51. Отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің ерекшелігін салыстырыңыз. Нақ осы шақ көрсеткіші ретінде Н.И.Ильминский отыр етістігін ғана алса, М.Терентьев пен Н.Созонтов жатыр етістігін ғана көрсетеді. Ал П.М.Мелиоранский мен И.Лаптев еңбектерінде бұл қалып етістіктері осы шақ көрсеткіштері ретінде берілмеген. Алайда П.М.Мелиоранский көмекші етістіктердің мәнін түсіндірген тұсында қалып етістіктері туралы былай дейді: «Четыре из них (жат, жүр, отыр, тұр) образуют архаические формы настоящего времени... Тұр, отыр, жат и жүр означают длительность данного действия; при употреблении их обыкновенно несколько сообразуется с их первоначальным значением. Впрочем глаголы тұри жат по видимому утрачивают совершенно свое первоначальное значение, как видно из оборотов біліп тұрып айтпады» [Мелиоранский, 32].
Зерттеушінің бұл ойынан отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің шақ жасауға қатысатынын түсінгенін аңғару қиын емес. Алайда ғалым қалып етістіктерін осы шақтың көрсеткіші ретінде танымайды. Бұл қағида кейіннен Ы.Маманов еңбектерінде үндесім тапқан. А.Байтұрсынұлы аталған 4 етістіктің басын қосып, «нағыз осы шақ» деп атайды. Жатыр, жүр, отыр, тұр етістіктерін топтастырып беру жағынан А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлы еңбектері өзара ұқсас. Қ.Кемеңгерұлы аталған етістіктердің іштей мағыналық ерекшелігін аңғарғанымен, ешқандай қосымша жалғанбай-ақ, түбір қалпында тұрып‚ сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекетті, амалды білдіре алатынын негізге алып әрі, екінші жағынан, оқулығы орыс топтарына арналғандықтан, оларға неғұрлым түсінікті де жеңіл болу жағын ескеріп, төрт етістіктің басын біріктірген болуы керек деп ойлаймыз.
І.Кеңесбаев 1939 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» атты оқулығында қалып етістіктері жеке тұрып, жіктік жалғауларын қабылдап немесе негізгі етістіктермен тіркесіп‚ осы шақтың күрделі түрін жасайтынын айтады. Ғалым осы шақ жасауға қатысатын қалып етістіктерін (отыр, тұр, жүр, жатыр) топтастырып бергенімен, ескертпе ретінде былай дейді: «Основные глаголы в сочетании с отыр, тұр, часто указывают на непрерывность непродолжительных действий, совершающихся в данный момент: Мен өлең айтып отырмын. Основные глаголы в сочетании с жүр, жатыр часто указывают на прерывность сравнительно продолжительных действий, совершающихся в настоящем: Мен өлең айтып жүрмін» [І.Кеңесбаев, 77]. Бұдан осы шақ жасауға қатысатын қалыпетістіктерін іштей мағыналық ерекшеліктергежіктеу І.Кеңесбаев еңбектерінде де жалғасынтапқанын көреміз.
Сол сияқты шақ категориясын арнайызерттеген ғалым Т.Қордабаев еңбектерінде деотыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің ерекшелігісөз болады. «Осы шақтың кейбір көрсеткіштерітуралы» деген мақаласында Т.Қордабаев жатыр, жүр, отыр, тұр етістіктерінің морфологиялықортақ қасиеттерін көрсете келіп, шақтықмағыналары жағынан бұл етістіктердіңәрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар екенінайтады. Атап айтқанда: а) жатыр, тұретістіктерінің жанды заттарға да, жансыз заттарғада қолданылатынын, ал жүр, отыр етістіктерініңжанды заттарға қатысты ғана қолданылатынын; ә) жатыр, тұр етістіктері үзілістері болып тұратын, дәл сөйлеу үстінде ол амалдың болып жатпауы дамүмкін екендігін, жалпы «осы кезде болып жүр» деген мағынада қолданылатынын, ал отыр, тұретістіктерінің дәл сөйлеу үстінде, қазір болыпжатқан іс-әрекеттерді білдіру үшін жұмсалатынынайта келіп, соған сәйкес жатыр, жүр етістіктеріарқылы жасалған осы шақты «жалпы осы шақ», алотыр, тұр етістіктерінің қатысуымен жасалғаншақ түрін «нақ осы шақ» деп атауды ұсынады [99, 39-44].
52. Нөлдік форманы сипаттап, нақты мысалдармен дәлелдеңіз.