5-дәріс тақырыбы Тұрақты даму және табиғатты қорғаудың концепциясы



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі80,5 Kb.
#15234
  1   2   3

5-дәріс тақырыбы

Тұрақты даму және табиғатты қорғаудың концепциясы
Тұрақты дамудың стратегиясы және принциптері. Тұрақты дамудың дәрежесі. Тұрақты дамуды қамтамасыздандыру бойынша халықаралық бірлестік. Экологиялық білімнің ролі және адамзаттың тұрақты дамуындағы жетілуі. ҚР табиғатты қорғау заңдылығының жүйесі. ҚОҚ-ды басқару органдары. ҚОҚ саласындағы нормативті әдістемелік құжаттар. Экология құқықтық жауапкершілік.

Жаһандық деңгейдегі тұрақты даму саясаты және стратегиялары:

ТД жаһандық мәселелерімен басты белгісі- бұл мәселелердің барлық адам зат қоғамын қамтитындығы болып табылады. Бұл, әрине, өте маңызды, бірақ ең негізгісі – ТД барлық жаһандық мәселелері биосфера жағдайына тұйықталады, яғни экологиялық мәселелер айналасында топтасады, сондықтан да бұл мәселелер ең маңызды орынға ие. 1972 жылдың маусым айында Стокгольм де өткізілген конференция бұл түсінікті тереңдету және нығайту ісіне қызмет етсе, 1968 жылғы биосфера жөніндегі конференция қоршаған орта мәселесін халық аралық саяси түсінудің пайда болуын білдірді. Қоршаған орта мәселелері жөніндегі Стокгольм конференциясы адамзаттың өмір сүруге бейімді және өнімді қоршаған ортаға құқын анықтауда өндірісті дамыған және дамушы елдердің басын біріктірді, табиғат ресурстарын пайдалануды реттеу, ластанудың маңызды түрлерін бақылау, қоршаған орта мәселелеріндегі халықаралық ынтамақтастық мәселелерін көтерді. Жаһандық экологиялық мәселелерді шешу және экологиялық қауіпсіздікті нығайту ісіндегі шешуші кезең – қоршаған ортаны халықаралық құқық қорғауды құру болып табылады.

Халықаралық құқықтық қоршаған ортаны қорғау қоршаған ортаға келтіретін зияндарын шектеу және жою, алдын алу, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жоніндегі мемлекет қызметін реттейтін халықаралық құқық нормалары мен принциптері жиынтығы. Қоршаған ортаның халықаралық құқықтарын дамыту негізінен келіссөз жолымен жүргізіледі. Алғаш рет халықаралық экология құқықтары принциптері 1972 жылғы адамзатты қоршаған орта мәселелері жөніндегі БҰҰ – ның Стокгольм конференциясы декларациясында қалыптасты. Бұл конференцияда «Ғаламшарды бақылау » бағдарламасы ұсынылды. Бұл бағдарламада қоршаған орта мониторингінің жаһандық жүйесін құру басты орынға ие болды.

Бірінші принцип (негізгі): Мемлекет өз меншігіндегі табиғат ресурстарын қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ыңғайлы өз ұлттық саясатына сәйкес пайдалануға құқылы. Мемлекетті өз юридикциясы шегіндегі және бақылау қызметі ұлттық юрисдикциядан тыс жатқан басқа мемлекеттер мен аудандар қоршаған ортасынан зиян келтірмеу жауапкершілігі мемлекетке жүктеледі.

Екінші принцип: Жердің табиғи ресурстары, су, ауа, жер, флора, фауна, (жануарлар және өсімдіктер әлемін), әсіресе табиғи эко жүйе үлгілері қоса бүгінгі және келешек ұрпақ игілігі үшін мүмкіндігінше сақталу тиіс.

Үшінші принцип: Қайта қалпына келмейтін ресурстарды өндіруде болашақта сарқылып қалудан қорғау қамтамасыз етілуі және оларды халықаралық кеңістікте өндіруден барлық адам зат пайда көруі тиіс.

Соңғы 10 жылдықта адамзат халықтың саны өсу, халықтың өсуінің бөлінуіндегі өзгерістер және өндірісті негізсіз пайдалану нәтижесінде қоршаған ортаға тигізілген әсердің тереңдеуін білді. Сонымен қатар қоршаған ортаны қамтамасыз етудің оң өзгерістері, белгілері пайда болды. Тұрақты дамуға ілеспелі мәселелер пайда болды.

Бұл жолда 1990 жылдары БҰҰ жүргізген конференциялардан қабылданған келісімдер маңызды кезең болды. Осындай іргелі шара БҰҰ –ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 1992 жылғы Рио-де – Жанейрода (Бразилия) өткен конференциясы. Бұл конференцияға 179 елден 940 мыңнан астам өкіл қатысты, конференция жүрісі тұралы 8000 журналист қалам тербеді, 400 мыңдай адам қатысқан кездесулер, лекциялар, семинарлар, көрмелер ұйымдастырылды. «Рио-де –Жанейро деклорациясында» ХХІ ғасырдағы біздің планетамыздағы барлық ел әрекетіне басшылық ретінде қарастыруға болатын тұрақты даму бағдарламасы ұсынылды. Халықаралық қауымдастық қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану шаралары кедейшілікпен күрес және төменгі даму деңгейін жоюды іске асыру бағдарламаларының еңгізі қажеттігін мойындады. сонымен қатар, жаһандық және аймақтық экологиялық мәселелерге жоғары деңгейде назар аударылды. Конференцияда 5 негізгі құжат мақұлданып, қабылданды: «Даму және қоршаған орта туралы Рио-де –Жанейро декларациясы», «ХХІ ғасыр күн тәртібі», «Орманның барлық түрлерін тұрақты дамыту, сақтау, басқару жөніндегі принциптер туралы арыз», «климат өзгеруі мәселесі жөніндегі конвенциясы», «Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция», КОСР 2-де (қоршаған ортаны қорғау конференциясы) тұрақты даму стратегиясы қабылданды. Тұрақты даму стратегиясы басты мақсаты – жахандық өзгерістерге өмірдің бейімделу тәсілдері және жолдарын қалыптастыру қоршаған ортаны ұлттық бағдарламаларын алмастырмай, стратегия негізгі бағытта ұсынады. Ол екі негізгі міндетті алға қояды: адамзаттың тірі қалуы және адамзат өмірінің философиялық мағынасы.

Аталған мәселелерді әрі қарай талқылау, кейбір қорытындыларды жасау және экологиялық мәселерді шешуге ыңғайлы жолдарды бақылау 2002 ж. Иоханнесбург (ОАР) қаласында өткен «Рио+10» аталған форумда жүзеге асырылды. БҰҰ – ның қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі халықаралық коммиссиясы барлық елдерге қоршаған ортаны қорғаудың және тұрақты дамудың төмендегі прициптері мен ережелерін ұсынды.

1. Адамның негізгі құқы. Барлық адамдар өз денсаулығы мен амандығына қолайлы қоршаған ортаға құқылы. Мемлекеттер бүгінгі және келешек ұрпақ игілігі үшін қоршаған орта мен табиғат ресурстарын пайдаланады және сақтайды.

2. Экожүйені тұрақты пайдалануды сақтау. Мемлекеттер биосфера тіршілігіне қажетті экожүйелер мен экологиялық процестерге қолдау көрсетеді. Олар өсімдік тер мен жануарлар әлемінің алуан түрлілігін қорғайды, тірі табиғат ресурстары мен экожүйелерді пайдалануда өнімділіктің тұрақты тиімділік принципін сақтайды.

3. Экологиялық нормалар және мониторинг. Мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау сәйкес нормаларын белгілейді және экологиялық мониторингтер жүргізеді.

4. Алдын ала ескету. Мемлекеттер өздерінің жоспарланған әрекеттері туралы уақытылы хабарлайды.

5. Тұрақты даму және көмек. Мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау жоспарлаудың негізгі бөлігі болатын жағдайды қамтамасыз етеді. Мемлекеттер қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін өзге мемлекеттерге, әсіресе дамушы, көмек көрсетеді.

6. Ынтамақтастықтың жалпы міндеттері. Мемлекеттер жоғарыда көрсетілген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін басқа мемлекеттермен ынтымақтастық қарым – қатынаста болады. Яғни, аталған ірі конференциялардың әр қайсысының нақты іс әрекеттердің кең көлемді бағдарламаларын талқылауды жүзеге асыруда маңызы зор болды. Әр келісімді 5 жыл мерзімінде жүзеге асыруды қарастыруды келешекте маңызды шаралар анықталды. Әр қадам ТД идеяларын жүзеге асырудағы алға басушылық болды.

Аймақтық деңгейдегі тұрақты даму саясаты және стратегиялары. 1992 жылы Рио-де – Жанейро да (Бразилия) қоршаған орта мәселелері мен тұрақты даму жөніндегі БҰҰ –ның конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға экологиялық мәселелерді және дамуға байланысты барлық мәселелерді талқылау үшін әлемнің 172 елінен өкілдер қатысты. Конференцияда бір неше декларацияға қол қойылды, бірақ конференцияның ең маңызды қорытындысы – қатысушылардың «ХХІ ғасырдың жергілікті күн тәртібін» қабылдау шешімі болды. «Күн тәртібі» жер шарының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін шараларды нақты көрсеткен әлемдік мағынасы бар алғашқы құжат болды. Бірақ қоршаған ортаны қорғаудан гөрі өндірісті дамытуға басты назар аударатын көптеген мемлекеттер мүддесіне қайшы келуіне және әлемдік күн тәртібінің мақсатына жетуге қажет ресурстар жетіспеушілігіне байланысты бұл құжат әзірге декларативті болып табылады. Әлемнің көптеген аймақтары «Күн тәртібіне» ұқсас өздерінің аймақтық «Күн тәртібін» қабылдады, өйткені мұндай шараларды аймақтық көлемде жүзеге асыру неғұрлым нәтижелі Балтық теңізі аймағы үшін өз аймақтық «ХХІ ғасыр күн тәртібі» бар, ол «BALTIC 21» деп аталады. Балтық күн тәртібі -21 үйлестіру кеңесімен толқыланып, дайындалады және жүзеге асырылады. Бұл үйлестіру кеңесіне Европалық одақ және Балтық теңізі елдер кеңесі үкіметі өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес, үкіметаралық ұйымдар (мыс: Хельсингі Кашсенмы – НЕЛСОН –VAS AB -2010, балтық теңізіндегі балық аулау халықаралық комиссиясы – IBSFS, солтүстік елдер министірлер кеңесі NCP, халықаралық даму банкілері өкілдері кіреді. Валтіс әл жобасында Балтық теңізі аймағының экономиялық және әлеуметтік тұрақты даму аспектілерін ескере отырып қорым ортаны қорғау сферасындағы аймақтық ынтымақтастыққа ерекше көңіл аударылған. Бағдарлама аймақтың экономикалық табиғатты қорғау ісіндегі негізгі болып табылатын 7 секторға бөлінген. Әр сектор белгіленген ел немесе ұйым бақылауына берілген.



  • ауыл шаруашылығы (NELCOM және Швеция)

  • экономика (Дания және Эстония)

  • балық шаруашылығы (балық аулау жөніндегі халықаралық комиссия)

  • орман шаруашылығы (Финляндия және Литва) өнеркәсіп (Россия және Швеция)

  • туризм (Финляндия және туризм жөніндегі Балтық кемесі)

  • транпорт (көлік) (Германия және Литва) Балтық күн тәртібі – 21 бағдарламасында аймақтың тұрақты дамуына әсер ететін 30 түрлі мақсаттарға жету, іс – әрекеттері көрсетілген. Іс – әрекет бағдарламасы экономиканың 7 сектороның жетекші мамандары тұжырымдаған BALTIC және Балтық аймағының 2010 жылға даму стратегиясы және болашағы «бағдарламаларының негізін құрайтын маңызды мақсаттарды ұсынады. Бағдарлама мақсаттарды үш түрге бөледі, қарастырады: жалпы яғни бірнеше секторға ортақ мәселелерді шешуге бағытталған. Жеке яғни бір сектордың өзіне тән мәселелерін шешуге бағытталған. Териториялық жоспарлауға байланысты іс – әрекеттер. Еврокенестің Петербургтегі «2001» сессиясында ЕК –ң тұрақты дамуы бағытындағы стратегияся мақұлданды. оның негізгі принціпі. Барлық шешімдерде экономикалық әлеуметтік факторлармен тең дәрежеде экономикалық факторларды есепке алу климаты өзгерту, көлік денсаулық сақтау және табиғат ресурстарын пайдалану сияқты негізгі іс – әрекет. бағыттары жөнінен Еврокеңес белсенді халықаралық саясат жүргізіп келеді. Киматты өзгерту туралы ЕК күні салуы Киот протоколы аясындағы келіссөз қортындылары мен бағытын анықтайды, әсіресе 2001 жылы АҚШ – тың одан шығып кетуінен келетін ЕК протоколды өз міндеттерін орындамай отырған елдер тарапына қолданатын қатаң міндеттеме құралына айтылдыруға тырысады.

ТД жөніндегі Орталық Азия бастамасы (ЦАИ) 2002 жылы Иоханнесбургтегі ТД жөніндегі әлемдік Саминке дайындық кезінде. Орталық Азия елдері ұсынысымен пайда болды. Орта Азия бастамасынан 5 көрші орталығын қорғау министірлерінің жалпы Еуропалық конференциясында (Киев 2003 ж) 1 дәрежелі Орталық Азия бастамасын жүзеге асыруға серіктестікке шақыру құжаты қабылданды.

БҰҰ және БҰҰ ЕЭК конвенциялары аясындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі іс – әрекет Киев конференциясыннан кейін орталық Азия елдерінде қолдау тапты. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы көптеген жобалар мен бағдарламалар аймақтарда донорлық қолдау көрсету арқасында жүзеге асырылуда және ТД мақсаттарының алға жылжуына қолайлы жағдай туғызуда. Бұл жобалардың негізгі бөлігін Еуропалық донорлар қаржылардырады. Аталған кезеңде орта Азия елдері, донорлар және серіктестер қоршаған ортаны басқарудағы әлемдік тәжірибелерді еңгізу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және өнімді келіссөзге қажетті көпсекторлы серіктестікті орнату туралы келісімге келді. Судың жетіспеушілігі және су сапасының төмендігі, экологиялық жағдайлардан туындаған тұрғындар денсаулығы мәселелері. Орта Азиядағы саяси және әлеуметтік тұрақсыздық себептері болып табылуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет