5-сынып.Қазақ тілі ІІ тоқсан №1 бжб сынвбы Оқушының аты- жөні І нұсқа



бет1/4
Дата03.12.2023
өлшемі19,89 Kb.
#133885
  1   2   3   4

5-сынып .Қазақ тілі ІІ тоқсан №1 БЖБ
Сынвбы_________ Оқушының аты- жөні ____________________________________
І нұсқа

Оқу мақсаты:

5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау;
5.4.3.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.



Аққу

Аққу – өте ірі және күшті құстардың бірі, ол сонау көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. Аққуды көп халықтар киелі құс санап ерекше құрметтеген.


Аққу әнші құстардың қатарына жатады.
Сәуір айының көгілдір аспанында үлкен ақшаңқаң құстардың сұлу мойнын соза тастап, қанатын баяу сермеп бара жатуы – естен кетпес ғажап сурет. Қалың орман ішіндегі көлде оңаша жүзген аққуды көру-одан да сұлу құбылыс. Аққу суда дыбыс шығармай жеңіл жүзеді, ал астындағы су жарқырап, маржанның түсіне енеді. Аққудың әрбір қимылы: артына бұйра толқын тастап жүзіп бара жатып кілт бұрылуы, төсімен айдынды өбіп қанатымен күміс тамшы себелеп шомылуы, ауаны қақ жара көкке көтерілуі – бұл бір қайталанбас әсем көрініс. Аққулар – табиғаттың аса ғажап және сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған. (118 сөз)
(http://bilim-all.kz)
Мәтін бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1. Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз.
А) Аққу суда дыбыс шығармай жеңіл жүзеді.
Ә) Аққу - тазалық пен нәзіктіктің белгісі.
Б) Аққу әнші құстардың қатарына жатпайды.
В) Аққуды аулауға тыйым салынған.
2. Мәтіннен 2 негізгі, 2 қосымша ақпараттарды анықтаңыз.
Негізгі ақпарат:
1)___________________________________________________________________________________________
2)__________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет