5-сынып, қазақ әдебиеті
Аралық бақылау жұмысы
ІІІ тоқсан
Шығармадағы сюжеттің композициялық құрылымын ретімен орналастыр (2балл)
А) Сюжеттің (оқиғаның) дамуы
Ә) Сюжеттің (оқиғаның) шешімі
Б) Сюжеттің (оқиғаның) басталуы
В) Сюжеттің (оқиғаның) шарықтау шегі
Г) Сюжеттің (оқиғаның) байланысуы
Ғ) Сюжеттің (оқиғаның) шиеленісуі
2. Көркем шығармаға берілетін кіріспе
А) прологБ) эпилогС) фабулаД) композиция
3.Көркем шығарманы қорытындылау
А) прологБ) эпилогС) фабулаД) композиция
4. Автордың айтайын деген негізгі ойы
А) шығарманың тақырыбыБ) шығарманың жанры
С) шығарманың идеясы Д) шығарманың мазмұны
5. «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі?
«Биыл төртінші жыл елімізге жау тиіп, жылқы біткеннен тұяқ қалдырмай айдап әкетті. Әкем алып ұйқылы батыр еді. Ұзақ жортуылдан келгенде, алты күн қатарынан ұйықтайтын. Осы ұйқыда жатқан әкемді жау әскері байлап әкетті.»
А) КендебайБ) МергенбайС) ҚазанғапД) Қойшы бала
6.Кендебай құлынды үйіне алып келіп оны ненің сүтімен асырайды?
А) құланныңБ) бұланныңС) сиырдың Д) ешкінің
7. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.
Батыр туса – ел ырысы, …
а) Жаңбыр жауса – жер ырысы. в) Ел үмітін ер ақтар.
с) Айласыз батыр алдырар. д) Ел – ырыстың кілті.
8. Батырлар жырын пайда болу кезеңдеріне қарай неше топқа бөлуге болады?
А) 2 Б) 5 С) 4 Д) 3
9. Қобыландының әкесі
А) Тоқтарбай Б) Естеміс С) Қорасан Д) Қараман
10. Қобыланды мінген тұлпар
А) Тарлан ат Б) Тобылғы торы ат С) Тайбурыл Д) Ақмоншақ ат
11. Белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туған, шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отыратын шығарма
А) Ертегі Б) Аңыз әңгімелер С) Мақал-мәтелдер Д) Жұмбақтар
12. «Жерұйықты» іздеп, елі үшін қайғыға батқан кім?
А) Жиренше Б) Асанқайғы С) Қорқыт Д) Жошы хан
13. Асанқайғы өмір сүрген ғасыр
А) XII-XIII ғ. Б) XIV-XV ғ. С) XVII-XVIII ғ. Д) X-XI ғ.
14. Желмая сөзінің мағынасы
А) Қос өркешті түйе Б) Жылдам қозғалу
С) Түйенің жаңа туған төлі Д) Түйенің бағалы тұқымының бірі
15.Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген ақын
А) Дулат Бабатайұлы Б) Ыбырай Алтынсарин
С) Абай Құнанбаев Д) Ахмет Байтұрсынұлы
16. Риторикалық сұрау дегеніміз ..
А) шығарма кейіпкерінің сыртқы портретімен қатар ішкі мінез-құлқын, көңіл-күйін, ой-сырын, дүниеге көзқарасын суреттеу.
Б) шығарманың шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы
С) ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту.
Д) көркем шығарманы қорытындылау
17. «Қазақ хрестоматиясының» авторы
А) Ыбырай Б) Абай С) Шоқан Д) Дулат
18. Антон қайыршы қай шығармада?
А) Дулат Бабатайұлы «О,Ақтан жас, Ақтан жас»
Б) Ыбырай «Дүние қалай етсең табылады?»
С) Абай «Қыс»
Д) Ыбырай «Қыпшақ Сейітқұл»
19. Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің мазмұнына қарай ретімен орналастыр (3балл)
А) Сейітқұлдың ағасының тағдыры
Б) Жаңа кәсіппен айналысқан ел
С) Сейітқұлдың жайлы қоныс іздеуі
Д) Жұрт ағасы болған Сейітқұл
20. Топтастыр(2балл)
Керқұла атты Кендебай, Асан қайғы, Жиренше шешен,Ер Төстік, Қобыланды батыр
АҢЫЗ КЕЙІПКЕРІ ЕРТЕГІ КЕЙІПКЕРІ
................................................................... .................................................................. .................................................................... .................................... .............................. .................................................................... ..................................................................
5-сынып, қазақ тілі
Аралық бақылау жұмысы
ІІІ тоқсан
ІМенің Отаным
Біздің Отанымыз-Қазақстан. Қазақстан Республикасы -тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының астанасы- Нұр-Сұлтан қаласы. Нұр- Сұлтан -әсем қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Тамаша салынған ғимараттарға еріксіз көз саласың. Нұр- Сұлтанда парктер, мектептер, мөлтек аудандар көп. Парктер өте әдемі.
Мұнда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады.
1. Мәтіннен ашық буынды сөздерді теріп жаз.
2. Мәтіннен негізгі ақпаратты тап. (5б)
ІІ Алғашқы қар
Міне, қыстың бірінші айы да бітейін деді. Ал қар болса жаңадан жауды. Мен бүгін ерте тұрдым.Тұрсам,даланы аппақ қар басып қалыпты.Ақ қарды тамашалап далада біраз жүрдім. Үйдің үстіне қап-қалың қылып жауыпты.
Зәулім ағаштарды қар майыстырып жіберген.Қар күнмен шағылысып жылт-жылт етеді. Әсіресе,терезедегі шықтар адам үшін әдейі оюлап қойғандай.Мен қардың жауғанына қатты қуандым. Қарда шанамен, шаңғымен ойнаған қандай қызық!
1.Фонетикалық талдау жаса
Бүгін, біраз
2.Көптік жалғау жалғанған сөздерді теріп жаз.
3.Мына сөздерді тәуелде
Шаңғы, шана
4.Сөздерді септе
Ағаш, қар
5.Сын есімдерді теріп жаз (10б)