы  Газан  ханның  баяндауымен  жазылғанын 
монғолтанушы  Б.Я.Владимирцов [10] нақты  айтып  кеткен.  Ал  «Тауарих  хамса»  мен  «Жылнамалар 
жинағы»  аралық  салыстыру  жұмыстарын  жүргізетін  болсақ,  екі  еңбек  аралық  генеалогиялық 
тұрғыдан  ұқсастықтарды,  ал  хронологиялық  тұрғыдан  айырмашылықтарды  көреміз.  Мысалы, 
Қ.Халид  Жошы  хандығын  Келдібекпен,  ал  Рашид  ад-Динге  сүйенген  Əбілғазы  нақты: «Сайын  хан 
əулеті  Бердібекпен  аяқталды» (хижралық  жыл  санау  бойынша 762 жыл  деп  көрсеткен) [11] деген 
жəне  соңғы 5 хан  аталмаған.  Сондай-ақ,  осы  жерде  Рашид  ад-Дин  мен  Əбілғазы  аралық 
хронологиялық айырмаларды да көреміз. 
Қ.Халидтың  Ұлыс  тарихының  соңын  Келдібек  ханның  заманымен  аяқтауы  көп  мəселелердің 
басын  ашады,  бұл  автор  тарапынан  дұрыс  берілген  мəлімет.  Тарихи  зерттеулерде  айтылып  жүрген 
тұжырымдарға келетін болсақ, Келдібек заманы ең бір тарихи тұманды кезеңдердің бірі болған. Бұл 
аралықты  зерттеу  ғылымда  қиындықтарды  туғызып  жүр.  Осы  кезеңдегі  Сарай  хандарының  таққа 
отыру тарихы біршама анық емес. Зерттеушілердің пікірінше: «... 1361 год является самым путаным 
периодам в  истории Золотой Орды. В самом Сарае и ближайших к нему районах происходила бес-
прерывная  междоусобная  борьба  феодальных  группировок.  Одновременно  два  хана — Абдуллах  и 
Мурат — оспаривали власть друг у друга в окрестностях Сарая» [12] деп сипатталған. Қ.Халидтың 
Сарай  билігінің  бір  белесін  Келдібекпен  аяқтап,  төртінші  кезең  бөлімінде  ғылымда  қалыптасқан 
жүйеге  сəйкес, «... 1345 жылы  Бату  хан  əулетінің  үкіметі  аяқталып,  Шайбан  хан  əулетінен  (яғни 
Келдібектен  кейін)  Хызыр  хан  Сарайда  таққа  отырады.  Бұл  əулеттен  он  алты  кісі  бар,  барлығы 
хандық құрды. Соңында 1362–1363 жылдары Базаршы хан таққа отырып, билік кезеңі 20 жылға жуық 
созылған. Хызыр ханнан басқасы Сарай басында болмай, əр қайсысы əр жақта бір дəуірде хан болып, 
соңынан Сарай ханына қайта бой ұсынған. Хызыр хан, ибн Иброhим хан, ибн Полат хан, ибн Мангу 
Темур, ибн Бадақұл хан, ибн Жошы Бұқа, ибн Баhадур хан, ибн Шойбан, ибн Жошы, ибн Шыңғыс 
хан» [13] деген. 
Қ.Халид,  бірінші  кезеңде  Келдібектен  кейін,  яғни 1345 жылы,  Бату  хан  ұрпақтарының  билігі 
аяқталады [14] деген көрсеткіші, ғылыми деректерде 1361 жыл деп берілген. Жылдық көрсеткіштер 
келіспегенмен,  оқиғалар  желісі  бір-бірін  қайталайды.  Келдібектен  кейін  Сарай  тағына  Шайбан  хан 
əулетінен Хызыр хан отырды деп жазған. Біз, 1361 жылы Сарай тағына Бату хан ұрпақтарынан басқа 
буындардың  таласқанын  білеміз.  Ғылыми  деректер  бойынша,  Келдібектен  кейін  екі  хан  бір  жыл 
ішінде  таққа  отырған:  Базаршы (1361 ж.)  жəне  Хызыр (1361–1363) [15]. Сонымен  қатар,  Келдібек 
ханның  ұлдары  да  таққа  отырып,  бірнеше  күндерден  кейін  белгісіз  себептерсіз  өлтіріліп  отырған 
деген  мəлімет  бар.  Соған  қарағанда,  таққа  таласу  күресі  ауқымды  орын  алған.  Кейбір  деректерде 
Келдібектен  кейін  отырған  ханның  есімі  мүлдем  есепке  алынбаған,  мысалы: «... на  престол  после 
Кельдибека, т.к. он царствовал только 3 дня. Другие авторы вообще не говорят о преемнике Кельди-
бека из-за краткровременности его правления» [16] деп түсіндіріледі. Мұндағы мəселе, зерттеулерде 
Келдібектен  кейін  отырған  хандардың  Жошының  қай  ұрпақтарына  жататынының  белгісіздігінен 
туындап  отыр.  Ал  Қ.Халидтың  нақты  осы  жылы  Сарай  тағына  Шайбан  ұрпағы  Хызыр  хан  отырды 
деген тұжырымы ой салады. Хызыр ханның 1361 жылы билік басында отырғаны деректерден: «Че-
канка золотоординских монет с именем хана Золотой Орды прекращается с 762 (1361) года. Послед-
ний раз в этом городе чеканились монеты хана Хидира» [17] деп дəлелденген. 

13 
Автор,  бесінші  кезең  тарихын  Хызыр  хан  есімімен  жалғастырып: «Хызыр  ханнан  кейінгі 117 
жылға созылған билік 1362 жылы Орысхан əулетінен басталып, он бес адам Сарайда хандық құрады. 
Бұл  əулеттің  соңғысы  Шайх  Ахмет  ханмен 1491 жылы  аяқталады.  Бұлардың  арасында  Сарайда 
Орысхан  əулетіне  кірмейтін  Тоқтамыс  хан  біраз  хандық  еткен.  Орысхан,  ибн  Бадақұл,  ибн 
Тоққұлқожа, ибн Көнчік, ибн Сарыша, ибн Уз Темур, ибн Тоғай Темур, ибн Жошы, ибн Шыңғыс хан, 
Тоқтамыс хан, ибн Тойқожа, ибн Тоққұлқожа болып Орыс ханға бұл əулет Тоққұлда келіп қосылады» 
[18] деп баяндаған. 
Қ.Халид  төртінші  кезеңде  басталған  жіпті  Хызыр  ханнан  соң 117 жылдан  кейін  Сарайдағы 
билікті Орыс ханмен жалғастырған. Орыс хан билікке 1362 жылы отырды деп көрсеткен. Ендігі жер-
де хронологиялық көрсеткіш тура 14 жылға бұрын берілген. Анықталған зерттеулер бойынша, Орыс 
хан  Сарай  тағында 1372–1373 жж. [19] аралығында  билік  құрған.  Қ.Халидтың  дерек  желісіндегі 
генеалогиялық  таратуында  Орыс  хан  Жошының 11-ші  ұлы  Тоғай  Темірдің  ұрпағы  болып  берілген. 
Мəліметті басқа деректермен салыстыратын болсақ: «Урус хан, сын Чимай, принадлежал к потомкам 
Орда-Ичена  и  был  царевичем  Синей  Орды...» [20], сондай-ақ  билік  еткен  жылдары 1374–1375 жж.: 
«...  захват  Сарая  Урус  ханом  относит  к 776 (1374–1375) году» [21] деп  көрсетілген.  Бұл  жылдық 
көрсеткіш нақты болмаса керек, себебі деректер бір-бірімен келіспейді. Мəселен, Орыс ханның Са-
рай  тағына  отырғаннан  кейін  хан  ретінде  соққан  теңгелерінде  бастырылған  жыл — 1377 жыл 
[4; 391]  деп  көрсетілген,  соған  қарағанда  ол 1374–1375 жж.  Сарайды  жаулап,  хан  тағына  отырды 
деген тұжырым күмəн келтіреді. Осыған қарағанда «Тауарих хамсадағы» көрсеткішті назардан тыс 
қалдырмай,  салыстырмалы  дерек  ретінде  пайдаланған  дұрыс.  Сонымен  қатар,  мұсылман  деректері 
бойынша  Тоқтамыс  Алтын  Орда  тағына 1291 жылы  ағасы  Тұла  Бұға  Ноғай  қолынан  қайтыс 
болғаннан кейін 1313 жылы [9] хандық құрған деген мəліметте орын алған. 
Сондай-ақ,  Сарайда  Орыс  хан  əулетіне  кірмейтін  Тоқтамыс  хан  біраз  билік  етті  деген 
Қ.Халидтың  ойы  Жошы  ұрпақтарын  бір-бірінен  айыра  білгендігін  дəлелдейді.  Себебі,  тарихи 
мəліметтерге  сүйенетін  болсақ,  Тоқтамыстың  шығу  тегі  бірнеше  жорамалдардан  тұрады.  Мəселен: 
«Вопрос  о  происхождении  Тохтамыша,...  туманно  и  противоречиво  освещен  в  источниках.  Ибн-
Халдун называет его сыном хана Бердибека и причисляет к потомкам Батыя. Лэн-Пуль и Замбор, не 
указывая источников, считали Тохтамыша потомком Орда-Ичена, но и это утверждение не менее со-
мнительно. В генеалогической таблице монгольских ханов «Муиззи» и Абулгази Тохтамыш принад-
лежал  к  потомкам  Тукай-Тимура,  тринадцатого  сын  Джучи» [4; 399] деген  мəліметтер  бар. 
Қ.Халидтың  монғол  хандары  генеологиясын  таратуы  дұрыс  бағытта  көрініс  алған.  Сондай-ақ, 
автордың осы жерде Əбілғазыға сүйенгені көрініп тұр. 
Он  төрт  кезеңнің  жүйесімен  екінші  деп  берілген  кезеңде: «1233 жылы  Шайбан  Жошы  ұлынан 
басталып,  бұның  əулетінен 16 кісі  хандық  еткен.  Соңы 1356 жылы  Хайдар  ханмен  аяқталады.  Бұл 
əулеттің билігі 123 жылға жетіп, көпшілігі далалықтарға билік жүргізді де бағзылар Мауароаннардың 
кейбір  қалаларында  хандық  құрды» [2; 97,98] деп, «далалықтар»  мағынасында  көшпелі  өзбектерді 
айтып  отырғаны  белгілі.  Себебі,  біз  Алтын  Орда  ұлысының  далалық  аймақтарында  (Дешті-қыпшақ 
жерлерінде)  көшіп  жүрген  рулар  бірлестігін  «көшпелі  өзбектер» [10; 161] деп  атағанын  білеміз. 
Сондай-ақ,  автордың  Шайбанның  Жошы  ұлымен  көшпелі  далалықтарды  байланыстыруы  өте 
орынды. Себебі: «В самой Средней Азии под узбеками подразумевали кочевое население восточного 
Дешт-и-Кипчаков, вернее кочевников  Улуса Шайбана, сына  Джучи...» [4; 460] деп, кейін бұл  əулет 
иелігіндегі  халықтардың  Орта  Азия  жерлеріне  таралуы  жөнінде  көшпелі  (Хулагу  хан — ол  туралы 
Қытай материалдарын қарау керек) Əбілхайыр ханның тарихына қатысты тұстарда айтылған. 
Қ.Халид үшінші кезеңге байланысты «Төле хан əулетінен Иранда 1249 жылдан соң Абақан хан-
мен басталып, сегіз кісі дербес, он кісі бірігіп қос өкімет құрып, барлығы 18 адам билік еткен. Ақыры 
1342 жылы Нушаруан (автордың айтуы бойынша парсы патшасы Анушерван) ханмен аяқталып, бір 
ғасырдай  билік  құрған.  Абақан  хан  Төле  ханның  немересі  hалақу  баласы» [2; 98] деп,  Шыңғыс 
ханның кіші ұлы Төле ханның ұлы  Һəлаку ханнан бастап, нақты 8 ханның дербес хандық құрғаны, 
есімдерімен Əбілғазының «Түрік шежіресінде»: «Һəлақу ұлы (8 жыл) Абақа хан (17 жыл), Һəлакудың 
екінші ұлы Ахмет хан (2 жыл), Һəлаку баласы Абақа ұлы Арғұн (7 жыл), Арғұнның інісі Қинайту хан 
(4 жыл), Һəлаку баласы Байду хан (8 ай), Арғұн ханның баласы Ғазан хан (9 жыл)» [11; 110,111] деп, 
сондай-ақ, таққа талау кезеңдері хандар есімімен, Анушеруен хан тұсында [11; 112] аяқтаған. Кезең 
тарихы «Түрік шежіресінен» сөз-сөз қайталанбаса да, қысқартылған түрде алынған болу керек. 
Алтыншы  кезеңде: «Аштархан  хандығының  басы 1382–1383 жылдары  Құйыршық  ханмен 
басталып, 1574 жылы Дəулетберді хан кезінде Аштрахан хандығы Ресейге қарады. Бұл кезеңдегі 20 
ханның билігі 190 жылға жетті. Соңғы билік Орысхан баласы Құйыршық ханмен аяқталады» [2; 98] 

14 
деп, деректе билік еткен хандардың генеалогиясы таратылмаған. Хронологиялық көрсеткіштерге мəн 
беретін  болсақ, 1382–1383 жж.  Астрахань  хандығының  Алтын  Ордадан  бөлініп  шыққан  уақытына 
сəйкес  келмейді.  Қырым,  Қазан,  Астрахань,  Сібір,  Қазақ  хандықтарының  біртіндеп  Алтын  Ордадан 
бөлінуі  ХІV  ғ. 30-шы  жылдарынан  бастау  алады.  Ал 1574 жылы  Дəулетберді  хан  заманында 
Астрахань  хандығының  Ресейге  қосылуы  көрсеткішінен  ғылыми  зерттеулерде  хандықтың  орыс 
əскерлерімен  басып  алынып,  хандық  ретінде  жойылған  уақытынан,  яғни 1556 жылды [12], алып 
тастасақ, 18 жыл артық болып шығады. 
Қ.Халидтың  кейбір  хронологиялық  көрсеткіштерге  байланысты  бұрын  айту  əдетін  байқаймыз. 
Осы артыққа берілген 18 жылды Қ.Халидтың Астрахань хандығының басы деп ұсынып отырған 1383 
жылға қосатын болсақ, ХІV ғ. бірінші жартысы шығады. Шамамен, хандықтардың бірінен соң бірінің 
бөлініп  шыға  бастау  заманына  жақындай  түседі.  Дəулетберді  хан  есімі  ғылыми  деректерде 
кездескенімен,  оның  билік  еткен  жылдары  мен  заманы  «Тауарих  хамсада»  берілген  мəліметтермен 
сəйкес келмейді. Негізінен, Дəулетберді хан есімімен 1427–1428 жж. теңгелердің соғылғаны [4; 503] 
анық. Жалпы, Қ.Халидтың хандар есімімен теңгелердің соғылуына көңіл бөлуі деректің құндылығын 
көтереді. Жалпы, Алтын Орда хандарында теңге соғу ХІІІ ғасырдың орта шенінен бастап айналымға 
ене бастаған [13; 267]. Көрсетілген жылдар арасы үлкен айырмашылықты құрайды. 
Бір ерекшелігі, «Тауарих хамсада» шешуші кезеңдердің бірі болып есептелетін Алтын Орданың 
ыдырауы жəне оның нəтижесінде құрылған хандықтар мəселесі сөз етілмеген. Автор бөлініп шығып, 
оқшау мемлекеттерге айналған хандықтардың құрылуына себеп болған мəселелерге тоқталмаған. 
Жетінші кезең мазмұнында кезекте құрылған Сібір хандығының тарихы баяндалған: «Орталығы 
Тобыл бекінісіне жақын жердегі Сібір хандығы 1380 жылы Мұхаммед ханмен басталып, соңы 1600 
жылы Ишм (Есім) ханмен аяқталады. Осы кезде 11 хан 200 жылдан аса билік еткен. Мухаммед хан, 
ибн Али, ибн Бекқонды Оғлан, ибн Мангу Темур, ибн Жошы Бұқа, ибн Шайбан хан, ибн Жошы хан, 
ибн  Шыңғыс» [2; 99]. Генеалогиялық  тарату  ғылыми  еңбектердегі  тізбемен  дəл  келеді.  Əсіресе, 
Қ.Халидтың генеологиялық таратуы мына бір тізбемен: «Шыңғыс хан ұлы: Жошы хан ұлы: Шайбан 
ұрпағы:  Менгу-Тимур  ұлы:  Беккунде  ұлы:  Али-оглан  ұлы:  Хаджи-Мұхаммед  (Сібір  ханы)» [4; 520] 
деп,  сəйкес  келеді.  Сібір  ханы  Мұхаммед  ханның  билікке  келу  жылдары  ғылыми  еңбектерде 1420–
1427  жж.  деп  берілген.  Қ.Халидтың  Сібір  хандығының  басын  Мухаммед  ханмен  байланыстыруына 
мынадай мəліметтер біршама толықтырулар енгізбей қоймайды, мысалы: «Образование Сибирского 
ханства связано с именем Шибанида Ибак (Абак, Ивак) хана» [12; 313], ал Əбілғазы оның шығу тегін 
былай таратқан: «Ибақ хан, ибн Махмудек хан, ибн Хаджи-Мухаммад хан, ибн Али Оглан, ибн Бик-
Кунді Оглан, ибн Мунга-Темур, ибн Бадакул, ибн Жошы Бұқа, ибн Бахадур, ибн Шайбан, ибн Жошы, 
ибн  Шыңғыс  хан» [11]. Осыған  қарағанда,  Қ.Халид  Сібір  хандығының  құрылуын  біршама  ертерек 
бастаған. 1380 жылды 1420–1427 жж.  салыстырғанда, 40 жыл  бұрын  айтылуымен  деректер  орын-
орнына келіп тұр. 
Сондай-ақ,  автор  Сібір  хандығының  орталығын  нақты  «Тобыл  бекінісіне  жақын  жерде»  деп, 
шамамен  дəл  көрсеткен.  Себебі,  Сібір  хандығының  негізін  қалаған  Шайбанидтердің  уақытша 
астаналарының  болғаны  белгілі.  Мемлекет  шегарасы  саяси  жағдайларға  байланысты  үнемі  біресе 
кеңіп,  біресе  кеміп  отырған.  Дегенмен,  Тобылдың  Ертіске  құятын  аймағына  жақын  ауданда 
орналасқан  Искер  қаласы,  Сібірдің  соңғы  ханы  Көшімнің  басты  қалаларының [12; 314] бірі 
болғандығы  ақиқат. Хандық  соңы 1600 жылы Ишм ханмен  аяқталды  деген мəлімет, Көшім  ханның 
соңғы хандық  құру  заманына  жақын  айтылғанмен нақты емес. Көшім  ханның  қайтыс  болған  жылы 
деректер бойынша, 1598 жыл [12; 347] деп көрсетіледі. Көшім хан жəне оның генеалогиялық тарихы 
жөнінде  негізінен,  хабарлаған  Əбілғазы  болып  табылады.  Қ.Халидтың  осы  аралықтағы  тарихты 
жазуда, негізінен пайдаланған деректерінің бірі Əбілғазының «Түрік шежіресі» болғаны белгілі. Егер 
осы  тұста  Қ.Халид  «Түрік  шежіресін»  пайдаланған  болса  жоғарыда  айтылған  Сібір  хандығының 
негізін  қалаушысы  болып  табылатын  Ибақ,  автор  тарапынан  неге  қалып  қойған  деген  сұрақ 
туындайды.  Осыған  қарағанда,  Қ.Халид  Алтын  Орда  жəне  оның  нəтижесінде  құрылған 
хандықтардың тарихына байланысты Ш.Марджаниге сүйенген болу керек. 
Қ.Халидтың мүлдем басқа дерекке де сүйенуі əбден мүмкін. Себебі, қазіргі шығыс деректеріне 
салыстыру  жұмыстарын  түбегейлі  атқарып  жүрген  зерттеушілер  (Мария  Иванич)  назардан  тыс 
қалған, біраз еңбектерде тарихта қалыптасқан дəстүрлерден өзге бағыттардың орын алатынын айтып 
жүр.  Мысалы, «Дафтар-и  Шыңғыс-нама» [14; 322] еңбегінің  Рашид-ад-Диннің  «Жылнамалар 
жинағы» мен Əбілғазының «Түрік шежіресінен» өзгешелігі дəлелденген. 

15 
Сібір  хандығының  Ресей  саясатына  қарсы  соғыстары  «Тауарих  хамсаның» «Ресейдің  Шығыс 
Түркістанға  аяқ  басуы»  бөлімінде  өрбиді.  Сібір  ханы  Көшім  хан  мен  Ермак  арасындағы  саяси 
қақтығыстар белгісіз, бірақ талдауға берілетін құнды мəліметтер негізінде іске асқан. 
Сегізінші  кезеңде,  Қазан  хандығының  заманы  баяндалған: «Бұлғар  патшалығы  жойылған  соң, 
мемлекет біраз уақыт Сарай хандығы ықпалында болды. Соңы Кіші Мухаммед хан Ұлұғ Мухаммед 
хан екеуі  керісіп  қалды.  Ұлұғ Мухаммед хан 1420 жылы  шамасы Бұлғар мемлекетіне  барып, Қазан 
шаhарын орталық етіп, бұл нəсілден 14 адам салтанат құрады. Ақыры 1544 жылы Ядғар хан кезінде 
билік  орыстарға  қарады.  Олар 121 жыл  билік  етті.  Ұлұғ  Мухаммед  хан,  ибн  Темур  хан,  ибн  Құтұғ 
Темур  хан,  ибн  Орыс  хан» [2; 99] деп,  хандыққа  берілген  қысқаша  сипаттама,  ғылыми  еңбектерде 
орын  алған  қорытындыларға,  сəйкестігімен  ерекшеленеді.  Мысалы: «История  войны  между  Улуг  и 
Кичи-Мухамедами  в 1437 г.  из-за  земель  западных  улусов,  закончившаяся  изгнанием  Улуг-
Мухаммеда  из  Дешт-и-Кипчака» [4; 449], деп  қайталанса,  Қ.Халидтың  Ұлұг  Мухаммедтің  Қазан 
шаhарын  құруы 1420 [15, 357б.]  жыл  деген  көрсеткіші,  ғылыми  тұжырымдардан 17 жылға  кейін 
айтылған. 
Ұлұғ  Мухаммедтің  Бұлғарлар  жерінде  өз  хандығын  құруы  Ш.Марджанидің  «Очерки  истории 
Булгарского  и  Казанского  ханства»  атты [16] еңбегінде  мəселе  ретінде  қозғалған.  Дегенмен,  Қазан 
хандығының  соңы  «Тауарих  хамсада» 1544 жыл  деп  берілген,  бұл  көрсеткіш  зерттеулерде: 
«2 октября 1552 г.  после  двухмесячной  осады  русские  войска  во  главе  с  Иваном  Грозным  заняли 
Казань,  и  закончилось  самостоятельное  существование  Казанского  ханства,  основателем  которого 
считается Джучид Улуг-Мухаммад-хан (ум. 1446 г.)» [12] деп, анықталған ақпар дерекпен 8 жылдық 
айырманы құрап тұр. 
Тоғызыншы  кезең  «Тауарих  хамсада»  Қырым  хандығына  байланысты: «1440 жылдан  Хажы 
Гирей ханнан басталып, соңы 1798 жылы Бахты Гирей ханмен аяқталады. Жалпы 51 адам барлығы 
351 жылдай хандық құрған. Хажы Гирей хан, ибн Ғиясиддин, ибн Таштемір, ибн Мухаммед хан, ибн 
Хасан,  ибн  Хина,  ибн  Тулік,  ибн  Көнчік,  ибн  Уз  Темур,  ибн  Тоғай  Темур,  ибн  Жошы  хан,  ибн 
Шыңғыс хан [2; 99] деп баяндалған. Автордың 1440 жылы Қажы Герей деп отырғаны: «... публикация 
данных Кырымской нумизматики помогла правильно решить вопрос о происхождении Хаджи-Гирея
Хаджи-Гирей был сыном Гиас-ад-дина, дед которого Таш-Тимур, числившийся ханом Золотой Орды 
в 1395 г., был когда-то провозглашен ханом в Крыму» [4; 489], деп танылады. Қажы Герейдің Қырым 
хандығының басына келу жылдары, ғылымдағы шешілмеген мəселелердің бірі болып табылады. Де-
генмен, Қ.Халид 1440 жыл деп нақты көрсеткен. Автордың жылдық көрсеткіштерге байланысты 15–
17  жылдарға  бұрын,  не  кейін  айтатынын  ескере  отырып,  мəліметті  құнды  деп  есептеген  жөн. 
Генеалогиялық  жіпті,  яғни  Жошының  ұлы  Тоқай  Темірге  əкеліп  қосуы [4; 520; 232], анықталған 
мəліметтердің бірі. 
Жалпы, Қырым ханы Қажы Герей, батыс тарихшыларының зерттеулерінде ауқымды орын алған 
тұлға. Батыс тарихшылары Қырым хандығына қатысты біршама құнды деректерді: «Л.П.Колли в ста-
тье «Хаджи-Гирей и его политика» опубликовал в русском переводе документы Гатари, относящиеся 
к 1434–1435 гг.  и  представляющие  исключительно  важный  источник  для  изучения  истории  Крыма 
того  времени» [4; 490], сондай-ақ,  Реммаль  Хаджының  «История  Сагиб  Герей  хана» [17] деп, 
деректанулық  өңдеулерінен  өткізген.  Сондай-ақ,  Қырым  хандығынының  тарихы  халықаралық 
ғылыми  аренада  қарастырылып  жүрген  тақырыптардың  бірі,  себебі  Қырым  хандығына  байланысты 
державалар арасында туындаған мəселелер (Ресей мен Түркия аралық) деректер шеңберінің батыста 
кең таралып [18; 305], талдануына себеп болған. 
Хандық  билігінің  тоқтатылуы  «Тауарих  хамсада»: «Соңы 1798 жылы  Бахты  Гирей  ханмен 
аяқталады» деп, мəлімет 10 жылға кейін айтылған, бұған дəлел, зерттеулерде: «Конец владычеству в 
Кырыму  династии  Гиреев  (названной  так  по  имени  ее  основателя  Хаджи-Гирея,  потомка  Тукай-
Тимура, сына Джучи) и  присоединения полуострова к Российской империи относится к 1783 г. по-
следний из Гиреев, носивший титул хана, Шагин-Гирей, удалился из страны и умер в январе 1801 г. 
на острове Митилена» [4; 490] деп берілген. 
Оныншы кезеңде Қарман хандығы: «Улуғ Мухаммед ханның ұлы Қасым хан 1455 жылы Қарман 
хандығын жариялады, оларда 14 хан билік жүргізген. Ақыры 1677 жылы хандық Фатима ханымның 
тұсында  аяқталады.  Бұлардың  əуелі  Ресейдің  қорғауында  тұрып, 222 жылдан  кейін  біржола 
қармағына кіреді. Орыстар қармандардың ел басшыларын хан демей, «князь» деп атаған [2; 99] дейді. 
Хандық  тарихы  «Мешерлер  (Ноғай  руларының  бірі)» [2; 78] бөлімінде  өрбиді.  Қасым  хандығын 
Қ.Халид, «Қарман»  деп  атауын,  былай  деп  түсіндіреді: «Карман»  сөзін  қанша  адамнан  сұрап, 
ешқандай дерек ала алмадым, тек Молда Мир Ғазиз деген ақсақал былай деп еді: «Қасым хан (Улуғ 

16 
Мухаммедтің  ұлы, 1511–1518) Мишжарға («Тауарих  хамаса»  бойынша  Қазан  хандығының  жерлері 
болса керек) барған соң, Махмуд хан (1459–1465 жж. билік екен Улуғ Мухаммедтің ұлы, Қазан ханы) 
оған  жылы  лебізбен  елші  жіберіп  бірлігіміз  бөлінбесін,  маған  қарасты  хан  болып,  ел  шетінде  иелік 
ете бер. Егер бас-басымызға тəуелсіз ел боламыз десек, бірліктен айырылып, елімізді жау алады деп 
ақыл  айтқанды (Улуғ Мухаммед  Ресей империясының  көз  тігіуінен күдіктенген  болса  керек).  Бірақ 
оған Қасым құлақ қоймай, жоқ, мен өзімше бөлек ханмын, сенің керегің шамалы деп, хат жазғанда 
«кирам» сөзін (парсыша) қолданған» [2; 78–79] деп жазған. 
Сондай-ақ: «Қасым хан осылай шаhар атын Карман қойып, Мишжар билігінің иелегінен де асып, 
басқа  да  біраз  жерлерге  иелік  етіп,  Ресейге  арқа  сүйеп,  Қазанға  қарсы  тұра  бастады» [2; 78,79] деп 
баяндаған.  Қ.Халидтың  айтуынша, «Мешерлер  жері»  Қазан  хандығының  иелігі  болып  отыр: «Улуғ 
Мухаммед хан таққа отырған соң, Ресейге бір бекпен мыңдаған əскер жөнелтті. Бұлар келген бетте 
Ресейдің шекарасына, қалың орманға орналасып, бір берік қамал салып, «Мишжар» деп атаған. Бұл 
парсыша атау «орманды, тоғайлы» деген мағынада. Улуғ Мухаммед хан өлгенше, бұл бекініс бектің 
қарауында» [2; 78] деген.  Жалпы,  сол  уақытта  Қазан  хандығы  күшті  мемлекеттердің  бірі  болғаны: 
«Казанское ханство, образовавшееся в 1438–1439 гг., напоминало прежнюю Золотую Орду и по своей 
агрессивной политике в отношении своих соседей, особенно Русь» [4; 503] деп дəлелденеді. 
Сондай-ақ,  Қазан  хандығының  осы  уақыттағы  күштілігін  ескере  отырып,  Ресейге 100 жылдай 
қауіп төндіргені белгілі. Осыған байланысты, Қ.Халид: «Бірде Улуғ Мухаммед хан Ресейге жасаған 
жорық соғыстарында Русь князы Василийді тұтқындаған екен. Князь өзін босату мақсатында Қазан 
ханына келісім шарт бойынша төлем төлейтінін білдірген. Осы келісімнің бір шарты Мешерлер жерін 
Қазандықтарға беретін болған» [2; 78] деген мəліметі мешер жерлеріне байланысты болғаны [4; 503] 
белгілі.  Нақты,  дерекке  қарағанда  Мешерлер  жері  Қазан  хандығының  иелігіне  айналуы  «Тауарих 
хамсаға»  қайшы  болып  отыр.  Ал  Қасым  ханның  Мешерлер  жеріне  не  мақсатпен  келгенін  Қ.Халид 
түсіндірмеген.  Тек  қана: «Мишжарға  қашып,  билікті  өз  қолына  алған  соң  «Карман»  деп  атын 
өзгертті» [2; 78] деп жазған. Мына бір дерекке қарайтын болсақ: «При возвращении великого князя 
из татарского плена вместе с ним прибыли в Москву «многие князи» татарские и два сына казанского 
хана: Касым и Якуб. Возможно, татары приехали для получения дани. Царевичей Касым и Якуб, то 
они непосредственно засели в «Мещерских «местах» и вскоре создали здесь Касимовское ханство во 
главе с царевичем Касымом» [4; 503] дегенмен, екі деректің мазмұндары ұқсас болғанымен, Қасым 
ханның Мешерлер жеріне иелік ету тарихы келісе қоймайды. Мүмкін Қ.Халид, нақты оқиғаға байла-
нысты деректердің жеткіліксіздігінен, əдетінше қысқаша мазмұнын ғана беріп өтуді жөн көрген бо-
лар?  Улуғ  Мухаммедтің  Русь  князы  Василийді  тұтқындауы  жəне  жорық  соғыстары  кең  тараған 
мəліметтердің бірі болып табылады. 
Əрі  қарай  Қ.Халид: «Қазан  хандығы  өз  ханы  Улуғ  Мухамедтің  күш-қайратымен  əжептəуір  ел 
болып қалғанда оларды бөліп əкетті. Қасым Махмудтан қорқып Ресейдің қолтығына кірсе, Ресей де 
оған  ауадан  уəде,  тозаңнан  тілхат  беріп  айланың  алды  есебінде  шаhарды  ханның  өз  атымен  «Каси-
мовский» деп жазып жатты. Келе бере Қарман-Касим шаhары аталды. Мешер халықтың лақабы бо-
лып кетті. Қасым хан сол күннен-ақ алалықты бастады. Ресеймен келісіп Қазанды да алуға ұмтылды. 
Ресей болса, үнемі Қасымды осы мақсатына итермелеп, көмекке уəде беріп, арандатумен уақыт өтіп 
жатты. Қасым өлгеннен кейін де оның осы арам ойын ұрпағы жалғастыра берді» [2; 79] деп, Қасым 
хандығы  заманын  қысқаша  баяндап  өткен.  В.В.Вельяминов-Зернов  «Исследовании  о  касимовских 
царях  и  царевичах»  атты  еңбегінде  Қасым  хандығының  құрылуы  жөнінде: «Оно  создано  было,  по 
мнению, для борьбы с Казанским ханством. Тут был прямой расчет, царька, родственника хана Ка-
занского,  всегда,  когда  угодно,  можно  было  напустить  на  Казань,  не  принимая  на  себя  ответствен-
ность  в  его  поступках...» [19; 7] деп, князь  Василийдің  ойы  болғандығын  жазған. Не  дегенмен,  бұл 
жерде Қ.Халид ұсынып отырған мəліметі, В.В.Вельяминов-Зерновтың тексерілмеген ойын дəлелдей 
түседі. Тексерілмеген дейтініміз: «Доводы исследователя принятые без проверки историками, до сих 
пор не подвергались проверке» [4; 504], деп жазылуы түрткі болып отыр. 
Жалпы,  Қ.Халид  Улуғ  Мухаммед  жəне  оның  ұрпақтарының  заманы  жөнінде  көптеген 
мəліметтер жинаған болу керек. Бөлімінің соңынан осы Қазан ханының ұлы Қасым ханның бөлініп, 
Ресей мемлекетінің қуыршағына айналғанын баяндай келе, осы екі халықтың туысқан, түбі бір этнос 
екенін: «... мешерлердің  қазандықтармен  түбі  бір  екеніне  дау  жоқ.  Бір  тарихшылар  мешерді  өзге 
жақтан  кірген  десе,  осылайша  аз  уақыт  ішінде  мешерлер  киім,  тіл  жағынан  орысқа  тартып, 
қазандықтар  оларға  қарағанда  қазаққа  бейімделіп,  қарапайымырақ  болған  соң,  адамдар  бұлардың 
жынысы бір деп ойлаған» [2; 79] деген өзіндік ойын білдірген. Сондай-ақ, Қ.Халид Улуғ Мухаммед 
ханың Жақып есімді ұлынан қара ноғайларды таратқан: «Улуғ Мухаммед хан өлген соң үшінші ұлы 

17 
Жақып  өзіне  ерген  біраз  ноғайлармен  шығып,  Сарай  қаласына  жақындайды.  Сонда  Жақып  өліп, 
қауымы Сарайға қарап, Астраханның атырауын жайлап, соңынан сонда қоныс теуіп, бұларды «қара 
ноғай» деп атаған» [2; 80]. Бір қызығы, Астрахань, Қазан жəне Мешерлерді Улуғ Мухаммед ханмен 
байланыстыруына Қ.Халид: «бұл үш тайпаның (астрахандық, қазандық, мешерлер) түп төркіні Үлуғ 
Мухаммед ханнан басталады, бəрі бір тектес халық» [2; 80] деген қорытынды жасаған. 
Он бірінші жəне он екінші кезеңдерде, Қ.Халид Шайбани тұқымынан Мауареннаһрда жəне Хо-
резмде  құрылған  хандықтарды  атап,  генеалогиялық  шығу  тегін  ғылымда  қалыптасқан  таратудан 
айырмасыз  баяндаған.  Автор,  əдетінше  хронологиялық  көрсеткіштерден  шамамен 20 жылға  ерте 
баяндаған.  Себебі,  бұл  хандықтардың  құрылуы  зерттеулерде  ХVІ  ғасырдың  басы [12; 314] деп 
көрсетілген.  Он  бірінші  кезеңдегі  тарихты,  генеалогиялық  тұрғыдан: «Шайбани  тұқымынан 
Мауареннаhрда  хандық  құрды.  Басы 1480 жылдан  кейін,  Мухаммед  ханнан  басталып,  ақыры 1600 
жыл Уəлиханның өлтіруімен аяқталады. Барлығы 24 хан таққа отырып, жүз жылдан аса билік құрды. 
Мухаммед хан, ибн Шах Будағ, ибн Əбілхайыр хан, ибн Даулат Шайх хан, ибн Иброhим хан, ибн По-
лат  хан,  ибн  Мангу  Темур,  ибн  Бадақұл,  ибн  Жошы  Бұқа,  ибн  Баhадур  хан,  ибн  Шайбан  хан,  ибн 
Жошы  хан,  ибн  Шыңғыс  хан» [2; 99], ал  он  екінші  кезеңде: «Хорезмде  Шайбани  хан  тұқымынан 
Араб  хан  əулетінің  билігі 1498 жылы  Жолбарыс  ханмен  басталып, 1820 жылы  Шерғази  ханмен 
аяқталады. Барлығы 124 хан, 324 жыл билік етті. Содан соң билікті қоңыраттар алған. Жолбарыс хан, 
ибн Берке хан, ибн Ядғар (Жəдігер), ибн Темір Шайх хан, ибн Арабхан, ибн Полат хан, ибн Мангу 
Темур,  ибн  Бадақұл,  ибн  Жошы  Бұқа,  ибн  Баhадур  хан,  ибн  Шайбан  хан,  ибн  Жошы  хан,  ибн 
Шыңғыс  хан» [2; 
99–100] деп  баяндаған.  Мəліметтердің  ғылымда  қалыптасып  отырған 
тұжырымдармен  сəйкестігін  мынадан  көруге  болады: «Потомки  Ибрахима  и  Арабшаха  постепенно 
обособились, образуя особые ветви рода Шибана, и когда в начале ХVІ столетия в Мавераннахре и 
Хорезме возникли два самостоятельных ханства под главенством Шибанидов, то во главе так назы-
ваемого Бухарского ханства стояли Шибаниды из потомков Ибрахима, а во главе Хивинского ханства 
— Шибанидов из потомков Арабшаха» [12; 313]. Мұндағы Иброһим хан мен Араб хан «Тауарих хам-
сада» нақты көрсетілген. 
Сонымен  қатар,  Мауареннаhр  мен  Хорезм  хандықтарының  алғашқы  басшылары  есімдері  мен 
генелогиялық  жібі  де  қалыптасқан  таратулармен  сəйкес  келеді.  Əсіресе,  Хорезм  ханы  Жолбарыс 
ханның шығу тегін Қ.Халид Хорезмде Шайбани хан тұқымынан Араб хан əулетінің билігі 1498 жылы 
Жолбарыс  ханмен  басталып,  Жолбарыс  хан,  ибн  Берке  хан,  ибн  Ядғар  (Жəдігер),  ибн  Темір  Шайх 
хан, ибн Арабхан, ибн Полат хан, ибн Мангу Темур, ибн Бадақұл, ибн Жошы Бұқа, ибн Баhадур хан, 
ибн Шайбан хан, ибн Жошы хан, ибн Шыңғыс хан, деген мəлімет: «Хорезм, или Хива, — область в 
нижнем  течении  Аму-Дарьи.  Хивинское  ханство  было  создано  в 1511 году  совместной 
деятельностью двух братьев, Ильбарыса и Бильбарыса, сыновей Буреке-султана, потомка Шибанида 
Арабшаха» [12; 329] деп дəлелденіп отыр. 
Он  үшінші  кезең,  Мауареаннаhрдағы  Астархан  хандығынан  билік  еткен  əулетке  арналған.  Бұл 
аралық  бұрын  да,  қазір  де  көптеген  батыс  зерттеушілерінің  назарына  алынған  Жошы  ұлы  Тоғай 
Темур бұтағына арналған. Бұл əулеттің бірінші басшысы кім болды деген сұрақ бұрын да жəне қазір 
де ашық мəселелердің бірі болып табылады. Қ.Халид, бұл əулет тарихын белгісіз Имамқұли хан Уəли 
ханды өлтіріп, 1600 жылы хандықты алады деп бастап жазған. Əрі қарай: «бұл əулеттен Бұхара мен 
Самарқандқа жеті кісі билікте болып, соңы 1740 жылы Əбіл Файз [20] хан шейіт болумен аяқталады. 
140  жыл  билік  құрды.  Бұл  хандық  құрудың  он  үшінші  кезеңіне  жатады.  Енді  билікті  манғыттар 
иеленеді» [2; 100] деген.  Генелогиялық  жіпке  көңіл  аударатын  болсақ: «Имамқұл,  ибн  Дин 
Мухаммед,  ибн  Жансұлтан,  ибн  Мухаммед,  ибн  Мынғышлақ,  ибн  Чуак,  ибн  Мұхаммедхан,  ибн 
Темур Сұлтан, ибн Темур Кутлұғ, ибн Али Темур, ибн Қутлүғ Темур, ибн Тумған, ибн Абай, ибн Уз 
Темур,  ибн  Тоғай  Темур,  ибн  Жошы  хан» [2; 100] деп  таратылған.  Мұнан,  Жансұлтан  есімі 
еңбектерде: «Название  новой  династии  связано  с  именем  султана  Джани-Мұхаммада  и  его 
происхождением.  Джани-Мұхаммад-султан  (Джанибек-султан)  был  потомок  Тукай-Тимура,  сына 
Джучи, сына Чингиз хана, которые правили в Астрахани» [12; 335] деп берілген. Мұндағы ерекшелік, 
Қ.Халидтың Мауареннаhрдағы Аштархан хандығын белгісіз «Имамқұл хан Уəли ханды өлтіріп, 1600 
жылы  хандықты  алады» (хронологиялық  көрсеткіш  сəйкес  емес)  деп,  Имамқұл  есімді  басшыдан 
бастау  алуы.  Жалпы,  бұл  əулеттің  Мауареаннаhрдағы  билігі  заманы  ғылымдағы  ақтаңдақтар 
қатарына  жататындығын  ескере  отырып,  Қ.Халид  мəліметін  салыстырмалы  дерек  ретінде,  ғылым 
айналымына  қосу  дұрыс.  Сондай-ақ,  Қ.Халидтың  хандық  соңын  Əбіл  Файз  ханмен  аяқтап (1740), 
билік басының манғыттарға өтуін жазуы дұрыс бағыт алған. Хронологиялық көрсеткіште кеткен кем 
айтушылықты  ескере  отырып,  ғылыми  тұжырымдарда  Əбіл  Файз  ханның 1747 жылы  Мухаммад-

18 
Рахимның бұйрығымен өлтіріліп, билікті өз қолына алып, 1759 жылы қайтыс болғаны белгілі. Кейін 
екі билеуші хандығынан кейін 1785 жылы Аштархандықтар билігі аяқталып, билік манғытарға өтіп, 
1920 жылы [12; 339] аяқталған. 
Он  төртінші  кезеңде  Қазақ  хандығы [2; 100] құрылып  барлығы  «он  төрт»  кезеңнен  өткен  деп 
жазады. 
Қ.Халид, Алтын Ордадан ұлыстардың бөлінуін құлдырау деп түсіндірмей, мемлекеттердің пайда 
болуы түрінде жазған. Яғни, Шыңғыс хан əулетінің басшылығымен бөлектенген мемлекеттерді ешбір 
кекілжіңдерсіз,  саяси  қақтығыстарсыз  құрылғандай  етіп  жазған.  Дəуірдің  жалпы  саяси  тарихы 
назардан тыс қалған. Сонымен қатар, тарих шығыс деректерінің сарынында генеалогиялық тұрғыдан 
құрылғанын  атап  өтіп,  дегенмен  автор  тарапынан  қосылған  сараптау,  талдау  жұмыстарын  ескеру 
керек. 
Жалпы,  Алтын  Орда  тарихындағы  ұлыстардың,  олардың  бөліну  жүйесінің  тарихы  ғылымда 
[21; 111–114]  біршама  жақсы  зерттелгенмен,  тарихтағы  күделі,  бірнеше  саяси  бастамалардың  бел 
алған уақыты болып саналады. 
Бір  ерекшелігі,  автордың  Алтын  Орда  жəне  оның  ыдырау  процессін  байланысты  ұсынған 
мəліметтері ғылымда анықталған тұжырымдармен сəйкес келеді. Айырмашылықтар мемлекеттердің 
құрылу  уақытына  жəне  деректің  шығу  тегіне  байланысты  туындайды.  Ал  деректердегі  хандар 
есімдері,  олардың  генеалогиялық  тарихы,  саяси  мақсаттары  жəне  т.б.  ғылымда  қалыптасқан 
сипаттаулармен  сəйкес  келеді.  Əсіресі,  Əбілғазының  «Түрік  шежіресіндегі»  баяндаулармен 
салыстыру  кейбір  мемлекеттердің  қалыптасу  тарихын  қайталайтынын  көрсетті.  Салыстыру 
жұмыстары  «Түрік  шежіресімен»  айырмашылықтарды  да  көрсетті.  Мұндай  жағдайда,  деректер 
ғылыми зерттеулердегі анықталған деректердің қорытындыларымен салыстырылды. 
Жалпы,  тарих  ғылымындағы  Алтын  Орда  жəне  оның  ыдырау  процессіне  байланысты  тарих, 
шығыс  деректеріне  негізделетіні  белгілі.  Бүгін,  көпшілік  деректер  ғылымда  пайдаланылғанмен, 
толық  нұсқалары  жарияланбаған.  Яғни,  негізгі  деректерді  талдау  үшін  деректердің  түпнұсқалары 
жəне  көшірмелерімен  жұмыс  жасау  қиыншылықтар  туғызады.  Сондықтан  да,  деректер  аралық 
салыстыру  жұмыстары  біршама  кедергілерге  алып  келеді.  Əсіресе,  белгілі  бір  деректің  жазылуына 
негіз болған немесе сарындас еңбекті табу жұмыстары аяқталмай жатады. 
 
 
Əдебиет тізімі 
1.  Юлай Шамильоглу. Направление в исследовании Золотой Орды. / Источниковедение истории Улуса Джучи (Золотой 
Орды). От Калки до Астрахани. 1223–1556. — Казань: Ин-т истории АН РТ, 2001. — 428 с. — С. 19. 
2.  Құрбанғали Халид. Тауарих хамса (Бес тарих). / Ауд. Б.Төтенаев, А.Жолдасов. — Алматы: Қазақстан, 1992.  
3.  Тизенгаузен  В.Г.  Сборник  материалов,  относящихся  к  истории  Золотой  Орды:  Извлечения  из  персидских  сочинений, 
собр.  В.Г.Тизенгаузеном  и  обработ  А.А.Ромаскевичем  и  С.Л.Волиным / Отв.  ред.  П.П.Иванов. — М.;  Л.:  Изд-во  АН 
СССР, 1941. — Вып. 2. — 308 с. — С. 39. 
4.  Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. — Саранск, 1960. 
5.  Кычанов Е.И. Сведения из «Истории династии Юань» («Юань ши») о Золотой Орде / Источниковедение истории Улуса 
Джучи (Золотой Орды). От Калки до Астрахани. 1223–1556. — Казань: Ин-т истории АН РТ, 2001. — С. 32; Сборник 
материалов, относящихся к истории Золотой Орды: Извлечения из арабских сочинений, собранные В.Г.Тизенгаузеном. 
/ Подготовка к новому изд., введ., допол. и коммент. Б.Е.Кумекова, А.К.Муминова. — Алматы: Дайк-Пресс, 2005. — 
709 с.; указ.: — С. 403–446.; прил. — С. 269. 
6.  Күзембайулы А., Əбіл Е. История Республики Казахстан: Учебн. для вузов. — 5-е изд. перераб. и доп. — Астана: ИКФ 
«Фолиант», 2001. — 392 с. — С. 372. 
7.  Владимирцов  Б.Я.  Общественный  строй  монголов.  Монгольский  кочевой  феодализм. — Л.:  Изд-во  Академии  Наук 
СССР, 1934. — 223 с. — С. 6. 
8.  Сборник  материалов,  относящихся  к  истории  Золотой  Орды:  Извлечения  из  арабских  сочинений,  собр. 
В.Г.Тизенгаузеном. / Подготовка к новому изд., введ., доп. и коммен. Б.Е.Кумекова, А.К.Муминова. — Алматы: Дайк-
Пресс, 2005. указ. — С. 403–446; прил. — С. 386–402. — С. 275–276 бб.; Əбілғазы. Түрік шежіресі / Көне түрік тілінен 
ауд. Б.Əбілқасымов. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 208 б. — 117 б. 
9.  Веселовский Н.И. Заметки по истории Золотой Орды. — Петроград: Тип. ИАН, 1916. — 16 с. 
10.  Бартольд В.В. История среднеазитских тюрков. — Стамбул, 1926. — С. 161. 
11.  Əбілғазы. Түрік шежіресі. / Көне түрік тілінен ауд. Б.Əбілқасымов. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 208 б. — 110–111 бб. 
12.  Кляшторный  С.Г.,  Султанов  Т.И.  Государства  и  народы  Евразийских  степей.  Древность  и  средневековье. — СПб.: 
Петербургское востоковедение, 2004. — 2-е изд., испр. и доп. 
13.  Мухамадиев  А.Г.  Монеты  как  источники  по  изучению  преемственности  денежного  дела  Поволжья V–ХV  вв. / 
Источниковедение истории Улуса Джучи (Золотой Орды). От Калки до Астрахани. 1223–1556. — Казань: Ин-т истории 
АН РТ, 2001. — 428 с. — С. 267. 

19 
14.  Мария Иванич. «Дафтар-и Чингиз-наме» как источник по истории кочевых обществ / Источниковедение истории Улуса 
Джучи (Золотой Орды). От Калки до Астрахани. 1223–1556. — Казань: Ин-т истории АН РТ, 2001. — 428 с. — С. 322. 
15.  Исхаков Д.М. Родословные и эпические произведения как источник изучения истории Улуса Джучи и татарских ханств. 
/ Источниковедение истории Улуса Джучи (Золотой Орды). От Калки до Астрахани. 1223–1556. — Казань: Ин-т истории 
АН РТ, 2001.  — С. 357. 
16.  Мəржани  Шиһабетдин.  Мəстəфадел-əхбар  фи  əхвами  Казан  вə  Болгар  (Казан  һəм  Болгар  хəллəре  турында 
файдаланылған хəбəрлəр). — Казан: Татарстан китан нəшрияты, 1989. — 415 с. ил. 
17.  Остапчук  В.  Хроника  Реммаля  Ходжи  «История  Сагиб  Герей  хана»  как  источник  по  крымско-татарским  походам / 
Источниковедение  истории  Улуса  Джучи  (Золотой  Орды).  От  Калки  до  Астрахани. 1223–1556. — Казань:  Институт 
истории АН РТ, 2001. 
18.  Зайцев  И.В.  Историография  истории  отношений  постордынских  «юртов»  с  Россией  и  Османской  империей / 
Источниковедение истории Улуса Джучи (Золотой Орды). От Калки до Астрахани. 1223–1556. — Казань: Ин-т истории 
АН РТ, 2001.  
19.  Вельяминов-Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах. — СПб., 1863. — Ч. І.  
20.  Тали А. История Абулфейз хана. — Ташкент: Изд-во АН УЗССР, 1959. — 112 с. 
21.  Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. — М.: Изд-во Моск. ун-та, 1973.  
 
 
 
 
ƏОЖ 913.1 (574) 
Ж.А.Жұмабеков 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Каталог: journals
journals -> Национальной академии наук республики казахстан
journals -> №3(63)/2011 Серия филология
journals -> Казахский национальный
journals -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 / 2015
journals -> Рецензируемый медицинский научно-практический журнал
journals -> Редакционная коллегия: В. В. Тулупов — главный редактор
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
journals -> Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет